Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі.

НУРЖАНОВА КЫЗГАЛДАК КАИРБЕКОВНА
НУРЖАНОВА КЫЗГАЛДАК КАИРБЕКОВНА
Павлодар облысы
Павлодар қ.
ГУ «Средняя общеобразовательная школа №24 города Павлодара»
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Тақырып:

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі.

29.01.2020
234
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту  

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.  

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: Сурет бойынша сөйлей алады. Сөздерді буынға бөлу, буын санын анықтауды біледі. Сурет бойынша сөйлем ойлай алады. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды. Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Футбол, кино, ертегі
 Ишара: Фф әрпін қимылмен көрсету

Күтілетін нәтиже:

ф дыбысы мен әрпін біледі. Дыбыстық талдау жасай алады.

Бағалау критерийлері:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.  

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. 

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Аудио, видеожазба

Пәнаралық байланыс:

музыка

Бастапқы білім:

Дыбыстың не екенін біледі. Дыбысты таңбалап жаза алады. Дыбыстарды айтылуына қарай, бөлінуіне қарай біледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер болып тұра қалайық. "Әрқашан, ешқашан" деген ойын арқылы бірбірімізге жақсы тілектер тілейік. Балалар бір-біріне жақсы тілектер айта отырып, қолдарына білезікті тағады. Жақсы, рақмет балалар. Орындарыңа отыра қойындар.
 Сөздің сыры – көп жұмбақ,
 Шешуін кім табады?
 Кімдер шешсе тез ойлап,
 Сол жеңімпаз болады.
 Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жұмбақ жасыру
 1.Қабат-қабат қапталған,
 Асыл сөзбен апталған.
 Парағы бар сөйлейтін,
 Ол қазына өлмейтін. /Кітап/
 Кітаптарың дайын ба?
 2.Ұшымен қазық,
 Тор көзді жазық.
 Үстіне өттім,
 Асыл сөз жазып. /Дәптер/
 Дәптерлерің дайын ба?
 3.Денесі бар шыбықтан ,
 Темір тұмсық құдықтан.
 Сусын алып ішеді,
 Ойы із боп түседі. /Қалам/
 Қаламдарың дайың ба?  

Сабақтың ортасы

(20 минут)

-Ең алдымен бүгін нешесі екен? /15 ақпан/ Балалар өткен сабағымызды қайталап еске түсіріп алайық. Ол үшін қазір біз «лото» ойынын ойнаймыз.
1)Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
«Я» дыбысы қандай дыбыс?
 2)әріп дегеніміз не?
 3)дыбыс дегеніміз не?
 4) дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
 5) дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
 6) Алдаркөсе, Қожанасыр кімдер?  

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын білу үшін қазір сендерге жұмбақ жасырамын. 1)Бір құлағы сөйлесе,
 Бір құлағы тыңдайды.
 Білсең айтшы ендеше,
 Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон)
 2) Қыста дем алып,жазда тынбайды,
 Көкке атылып,жерге құлайды. (фонтан)
 3)Өңкей сығай екі топта,
 Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
 4)Қыста дем алып, жазда тынбайды,
 Көкке атылып, жерге құлайды. (Футбол)
 -Осы телефон, фонтан, футбол сөздерінде қандай дыбыс бізге таныс емес? 
 -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ф» дыбысы мен әрпі.
 -Сабақтың мақсатын хабарлау: Балалар біздің қазіргі сабағымыздың мақсаты қандай?
-Қане барлығымыз бірге «ф» дыбысын бірге айтайықшы.
 -Қай дыбыстың түріне жатады?
 -Әріптің баспа, жазбаша түрімен таныстыру.
Ф дыбысының суретін көрсету.
 -Видеоролик көрсету.
 -«Ф» дыбысы неге ұқсайды. Суреттер көрсету.
 -Біздің сыныпта кімнің есіміңде «ф» дыбысы кездеседі?
 ОҚЫЛЫМ. -Оқулығымыздың 103 бетін ашамыз. 1-тапсырмада берілген сөздерді буындап, тұтастай оқыту. Және суреттер көрсетіп отыру.
 -Қане балалар сөздерді қалай оқып шықтық. Алдарында жатқан бағдаршамның түстерімен әр топ бір-бірімізді бағалай қоямыз. Өлеңді мәнерлеп оқу. Футбол, кино, ертегі
– Бірі қызық бірінен, Қуат ұзақ елтеді, Айнымай сол күйінен.
 -Балалар Қуаттың қылығы дұрыс па? Неге?

 -«Алдар көсе мен ұры» мультфильімін естеріңе түсіріңдер. Қазір мына берілген суреттер бойынша әңгімелейміз. «Кір жаю» әдісі.
ЖАЗЫЛЫМ. -Мәтінді ары қарай жалғастырыңыздар. Бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алды.... -Қазақтың ұлттық биі қандай? - Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды ? -Қазақ ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. -Ендеше қазір бәріміз «Қара жорға» биін орындаймыз.    

Сабақтың соңы

(10 минут)

Шығармашылық тапсырма.
 1-топ: «Сөз ойла,тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау,жазу.)
 2-топ: «Адасқан буындар»(берілген буындардан сөздер құрау)
 3-топ: «Қай әріпті жоғалттым?»(көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
 4-топ: «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»(берілген суреттерге сөйлем құрау.)
 5-топ: «футбол» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.   
Әр топқа берілген тапсырманы қалай орындадыңдар екен?
Әр топ бір-бірлеріңді саусақпен бағалай қояйық.
 -Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
 -Сендерге сабақ түсінікті болды ма?
 -Дұрыс жазылған “Ф” әрпін көрсет. (Суреттер көрсету)
 -«Ф» дыбысы қай ауылдың тұрғыны екен?  

Рефлексия

(5 минут)

 «Тілек ағашы» арқылы балалар өз-өздерің бағалайды. 

  Үйге тапсырма: «Ф» дыбысын оқу, жазу.

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі

(40 минут)

1 сыныптың сауат ашу пәнінен "ф дыбысы мен әрпі" туралы ашық сабақ жоспары. 

Файлдар:

Файлды ару Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі

Пікірлер(0)