Ата -баба мұрасын құрметтейміз
Әдебиеттік оқу
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мәдени мұра
Тақырып:
Ата -баба мұрасын құрметтейміз
01.12.2019
420
11
ата-баба мұрасын құрметтейміз | 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба,диафильм, Таныстырылым түрінде ұсыну Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды. Тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстарын орындап, сызба, сурет арқылы көрсетеді. Тақырыпқа қатысты өз ұсынысын білдіріп, дәлелдермен негіздейді. Оқушылардың басым бөлігі: Өлең мазмұнын өз сөздерімен баяндап жазады. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты қорытынды жасап, баға береді. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
ата-баба мұрасын құрметтейміз |
Басталуы Қызығушылықты ояту (МК) «Амандасу салтымыз, Бармысыздар, жалпыңыз. Бағалыны артына, Қалдырған екен халқымыз», – дегендей, қазақ халқының ата-баба мұрасы өте бай. Шығармашылық сабағымызды бастамас бұрын ғылым-білімге қатысты және өнерге қатысты заттарды топтастыру арқылы екі топқа бөлініп алайық. 1-топ: «Ғылым-білім» 2-топ: «Саз-шебер» (Топ басшысы тағайындалып, топ ережесімен таныстырылып бағалау парағы беріледі.) Бүгінгі сабағымызда ата- баба мұрасынан көп мағлұмат беретін еліміздегі кереметтей мұражайларымызға, кесенелерімізге саяхаттайтын боламыз. Бірінші аялдамамызға келіп жеттік. Бұл кімнің кесенесі? Ол туралы не білеміз? Бұл қай қалада және ол қала туралы не білеміз? I. Өткен сабақты пысықтау. Оқушыларға тест сұрақтары беріледі.Дұрыс деп есептеген жауаптарын белгілейді. Өзара екі топ бір –бірлерін дұрыс жауаптары арқылы тексереді. Нәтижесін талқылау. Қ.Б. Әр топтан бір оқушы пікірін білдіру арқылы бағаланады. II. Мағынаны тану Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Әр топ өз атауларына байланысты шығармашылық жұмыс жасайды. 1-топ: «Ғылым-білім» Ата бабамыз қалдырған мұрамызбен таныстыру. Шежіре туралы зерттеулерін баяндайды. Жеті атасын айту. Дескрипторы: 1. Қазақтан шыққан ғалымдар туралы біледі. 2. Шығу тегін айта алады. Жеті атасын жатқа айтады. 2-топ: «Саз-шебер». Ұлттық саз аспаптары, зергерлік бұйымдар туралы зерттеулері. Күй орындау. Халық әнін айтады. Дескрипторы: 1. Қазақ халқының ұлттық зергерлік бұйымдарының атын топтастырып жазады. Әр бұйым жайлы түсініктеме береді. 2. Саз аспаптарын таниды. Аспапты қолданады. Ән орындайды. ҚБ: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау Ортасы Аяқталуы Екінші аялдама «Абай мұражайы» Абай атамыздың туғанына биыл неше жыл? Қай өңірде дүниеге келген? (ТЖ) «Көз жүгірту» әдісі бойынша Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтармен танысып, топпен талқылап, баяндау. Тыңдалым. Өлеңді аудио тыңдау. (Ұ) «Түсініп оқы» айдары бойынша «Біз – қазақ баласы» атты өлеңді оқушылар шумақтарға бөліп оқиды. Әр шумақтан соң талдау жасалып, мағынасы ашылып отырады. Дескрипторы: -Сауатты, мәнерлеп оқиды. -Мазмұнын түсінеді. (Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша «Мирас», «Білген ат бағасын» деген сөз тіркесінің мағынасын ашады. Мирас – атадан әкеге, әкеден балаға қалатын мұра. Білген ат бағасын – бұл жерде жылқы малын жақсы көрген деген мағынада. (Т, МК)«Сұрақ-жауап» әдісі 1. Өлең кейіпкері өз ұлтының қандай мұрасын мақтан еткен? 2. Өлеңде аталар мирасы туралы не айтылған? Мақсаты: Осы сұрақтардың жауабын топ болып іздейді. Әр сұрақтың мүмкін жауаптарының бәрі қарастырылады. Мұғалімнің көмегімен ортақ шешімге келеді. Тиімділігі: Оқушылар сұрақтың мүмкін жауаптарының барлығын қарастырып, ой елегінен өткізіп отыру дағдыларын арттырады. Үшінші аялдама. Біздің өлкеміздегі Бөкей Ордасы ауданындағы Жәңгір хан мұражайы. Ол туралы не білеміз? Махамбет пен Исатай туралы не білеміз? Мәншүк батыр апамыз да осы өңірде дүниеге келген екен. (ТЖ) «Постер» қорғау арқылы тапсырма орындау 1-топ. Өлеңде келтірілген ата-баба мұрасы.Соның ішінде «Кең байтақ дала» және ғылым-білім туралы постер қорғайды. 2-топ. Айтыс өнері және жылқы туралы постер қорғау. Дескрипторы: 1. Өз білімдерін толықтырады. Жер қадірін түсінеді. 2. Айтыс өнері және жылқы жайлы білгендерін ортаға салады. ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі бойынша жүзеге асады. Дәптермен жұмыс: Соңғы аялдамамызда Орал қаласына ораламыз. Өз қаламыздағы өлкетану мұражайы. Үлгіге қарап өлеңнің таңдаған екі шумағының мазмұнын қысқаша жазады. Үлгі Шумақ мазмұны Бабалар мұрасы, Қазақтың кең даласы – ата- Аталар мирасы – бабаларымыздың бізге қалдырған Бар байтақ даласы, мұрасы. Біз – осы жердің иесіміз. Біз – қазақ баласы. Дескрипторы: Түсінгенін өз сөзімен жаза алады. Рефлексия (Ж, МК)«Қорытындыла» айдары бойынша «Идеялар тақтасы» әдісі жүргізіледі. «Қазақтың жақсы дәстүрлерін сақтап, жалғастыру үшін не істер едің?» деген сұраққа қатысты әр оқушы өз ұсынысын жазып, идеялар тақтасына іледі. Дескрипторы: 1. Қазақтың жақсы дәстүрлерін жалғастыру үшін әр оқушы өзі не істейтіндігін жазады. 2. Өз ұсынысын ұжымға жариялап оқиды. ҚБ:«Смайлдер» әдісі бойынша әр оқушы өзіне ұнаған жауапқа белгі жапсыру арқылы қолдау көрсету жүзеге асады. Бағалау: Топ басшыларын бағалау парағын талқылайды. Үйге тапсырма: Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап ал. Жарайсыңдар, оқушылар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сіздерге қаламыздағы «Өлкетану мұражайына» билет таратайын. |
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Диалог және қолдау көрсету: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «Отшашу», «Ду қол шапалақ», «Смайлдер»
Файлдар:
Файлды ару
Ата-баба мұрасын құрметтейміз
Пікірлер(0)