Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Осы сабақта жететін мақсаттар (оқу жоспарына сілтеме) | 5.1.3.1 -ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу |
Оқу мақсаттары | Оқушылардың қолжетімді файлдардың жұмыс істеу дағдыларын дамыту. |
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар: - оқушылар тақырыптар бойынша компьютерді пайдаланып түрлі жобалар жасай алады, жобаны іске асыру үшін қажетті ақпаратты таба алады және іріктейді, Аяқталған жобаның бағалау критерийлерін талқылайды және толықтырады. Көптеген оқушылар: - ақпараттарды талдайды, жобаны құруды үйренеді, компьютерлік бағдарламалар арқылы практикалық жұмыстар орындайды. Кейбір оқушылар: - Білімді жинақтайды, оқып үйренгендерін практикада қолдана алады |
Бағалау критерийі | - Әлемді өзгерткен жаңалықтар мәселесін талқылайды - Жоба тақырыбын таңдау себептерін атайды -өз жобасына қажетті кілтті сөздерді сипаттайды -жобаның таңдалған критерийлерге сәйкестігін анықтайды |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология -проект, ақпаратты іздеу, зерттеу, жоба этаптары Диалог/жазылым үшін қажетті тілдік бірліктер: Интернеттен пайдаланылған ақпараттардын сілтемесін көрсету қажет • Өзгенің ойын көшіріп алу …..деп атайды • Академиялық адалдық сақтау бұл… |
Құндылықтарға баулу | Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, тарих |
Алдынғы білім | процессор мен қатты дискінің қызметін, программалық қамтамасыз ету жолдарын біледі |
Ресурстар | 1.Информатика-оқулық 5 сыныпқа Г. А. Көпеева, Ү.М. Ділманова – Арман ПВ баспасы 2017, ІІ тарау Компьютер және қауіпсіздік, 44 – 46 беттер, сабаққа катысты суреттер, |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақ басы (5 минут) | Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды мозайка арқылы топқа бөлу Бір-бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен білдірейік. Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. Топтастыру: 1-топ: Медицина 2-топ: Интернет 3-топ: Роботтар | |
Сабақтың ортасы (22 минут) | Тапсырма №1 «Джигсо» әдісі арқылы «Әлемді өзгерткен жаңалықтар!» тақырыбында өз ойларын ортаға салады. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау Жасыл – тақырыпты толық аша алды Сары – тақырыпты толық аша алмады Қызыл – тақырыпты мүлде ашқан жоқ Тапсырма № 2 «Ақпараттық техника саласындағы жаңалықтар» тақырыбы бойынша кітапша жасау Талаптары: 1. Word мәтіндік редакторын пайдалану 2. Кітапшаға мектептерінің бірнеше суреттерін қою 3. Кітаптың мұқабасын әсемдеп жасау 4. «Ақпараттық техника саласындағы жаңалықтар» тақырыбы бойынша шағын эссе жазу 5. Кітапшаның мазмұнын жасау. Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Ойлан – жұптас - бөліс» әдісі Екі жұлдыз, бір тілек Тапсырма № 3 «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына тұсаукесер дайындау Талаптары: 1. Power Point программасын пайдалану, 2. Медицина саласындағы жаңа заманауи аппараттармен құрылғылардың суреттерін жүктеу 3. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына мәліметтер жазу 4. Тұсаукесерді безендіру, сақтау Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Уақыт шеңбері» әдісі Көңіл күй смайликтер арқылы бағалау | |
Сабақтың аяқталуы (3 минут) | «Серпілген сауал» әдісі - Айжан Арнұрдың жобасы туралы не айтасың? - Жанаттың жобасын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? - Қанат естігеніңнің барлығын бір жобаға қалай біріктіруге болады? «Досыма сыйлық» әдісі қолданылады. Сабақта жанындағы досы белсенді қатысса сыйлық ұсынады. Егерде белсенділік танытпаса жақсы тілек айтады Дискриптор - Сурет арқылы «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» тақырыбына топтық талқылау жасады. Тақырыптың мазмұнын толық аша алды. Кері байланыс: «Табыс ағашы» Сабақ соңында бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін жазып, стикерлерге жазып, табыс ағашына іледі |
Пікірлер(0)