Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы
Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау; 9.1.5.2 әр түрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру |
| Сабақтың мақсаты: | 1. Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жинақтайды. 2. Әр түрлі графика тәсілдерін қолданады.(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданады). 3. Өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құрады. |
| Тілдік мақсаттар: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: пішіндер, дизайн, графика тәсілдері т.б. |
| Күтілетін нәтиже: | Білу және түсіну, қолдану. Жоғары деңгей дағдылары |
| Бағалау критерийлері: | - Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындайды. - Әр түрлі графика тәсілдерін қолданады.. - Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданады. - Өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құрады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет көрсетуге баулу Қоршаған ортаға деген оң көзқарасын дамыту. ( ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ). |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | АКТ қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіре отырып оны сақтау . |
| Пәнаралық байланыс: | Информатика- ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданады. Өзін-өзі тану- өзіндік баға беріп, өз көзқарасын білдіреді. |
| Бастапқы білім: | Сәулет өнерінің үздік туындылары. Заманауи сәулет өнері. Қазақстан сәулет өнері. (заманауи және тарихи) |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
Сабақ барысында: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың зейінін шоғырландыру. С. Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл» әдісі - Бұл қай қала? - Суреттегі қандай ғимараттар ? -Бұл ғимараттар қалай салынады?(бірден салына ма,әлде жобалана ма? - Сәулет өнер туралы не білесіздер? Ендеше,бүгінігі сабағымыздың тақырыбы: Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы ,сызбасы |
|
|
Сабақтың ортасы (30 минут) |
1-тапсырма Ж. "Менің болашақ..." (қиялға ерік беру). Оқушыларға ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып, қазіргі заманауи үлгідегі үйлердің немесе ғимараттардың нобайын / қасбетін/ сызбасын орындап, өз жұмыстарын қорғайды. Бағалау критерийі: -Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану. - Қазіргі заманауи үлгідегі үйлер мен ғимараттардың нобайын / қасбетін/ сызасын орындау. - Оқушылар өз жұмыстарын қорғау. Дескриптор: - Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданады. - Қазіргі заманауи үлгідегі үйлердің немесе ғимараттардың нобайын / қасбетін/ сызады. - Өз жұмыстарын қорғайды. ҚБ. « Жарайсыңдар» /бірін-бірі бағалау/ 2-тапсырма. ТЖ «Сұраққа жетіп ал» әдісі. Сәулет өнеріне сипаттама беру; Сәулет өнерінің 3 қасиетін ата; Ақпарат көздерін пайдалану арқылы оқулықта берілген суреттегі сәулет ескерткіштеріне таныстырылым жасау; Бағалау критерийі: - Сәулет өнері жайлы білу; - Сәулет өнерінің қасиеттерін талдау; - Ақпарат көздерінің тиімді жолдарын пайдаланау; Дескриптор: - Оқушылар сәулет өнері туралы біледі; - Сәулет өнерінің қасиеттерін талдайды; - Ақпарат көздерін тиімді пайдаланады; ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» /Жұптар бірін-бірі бағалалайды /өзі таңдаған жұпқа/ |
|
|
Сабақтың соңы (3 минут) |
Саралаудың әдістерін «Миға шабуыл» және «Сұраққа жетіп ал» әдістерін қолданамын. «БББ» кестесі бойынша рефлексия жасап қорытындыланады. Бұл әдіс – тәсілдер арқылы оқушылар ойын еркін жеткізе отырып, жекелей, топтасып сұрақтарға жауап береді. Тақырыптың өзектілігін айқындайды, көзқарасын білдіреді. Нәтижесінде оқушы оқу мақсатына қол жеткізеді |
|
|
Рефлексия (2 минут) |
Рефлексия "БББ" кестесі Білетінім Білгенім Білгім келеді |
Пікірлер(0)