Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 5. Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады: • Шығарма мазмұнымен таныса отырып, тірек ұғымдарды таба алады. • Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын анықтайды. • Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ұсынады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды ажырата алады (метафора). • Оқушылар мәтін мазмұны бойынша тың идеялар ұсына алады. Кейбір оқушылар орындай алады: • А.Байтұрсынұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи сипатын түсіндіре алады. • Өлең идеясын өз сөзімен тұжырымдай алады. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Өлеңнің мазмұнының идеясы мен тақырыбын түсінеді. • Әдеби-теориялық ұғымды есте сақтайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Адамдық тұқымы, көңілін көгерту, қор болған еңбек, диқаншы, садақа, жүндеу, қамыт, жасық, бейнет, зейнет, таяққа еті үйрену, метафора, алмастыру. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Адамдық диқаншысы, Ахмет Байтұрсынұлы, «Малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы», қамыт кию, қамшы жеу, сөз маржаны. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Ақын өлеңді неліктен «Адамдық диқаншысы» деп атады? 2. Диқаншы деген кімдер? 3. Диқаншы мен «Адамдық диқаншысы» өлеңінің арасында қандай байланыс бар? |
| Бағалау критерийлері: | Кейбір оқушылар орындай алады: • А.Байтұрсынұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи сипатын түсіндіре алады. • Өлең идеясын өз сөзімен тұжырымдай алады. • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады. • Әңгіменің мазмұндық тақырыбы мен идеясын ажырата алады. |
| Құндылықтарды дарыту: | «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын сақтау, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну. |
| Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, Тарих, Өзін-өзі тану, Биология. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (7 мин) |
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесемін. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалаймын. 3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір-бірінің жақсы мінез-құлық қасиеттерінтани отырып,сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда...» тренингі өткізіледі. 4. Сыныпқа қима қағаздағы «Әдептілік», «Ар-ұят», «Адамдық», «Белгі» сөздерін алғыза отырып, «Сөзден-сөйлем» әдісі арқылы топтарға біріктіремін. ІІ. Үй тапсырмасы. Сыныптық жұмыс. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» тарауы бойынша алған білімдерін «Зымыран сұрақтар» әдісімен қорытындылаймын. Кері байланыс:«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісі |
«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» |
|
Сабақтың ортасы (30 мин) |
ІІІ. Жаңа тақырып. Сыныптық жұмыс. «Түрткі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға ой қозғау үшін төмендегідей сұрақтар беріледі. - Неліктен біз осындай сөздер арқылы топқа бөліндік?» - Осы мақалға синоним бола алатын тағы қандай мақал-мәтелдерді атай аласыңдар? - «Малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы» деген мақалды қалай түсінеміз? Бағалау: «Бас бармақ» әдісі Мұғалім түсіндірмесі. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы 1-тапсырма. Оқылым/Тыңдалым Топтық жұмыс жұмыс. «Орындықтағы стикер» әдісі арқылы шығарманы мәнерлеп оқиды. (Әр топтан бір оқушының алдын-ала орындығына стикер жапсырылады, таңдау соған түседі.) Келесі топты бағалау критерийлері алдын-ала парта бетіне қойылады. Бағалау критерийлері: 1. Түсінікті оқу 2. Интонацияны дұрыс қою 3. Дауыстың анық болуы Бағалау: ««Екі жұлдыз, бір ұсыныс» 2-тапсырма. Айтылым. Жұптық жұмыс. Әр топ оқылған шығарма бойынша түсінгендерін жұбымен талқылайды. шығарма идеясын «Метафоралық модель құру» әдісі арқылы ұсынады, топ ең түйінді деген бір идеяны іріктеп алады. Кері байланыс:Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды? -Бір адамға бағытталған стиль -Тапсырманы орындауға бағытталған стиль. 3-тапсырма. Топтық жұмыс. «Сиқырлы қаламсап» әдісі арқылы сұралады. 1-топ. Өлеңнің негізгі идеясын үш сөйлеммен тұжырымдап, ойымызды мақал-мәтелмен түйіндейік. 2-топ. Бейнет, зейнет, таяққа еті үйрену, диқаншы сөздерін синонимдерімен алмастырып, сөйлем құрап жазайық. 3-топ. Өлең мәтінінен метафораларды тауып, мысалдар арқылы дәлелдейік. 4-топ. Төмендегі сызбаның көмегімен өлең кейіпкерінің бейнесін өз жұбымызға сиапттап берейік. Сипаттаны өлеңдегі мысалдармен дәлелдеуді ұмытпайық. Бағалау: «Шұғыл сұрақтармен өз-өзін бағалау» Кері байланыс: Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма? -Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды; -Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды; 4-тапсырма. «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы «Адамдық диқаншысы» өлеңі мен «Құмырсқа» әңгімесі арасындығы үндестікті анықтайды. Анықтау тапсырмалары: 1. Мәтіннің жанрлық стилін анықтайды. 2. Әдеби шығарманың түрін ажыратады. 3. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын нақтылайды. Бағалау: «Жұптық шапалақ» 5-тапсырма. Қалыптастырушы тапсырма «Денотаттық баған» әдісі арқылы шығармаға басқаша тақырып қойып, екі сөйлеммен түсіндіру. Өлеңнің тақырыбы Себебі Дескриптор: *Шығармаға басқаша атау ұсынады. * Атауды ұсынудың себебін 2 сөйлеммен түсіндіреді. Кері байланыс: «Бағдаршам» Бекіту. «Сөздер банкасы» әдісі |
Топ басшысында бағалау парағы
Слайд
|
|
Сабақтың соңы (3 мин) |
Үйге тапсырма. «Адамгершілік» тақырыбына 2 шумақ өлең құрастырып келу. Топтардың «Бағалау парақтары» жиналып алынады, талданады. |
|














Пікірлер(0)