Табиғи ресурс түрлері. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Пунктуация
Тақырып:
Табиғи ресурс түрлері. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.
03.12.2019
277
6
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау. 9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолдану |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (4 минут) |

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды түгендеу Психологиялық ахуал. "Мақсатқа жеткізетін түрлі түсті көпір». Әр оқушыға тілек жазуға стикер таратылады, тілектерден түрлі түсті көпір құрастыра отырып, өз сыныптасын қолын беру арқылы«көпірден» өткізеді. Топқа бөлу.Суреттер арқылы топқа бөлу. Суреттердің мағынасын түсіндіру

Миға шабуыл. Бейнежазбаға көңіл бөліңдер. Оқушылар бейнежазбада берілген мәліметті тыңдай отырып, сабақтың тақырыбына шығады.

1-тапсырма.Табиғи ресурстар және оның түрлеріне шолу жасаңдар.

Т 1 топ.Табиғи ресурстар, олардың сарқылатын, сарқылмайтынтүрлерін екі бағанға дәлелдеп жазыңдар. Оқушылар берілген кестені өз түсініктері бойынша толтырады. Сарқылмайтын Сарқылатын Күн энергиясы Темір

2-топ.«ЭСӘТ талдау» әдісі. Табиғи ресурс түрлерінің әсері Оқушылар берілген тақырыпқа сыртқы ортаның әсерін сараптайды. Э(экономикалық) С(саяси) Ә(әлеуметтік) Т(технологиялық)

3- топ.«Суреттер сөйлейді» әдісі. Берілген суреттер арқылы қандай табиғат ресурстары берілгенін талқылаңдар. Оқушылар суреттер арқылы өз ойларын ортаға салады.

Дескриптор:

Мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра алады

Мәселелерді өмірмен байланыстыра алады

Мағынасын дәлелдеп түсіндіреді.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар бір-бірінің жұмысын спикерге екі жағымды жағын және бір ұсынысын айтып бағалайды.

Оқылым алды тапсырмалар.Презентация арқылы қосымшалар материалдар ұсынылады. Оқушылар сұрақтарын қояды.

2-тапсырма. Т. . «Концептуалды кесте» әдісі. Әр түрлі ғылыми еңбектерден алынған деректерге сүйене отырып, сілтеме жасаңдар, кестені толтырыңдар.

1-топ. Болашақ ұрпақ үшін (ғаламтор арқылы)

2-топ Табиғи ресурстар (оқулықтағы мәтін)

3-топЕкібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нен 44,5 миллион тонна көмір жөнелтілді. «Егемен Қазақстан» газет

Оқылым кезіндеБерілген кестені толтырады. Оқушылар берілген деректерді оқып, кестені толтырады.

Тақырыпқа ат қою

Қозғалған мәселелер

Табиғат пен адам байланысы

Қай стильде жазылған

Оқылымнан кейін. Сұрақтар қою арқылы топтың жұмысы қорытындыланады. Мәтін не туралы? Қандай мәселелер қамтылған? Қай тұсы саған ерекше әсер етті?

Дескриптор:

ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолданады

Тақырыпқа ат қояды

Қозғалған мәселелерді жазады

Байланысын табады

Стиль түрін жазады

ҚБ:«3,2,1» әдісі.Әр топ бір-біріне жұмысының 3-білген нәрсе, 2 қызықты ақпарат, 1 түсінбеген тұсын айтады.

3-тапсырма. Берілген мәтіндерден құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне көңіл бөліңдер. 1 сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. Ж

1-топ: Даралаушы қызмет атқаратын (сөйлем соңында)

2-топ: Ерекшелеуші қызмет атқаратын (сөйлем ішінде)

3-топ Ойдың ара жігін ажырату қызметін атқаратын (құрмалас сөйлемдерде)

Дескриптор:

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады

Мәтіндегі тыныс белгілерін атайды

Түрлеріне қарай ажыратады

Синтаксистік талдауын толық жасайды.

ҚБ: «Үш шындықпен, бір жалған» әдісі. Жұмысында үш дұрыс орындалған, келісетін тұстарын айтады, бір жалғанда қате жіберілген жері айтылады.

Табиғат ресурстары туралы ақпаратты негізге алып, «Жылдам дебат» әдісімен пікір алмасыңдар.

1 топ: «Адамзат өз игілігі үшін табиғат ресурстарын қалағанша пайдалану керек

2-топ: Болашақ ұрпақтың қамы үшін табиғат ресурстарын үнемдеп пайдаланған абзал. Кері байланыс: «5-5-1» әдісі. Ж Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемнен 5 сөз шығарады. Соңында 5 сөзден 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Үй жұмысы:

1. «Табиғат –тіршілік көзі» тақырыбы бойынша эссе жазу

2. Жазылған эсседен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Оқушыларға берілген тақырып бойынша тірек сызба, кесте толтыру, суреттер арқылы жұмыс барысында өз ойларын ортаға салуға негізделген. Қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде сыни ойлау білдіріп, топ мүшелерінің ойын қорытындылау бағытталған.

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақта «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, «Сэндвич» әдістері бойынша оқушылардың жұмысары бағаланады. Бағалау барысында сәтті тұстары мен мен сәтсіз тұстары айқындалады. Оқушыларды алға ілгерлеуге негізделген.

Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс Сабақ барысында география, өлкетану пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. АКТ мүмкіндіктері тиімді пайдаланды. Сабақта түрлі өмірлік жағдаяттарға байланысты өз көзқарастарын білдіреді. Берілген ақпаратты тиімді қолдануға, түрлі мәтіндерді өздігінен оқуға, өзіндік қорытынды жасауға, идеялармен еркін бөлісуге бағытталған.

Файлдар:
Файлды ару
КМЖ Базылбаева Эльмира Май ауданы Жалтыр ОМ
Пікірлер(0)