Ұзындықты қалай өлшейміз?

Макенова Баржаксы Нурлыбековна
Макенова Баржаксы Нурлыбековна
Костанайская
Костанай
СШ №9
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Сандарды салыстыру және өлшем бірліктері
Тақырып:

Ұзындықты қалай өлшейміз?

31.01.2020
92
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.1.3.1 ** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу  1.1.3.2 ** см/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Ұзындық шамаларын ажырата білу, құралдарын дұрыс таңдай алу.  • Көптеген оқушылар: Ұзындықты өлшеу және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазу.  

Тілдік мақсаттар:

Ұзындық өлшеу құралдарын дұрыс пайдалану.  Тірек сөздер: өлшеуіш, сантиметр  

Күтілетін нәтиже:

Ұзындық шамаларын ажырата біледі, құралдарын дұрыс таңдай алады.Ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.

 

Бағалау критерийлері:

 Ұзындық шамаларын ажыратады, құралдарын дұрыс таңдайды.  • Ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.  

Құндылықтарды дарыту:

Қарым-қатынас жасау, сын тұрғысынан ойлау

АКТ-ны қолдану дағдылары:

бейне жазба, интернет желісінен ізденеді.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану

Бастапқы білім:

Кез келген заттардың ұзындықтарына, биіктіктеріне қарай салыстыруды біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(4 мин)

Ынтымақттастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында психологиялық ахуал туғызу.  Математика сабағын,  Жақсылап ұғып аламыз.  Сәулесі деп сананың,  Мәнінен ой табамыз.  -музыка  


Сабақтың ортасы

(25 мин)

Бірлескен оқу әдісі  «Математикалық балық аулау» әдісі  Тақтада балықтар ілініп тұрады. Әр балықтың тапсырмасы бар.Балықты таңдау арқылы,қосу мен азайту амалына берілген тапсырмаларды орындау.  «Аралдарға саяхат жасау»- 3 тілде айту  «Өткен сабақты қайталау»   Маймыл-обезьяна-monkey  -геометриялық фигуралар  -нүкте,сызық,кесінді  Жаңа сабақ  Тотықұс-попугай-parrot  Жұппен жұмыс             • Қалай ойлайсыңдар қандай құралмен өлшем жүргізуге болады? (сызғыш, метр, рулетка)  • Сызғыш, мерт, рулетка қандай құралдар? (ұзындық өлшеу құралдары)  • Ұзындық өлшеу құралдарымен не істейді?( балалар өздері жаңа тақырыпты ашады)  Жаңа сабақ:  Сызғышты анықтап қарап шығыңдар. Не көріп тұрсыңдар?(сызықшалар)  Сызғыштағы сандар арасындағы аралық 1 см құрайды.  Ұзындықтың өлшем бірлігі- см.Оны сендер 0-ден 1-ге дейін, 1-ден 2-ге дейін және т.б. аралыққа қарасаңдар көресіңдер.  Өлшемдер дұрыс болуы үшін сызғышты дұрыс орналастыру керек: заттың басында 0санымен дәл келуі керек.  САНТИМЕТР- ұзындықтың өлшем бірлігі.  ӨЛШЕУІШ-заттардың ұзындығын өлшеуге арналған құрал.  ҰЗЫНДЫҚ – өлшеуге келетін шама .      (Д).   Піл-слон-elephant  1-тапсырма:оқу құралдарын өлшеп, тиісті өлшем бірлігімен жазу.(см,дм)  Мақсаты:Ұзындық шамаларын ажырата білу, құралдарын дұрыс таңдай алу.  • Өз бетінше оқу дағдысы қалыптасады.  Дескриптор  • Өлшеді  • Тиісті өлшем бірлігімен жазды.  Әр оқушы суреттерді көрсету арқылы өзін-өзі бағалайды.  

Ұзындық өлшем бірліктердің суреттері.  См, дм                                                           Сызғыш, метр          Ұзындық өлшеу құралдары.    кесте                          

Сабақтың соңы

(6 мин)

Диалог әдісі  (Ж) 2-тапсырма  Дәптермен жұмыс  Балалар сызғыш көмегімен өлшейді, жазады, салыстырады. (жұпта деңгейі жоғары оқушымен деңгейі төмен оқушы отыру мүмкін осы кезде саралау әдісі де жүзеге асады)  Мақсаты:Ұзындықты өлшеу және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазу.  Дескриптор  • Дұрыс өлшеді, жазды.  • Салыстырды  Бір-бірін бағалайды     

микрофон

Рефлексия

(5 мин)

"Ашық микрофон" әдісі

Қай тапсырма қиын болды?  -Не білгін келеді?    Мұғалім әр оқушыға кері байланыс береді . 


Пікірлер(0)