Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері

Боранкулова Айсауле Танаткановна
Боранкулова Айсауле Танаткановна
Ақтөбе
Ақтөбе
Енбекшинская школа-сад
Қазақстан тарихы
Сынып:
10-сынып
Бөлім:
Ұлы Дала көшпенділерінің империялары
Тақырып:

Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері

29.01.2020
130
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;

10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;

10.3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;

10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау  

Сабақтың мақсаты:

Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика мен терминология

• Халық

• Консолидация

• этносаяси бірлестік

• этнос

• этноним

• ұлт

• миграция

• ассимиляция

• әлеумет

• әлеуметтік топ

• ақсүйектер

• қара сүйектер

• мүліктік теңсіздік

• жер иелену түрлері

• қағанат

• қаған

• «он-оқ бұдын»

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері: Түркі тайпаларының миграциясының себептері... ...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады... Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/ экономикалық/ саяси/мәдени болып табылады. Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді. Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы... Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені… Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…    

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, Отан тарихы мен Түркі империясы саясатын талдау барысында жүзеге асады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс:

География картамен жұмыс, қазақ әдебиеті ойын жинақтап эссе жазу.

Бастапқы білім:

Түрік тайпаларының миграциясының әсерін біледі. Баға береді. Ортағасырлық мемлекеттердің территориясын картадан көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(Қызығушылықты ояту 4 минут)

Б Ұйымдастыру сәті Өткен күн, кеше, - тарих, Келер күн, ертең, - сыр, Ал, бүгінгі күн – үлкен сый. 1) Өткен тақырыпты қайталау.Мұғалім өткен тақырыпты қайталау мақсатында 5 кілттік сөзді интерактивті тақтадан көрсетіп, өткенге шолу жасайды.

2) (БЫМ) Интерактивті тақтада көрсетілген суреттердің бір-бірімен балайнысын табуы қажет.

3) Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттарымен оқушыларға таныстырылады.

4) Мәтінмен жұмыс. Оқушылар ортағасырлық қағанаттар туралы ақпаратты оқып, кесте толтырады.  

5e317cfb1639d.png

Дескриптор

1. VI-IX ғғ. мемлекеттерді, олардың өмір сүрген жылдарын, территориясын, негізін қалаушылары мен билеушілерін кестеде жүйелі түрде айқындай алады.

2. Орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің өзара сабақтастығын ажыратып көрсетеді.     

Презентация Карточкалар Түркі жазбалары туралыhttp: //videolike.org/view/yt=5b5xU;BBNf3 Таратпа материалдар Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-IIт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж. Гумилев Л. Н. Көне түркілер. - А., 1994 ж. http://e-history.kz/kz/contents/list/87(орта ғасырлардағы Қазақстан )    

Сабақтың ортасы

(Мағынаны тану 27 мин)

5) Картамен жұмыс.Оқушылар кескін картаға ортағасырлық қағанаттарды түсіреді.

5e317e3a346f8.png

Бағалау критерийлері:

1. Батыс Түрік қағанаты территориясы мен астанасын айқындай алады

2. Түргеш мемлекетінің территориясы мен астанасын көрсете алады.

3. Қарлұқ қағанатының территориясы мен астанасын айқындай алады.     

6) Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға Бумын, Сұлу, Үшлік, Тон қағандар туралы төрт бөліктен тұратын мәтін таратылады. Мұғалімнің нұсқаулығымен 2 мин ішінде бір бөлікті оқып, интерактивті тақтада сұраққа жауап береді.Осылайша 4 мәтінді игереді.

5e317e7255120.png

6) Т/Ж. Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ өзінің қағаны туралы мынадай кестені толтырады. 


7) Бейне көрсетілім.Мұғалім оқушыларға Көне түркі жазбалар туралы бейне көрсетілім көрсетіледі. Түртіп алу стратегиясы  

 Видеороликті көріп отырып, сұраққа жауап жазу

 1. 1893 жылы Күлтегін жырын кім ашты?

 2. Ең алғашқы ашылған құпия сөздерді ата

 3. Бұл ескерткіштер қай билеушлердің құрметіне арналған?

 4. Күлтегін батыр туралы жыр авторы

 5. Күлтегін жыры қанша топтамадан тұрады?

 6. Әр топтаманың қандай элементтері бар?   

8) Суреттер сөйлейді.Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларға суреттер тізбегін көрсетеді. Оқушы сол суреттердің біреуін таңдап, екі сұраққа жауап береді.

  Агенттік аты жазылған парақ https://e-history.kz/kz/chronology/event/44 «Қөзқарас- тар тайталасы»жазылған парақ      

Сабақтың соңы

(Ой толғау 5 минут)

Қорытынды

Сабақтың мақсатына қол жеткізу нәтижесі   

  Стикерлер  

Рефлексия

(4 минут)

РЕФЛЕКСИЯ МЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС «ҮЛКЕН ШЕҢБЕР» ТӘСІЛІ

Бүгін не білдіңіз?

Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.  

Үй тапсырмасы

Эссе «Түркі империясының мұрагерлері». (200-300 сөз).  

Файлдар:

Файлды ару Түркі империясы

Пікірлер(0)