Үшбұрыштар ауданы

Байкадамова Ботакөз Бертскановна
Байкадамова Ботакөз Бертскановна
Қостанай
Қостанай
Гимназия им.С.Мауленова
Геометрия
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Фигураның ауданы
Тақырып:

Үшбұрыштар ауданы

29.01.2020
515
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақтың мақсаты 8.3.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақ мақсаттары - үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласын қорытып шығару; - үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласын қолдану.  
Бағалау критерийлері - Герон формуласын қорытып шығару; - үшбұрыштың ауданын табу үшін Герон формуласын қолдану; - үшбұрыштың ауданын табуға арналған есептерді шешеді.  
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты лексика мен терминология: шама, өлшем бірлігі; ені, ауданы; периметр, үшбұрыштың жарты периметрі; жазық фигура; тең шамалы фигуралар, тең фигуралар; көпбұрыштың ауданы; үшбұрыштың ауданы; төртбұрыштың ауданы; параллелограммның ауданы; квадраттың ауданы; тікбұрыштың ауданы; ромбтың ауданы, Герон формуласы ­ Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: ­ үшбұрыштың /квадраттың/ тікбұрыштың / параллелограммның/ромбтың/трапецияның ауданын табу үшін... ­ үшбұрыштың ауданын есептеу үшін, .... керек ­ Формуланы қолдану үшін …. керек Егер квадраттың қабырғасын k рет кішірейтсе, онда оның ауданы …    

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин)

1. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің әрекеті оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған. Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың/оқытудың мақсаттарын, «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды.     презентация

Сабақтың ортасы

(5 мин)

Үшбұрыштың ауданын табуға арналған негізгі формулаларды қайталау. Фронталды жұмыс. Білімді белсендіру үшін мұғалім үшбұрыштың ауданын табуға арналған негізгі формулаларды қайталауды ұсынады. Оқушылар үшбұрыштың ауданын табуға арналған алдыңғы сабақтарда қарастырылған формулалардың ауызша тұжырымдарын көрсетеді. Сызбалар мен формулалармен слайдттарды көрсету материалды визуалды қабылдауға ықпал етеді. Содан кейін мұғалім слайдта үшбұрыштың сызбасын және қатемен жазылған ауданды табудың формуласын ұсынады және оқушыларды бұл формуланың дұрыс емес екенін анықтауға және түсіндіруге шақырады. Мұндай тапсырмалар қарастырылып отырған материалды жақсы түсінуге ықпал етеді.   презентация

Сергіту сәті.

(5 мин)

Сергіту сәті. Фронталды жұмыс. Презентация слайдтарында есептерді ауызша шешу. Оқушылар есептерді ауызша шығарады, мұғалім бақылайды және шешімдерге түсініктеме береді.  презентация

Жаңа материалды меңгеру.

(13 мин)

Жаңа материалды меңгеру. Мұғалім оқушылармен бірге Пифагор теоремасын және үшбұрыштың ауданы формуласын қолдана отырып, Герон формуласын қорытып шығады . Мұғалім формуланы қорытып шығарады, оқушыларға сұрақ қою арқылы күрделі кезеңдерді түсіндіреді.   https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/ushburyshtyng-audany?mid=37:simple    

Есептерді шешу

(12 мин)

Есептерді шешу. Жұппен жұмыс. Оқушылар тапсырмаларды жұппен орындайды, шешімдерді талқылайды, бір-біріне кеңес береді. Тапсырмаларды аяқтағаннан кейін, оқушылардың жұбы арасында дәптерлерін айырбастап, өзара тексеру жүргізіледі (мұғалімнің берген дұрыс жауаптарының негізінде). Мұғалім оқушылардың жұмыстарына түсініктеме береді, қажет болған жағдайда шешімдерді түзетеді, кері байланыс жүргізеді. Тапсырманы тез орындаған оқушыларға, мұғалім қосымша есептер береді.   https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/ushburyshtyng-audany?mid=37:simple    

Сабақтың соңы

(3 мин)

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға қорытындылауға, қиындықтарға назар аударуға, қиындықтардың себептерін анықтауды сұрайды. Үй жұмысы   презентация

Файлдар:

Файлды ару Үшбұрыштар ауданы

Пікірлер(0)