Еңбек құқық түсінігі

Байтикенова Умутгуль Какимбековна
Байтикенова Умутгуль Какимбековна
Қостанай
Қостанай
Гимназия им.С.Мауленова
Құқық негіздері
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Құқық түсінігі
Тақырып:

Еңбек құқық түсінігі

29.01.2020
58
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

9.4.1.1 ¬ еңбек құқығы ұғымын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Еңбек құқығы туралы біледі және оның қажеттілігін түсінеді

Тілдік мақсаттар:

«Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасы (айтылым, тыңдалым дағдылары) 

«Еңбек: құқық па, әлде міндет пе?» тақырыбында шағын ой-толғау жазу (жазылым дағдысы)  

Күтілетін нәтиже:

Конституция ерікті еңбек құқығының сақталуына беретін кепілдерді анықтай алады

ҚР Конституциясының 24-бабының тармақтарына бір мысалдан (проблемалық жағдаят пен оның шешімі) келтіре алады.  

Бағалау критерийлері:

Конституция ерікті еңбек құқығының сақталуына беретін кепілдерді анықтайды.

ҚР Конституциясының 24-бабының тармақтарына бір мысалдан (проблемалық жағдаят пен оның шешімі) келтіреді.  

Құндылықтарды дарыту:

Жауапкершілік, адалдық

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интернет ресурстарынан қажетті ақпаратты ала білу, арнайы сайттармен қолдана алу

Пәнаралық байланыс:

Өзін өзі тану пәні, өнер, экономика

Бастапқы білім:

Құқық салалары бойынша түсініктері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

М Сабаққа кіріспе жасаңыз. 1 тапсырма: Еңбектің адам өмірінде алатын орны мен маңызы жайлы үлгі–өнеге беретін аңыз немесе оқиғаны талданады. Б Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады: 1. Берілген аңыз не туралы? 2. Сіз оны қалай түсінесіз? 3. Қандай ой түюге болады?

Дескриптор: - Аңыз мазмұнын түсінеді - Аңыздағы негізгі мәселені анықтай алады - Өз ойының жеткізеді  

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

(25 минут)

Б/Т Еңбек құқығы саласын зерделеу маған не береді деген сұрақ аясында «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын орындайды.

2 тапсырма: Еңбек туралы мақал мәтелдер, өмірден мысалдар келтіре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді: 1. Мақалдардың шығу себептері неліктен қажет болды? 2. Неге адамдар осындай мақал-мәтелдерді өмірлерінде қолданды?

Дескриптор: - Мақал-мәтелдердің түпкі ойын түсінеді - Мақал-мәтелдердің еңбек мәселесін жеткізу жолдарын талдай алады Ж\Т Еңбек жайлы өзіндік ойлануға мүмкіндік беріледі, жұппен, ал одан кейін көрші жұппен ойларымен бөліседі. 3 тапсырма: анықтаманы өз сөзімен түсіндіру. Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы.

Т Төрт топ құралады. Олар ҚР Конституциясының 24-бабының 4-тармағын оқып, мағынасын түсіндіреді.

Дескриптор: - Мәтінді оқиды және түсінеді - Мәтіндегі ойды анықтайды және қолдана алады

4 тапсырма: Т Топтар бап тармақтарына сәйкес проблемалық жағдаяттарды ойлап тауып, басқа топтардан шешімдерін табуды жасайды. Дескриптор: 1. кәсіпті еркін таңдау көрсетеді 2. еңбектегі теңдік біледі 3. еңбек дауларын шешу мәселесін талдайды 4. тынығуға құқылы екендігін бағалайды  

Үлестірме қағаз, оқулық, қосымша мәлімет

Сабақтың соңы

(5 минут)

Шағын пікір талас ұйымдастыру Б «Еңбек: құқық па, әлде міндет пе?» екі тұжырымның біреуін дәлелдеңіз.

Дескриптор: 1. Еңбек ұғымын біледі және түсінеді 2. Еңбекке қатысты мәселені анықтайды және талдайды 3. Еңбек пен міндетті өзара ажыратып, бағалайды  

Оқулық

Рефлексия

(5 минут)

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет   

Рефлексия парағы

Пікірлер(0)