Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың оқу мақсаты | 5.1.2.7 құрама сандарды көбейткіштерге жіктеу; - мәтін есептерді шешуде құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің тиімді тәсілдерін қолдану; Барлық оқушылар: құрама сандарды көбейткіштерге жіктей алады; Оқушылардың басым бөлігі: мәтін есептерді шешуде құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің тиімді тәсілдерін қолдана алады; Кейбір оқушылар: құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеп,есептер шығаруда қолдана алады; |
Бағалау критерийі | • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктейді • Мәтін есептерді шешуде құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің тиімді тәсілдерін қолданады; • Құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазады; |
Тілдік мақсаты | Пәнге тән лексика мен терминология: Құрама сан, натурал сан Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Жай сандар дегеніміз не? Құрама сандар дегеніміз не? Қандай сандар 2 –ге бөлінеді? Қандай сандар 5 –ке бөлінеді? Қандай сандар 10 –ға бөлінеді? Қандай сандар 3 –ке бөлінеді? Қандай сандар 9 –ға бөлінеді? Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не? |
Құндылықтарға баулу | • Жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру; • Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басталуы (2 мин) | 1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу. Қабілеті төмен төрт оқушыны мұғалім капитан деп атап таңдап алып, капитан шарт ойынша құтқарушымен ескек есуші оқушыларды өзі таңдап алады. «Капитан» Ойынның шарты кемеден топ болып, теңізге құламауы керек. Капитан пәрмен беріп тұрады. Капитан, капитан, ......! Капитан (қабілеті төмен оқушы): 1 адамнан рафт беріп жүреді; Құтқарушы (қабілеті жоғары оқушы): 5 адамнан балон лақтырады; Қайықта (қабілеті орта оқушы): 6 адамнан ескек еседі Кемеде : 12 адамнан дөңгеленіп тұрады. Мақсаты: Топты ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс істеуге бағыттайды. |
Пікірлер(0)