Ақкөңілділік туралы

Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Адам болам десеңіз
Тақырып:

Ақкөңілділік туралы

31.01.2020
228
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):  Оқушыларға ақкөңілділік , ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;  бойындағы ақкөңілділікті түсіністік қасиеті арқылы дамыту; ақпейілділікке , ақкөңілділікке , түсіністікке тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ақкөңілділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Тілдік мақсаттар: сыпайы сөйлеуге үйрету
Күтілетін нәтиже: айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасайды , барлығымен түсіністікте болуға ұмтылады
Бағалау критерийлері: оқушылардың әртүрлі жағдаяттарда адамдармен түсіністік таныта білуі бағаланады
Құндылықтарды дарыту: қиянат жасамау құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету
АКТ-ны қолдану дағдылары: Дос болайық ,бәріміз! әнінің әуенін интербелсенді тақта арқылы қосу
Пәнаралық байланыс: музыка , әдебиеттік оқу , бейнелеу
Бастапқы білім: айнала қоршаған ортамен үйлесімді қарым -қатынас жасау дағдылары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. медитация "Путь сердца"

Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасын тексеру:«Мейірбан» әңгімесін талдау:-адамның бойындағы мейірімділік қайдан туындайды?

-ақкөңіл , мейірімді болудың маңызы неде?

-ақкөңілділік қандай іс-әрекеттер арқылы көрініс табады?

-кімді ақкөңіл дер едің?Неліктен?

-өзің айналаңдағыларға ақкөңілділігіңді қалай білдіріп жүрсің?

-өзің қандай жағдайда түсіністік таныттың?

Дәйексөз «Ақкөңілділік-адам ойының тазалығының көрінісі» Ж.Баласағұни

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу Б.Тұрсынбаевтың Әлім мен Жанар әңгімесін баяндап беру және талдау:

-Жанардың Әлімге ренжуі дұрыс па?

-Әлімнің қандай мінезі сендерге ұнады?

-балалардың қандай қасиеттерін өз бойыңнан көргің келеді?

-өздеріңнің ақкөңілділік танытқан кездерің туралы айтып беріңдер?

-сендер өз орталарыңмен түсіністікте болу үшін не істеп жүрсіңдер?

-сен үшін айналаңмен түсіністікте болудың маңызы қандай?

Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс.Тапсырма:ақкөңілділік сөзіне ребус құрастырыңдар.

Топпен ән айту:  Дос болайық , бәріміз! әнін бірге орындау.

Оқулықтағы 3-тапсырма;

Б.Тұрсынбаев "Әлім мен Жанар" (әңгіме).

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: №21 сабаққа 98 беттегі Ы.Алтынсариннің «Жомарт» әңгімесін оқып және мазмұндап келу. Өзін-өзі тану оқулығы 98 бет

Рефлексия

Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Пікірлер(0)