Сүйіспеншілік бастауы- туған жерді сүю
Сүйіспеншілік бастауы- туған жерді сүю
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.1.5.1 Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) |
Сабақтың критерийлері | 1. Проблемалық сұраққа дәлелді жауап береді. 2. Тақырыпқа қатысты мәселе мен себепті анықтайды. 3. Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіріп дискуссивті эссе жазады. |
Тілдік мақсаттар: | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: туған жер, көркейту, мал шаруашылығы, сүйіспеншілік, махаббат, еңбекқорлық, ата кәсіп. Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. |
Осыған дейін меңгерілген білім | Проблемалық сұрақтар құрастыру дағдысы қалыптасты. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (5 минут) | Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Мақсаттар бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? Дискуссивті эссе қалай жазылады? Бүгін біз нені жақсы жасауымыз керек? Оқушылар сабақтың критерийлерін құрастырады. | |
Сабақтың ортасы (30 минут) | Сыныптық талқылау. Тыңдалым алдындағы тапсырма. Оқушылармен сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме жүргізіледі: Сүйіспеншілік деген сөздің синонимін білеміз бе? Туған жерге деген махаббат қалай көрініс табады? 1.Тыңдалым тапсырмасы. Топтық жұмыс - 7 мин 1- қадам.Бейнежазба тамашалайды. 2-қадам. Конверттегі сұрақтардан проблемалық сұрақтарды іріктеп алып, дәлелді жауап береді. Сұрақтар: 1.Ж. Үшкемпіровтің спорттағы жетістіктері оның болашақ істеріне қалай әсер етті? 2.Ж. Үшкемпіров атағы жер жарған спортшы бола тұрып, не себептен мал шаруашылығымен айналысты? 3. Еліміздегі әрбір ауыл гүлденуі үшін не істеу керек? 4. Ж. Үшкемпіров мал шаруашылығымен айналыспас бұрын немен айналысты? 5. Жақсылықтың негізгі мамандығы қандай? 6. Ж. Үшкемпіров спорттың қай түрімен айналысты? 7. «Жақсылық» шаруа қожалығы қай облыста? 8. Жақсылық ауылына қандай мекемелер салды? 9. Ж. Үшкемпіров қандай мал өсірумен айналысады ? Сыртқа - қарапайым сұрақ ауызша Ішке – проблемалық сұрақ жазбаша ҚБ Бағалау критерийіДескрипторлар Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру,өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 1. Проблемалық сұрақты табады. 2.Мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді. «Менен бір жұлдыз» әдісі бойынша топтар ең жақсы жауапқа жұлдыздарын сыйлайды. 2.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. «5 минуттық эссе» Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін қолданып, ұсынылған тақырыпқа дискуссивті эссе жазады. «Туған ауыл тағдыры ұл-қызының қолында» деген пікірге келісесіз бе? Бағалау критерийі Дескрипторлар Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіріп дискуссивті эссе жазады. 1.Құрылымы мен даму желісін сақтап жазады. 2.Мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсынады. 3. Өз көзқарасын білдіреді Бағалау. «Бағалау терезесі» әдісі арқылы топ мүшелері бірін-бірі тексереді. Кері байланыс. Критерийлерге сай жұмыстар «Автор орындығы» әдісімен жарияланады. | https://www.youtube.com/watch?v=wX_0p5FYZxc "Конверттегі сұрақтар" "Ішке, сыртқа" кестесі |
Сабақтың соңы (5 мин) | Рефлексия «7 МЕН» Қалаған Меннің бірін қолданып, рефлексия жасайды. Мен бүгін Менің ... Маған Мені Менде Менен Менімен Мұғалімнің кері байланысы. |
Пікірлер(0)