Квадраттық функция және оның графигі
Алгебра
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Квадраттық функция
Тақырып:
Квадраттық функция және оның графигі
03.02.2020
609
7
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.4.1.2 y=a(x-m)^2,y=ax^2+n және y=a(x-m)^2+n,a≠0, түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу |
Сабақтың мақсаты: | Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар бөлімнің негізгі терминологиясына сүйене отырып квадрат функцияның графиктерін салу алгоритмін ауызша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадраттық функция; - парабола; - парабола төбесі, парабола тармақтары; - симметрия осі; - функцияның нөлдері; - графикті симметриялы бейнелеу; - х осімен сығу; - х осімен созу; - оңға жылжыту, солға жылжыту. |
Күтілетін нәтиже: | Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - парабола тармақтары ... бағытталған; - график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; - квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); - берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту; - у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады; - у = kf(х) функциясының графигі0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне 1/kесе сығу арқылы алынады. |
Бағалау критерийлері: | Оқушылар бөлімнің негізгі терминологиясына сүйене отырып квадрат функцияның графиктерін салу алгоритмін ауызша сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадраттық функция; - парабола; - парабола төбесі, парабола тармақтары; - симметрия осі; - функцияның нөлдері; - графикті симметриялы бейнелеу; - х осімен сығу; - х осімен созу; - оңға жылжыту, солға жылжыту. |
Құндылықтарды дарыту: | Жеке-дара оқушыға бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беруді жоспарланады. Сонымен қатар бір-бірінің пікірін тыңдауға, ақылдаса отырып шешім қабылдауға үйрету үшін жұптық жұмыс ұйымдастырылады. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Квадраттық функцияның графигін салуды іс тәжірибеде көрсету үшін Geogebra бағдарламасы, Desmos графикалық калькуляторы (www.desmos.com/calculator), интербелсенді тақта қолданылады. |
Пәнаралық байланыс: | Геометрия және физика пәндері. |
Бастапқы білім: | Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін соның ішінде у = ах2 функциясының салу дағдылары бар. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (2 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. | қосымша |
Сабақтың ортасы (20 минут) |
Жаңа материалды меңгеру Диалогтық әдіс арқылы у = х2 функциясының қасиеттерін еске түсіру: 1. Анықталу облысы ... (D(y) = R). 2. Функцияның мәндер облысы...(Е(у) = [0; +∞). 3. х = 0 болғанда... (у = 0), х > 0 және х < 0 болғанда... (у > 0) болады. 4. Функция... ((-∞; 0]) аралығында кемиді және... ([0; +∞)) аралығында өседі. 5. у = х2 функция графигі...(парабола) деп аталады. 6. у = х2 параболасының төбесі- ... ((0; 0) нүктесі). 7. у = х2 параболасының симметрия осі —...(у осі), яғни... (х = 0) түзуі. 8. Парабола тармағы...(жоғары) бағытталған. - Біз бұл функцияның графигін сала аламыз, ал бүгін осы функцияның графигін түрлендіру арқылы y = ax2, y = a(x – m)2, y = ax2 + n түріндегі функция графиктерін салып үйренеміз. Топпен жұмыс Сынып 3 оқушыдан топтарға бөлінеді. Алдымен барлығына 1-тапсырма беріледі. Әрбір тапсырманы орындап болған соң жалпы сыныппен қорытынды жасалынады, тақтада дұрыс жауабы көрсетіледі. Оқушылар алгортимді өздерінің дәптерлеріне жазып алады, келесі тапсырмаға көшеді. 1-тапсырма: 1) y = x2, y = 2x2 , y = 0,5x2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, y = 2x2 , y = 0,5x2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз. 2-тапсырма: 1) у=х2 ,y = (x + 2)2 және y = (x - 2)2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, y = (x + 2)2 және y = (x - 2)2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз. 3-тапсырма: 1) у = х2, у = х2+2 у = х2-2 функцияларының мәндерінің кестесін құрастырыңыз. 2) Графиктерін бір координаталық жазықтықта сызып, олардың графиктерінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 3) у = х2 функциясының графигіне қандай түрлендірулер жүргізіп, у = х2+2 у = х2-2 функциясының графиктерін алуға болатынын анықтап, алгоритмін жазыңыз. | www.desmos.com/calculator |
Сабақтың соңы (10 минут) |
Үй тапсырмасы Берілген функциялардың графиктерін салыңыз, салу қадамдарын жазыңыз, нәтижені Desmos графикалық калькуляторы арқылы тексеріңіз: 1. ; 2. ; 3. y=-3+(x-2)^2. | слайд |
Рефлексия (8 минут) |
Рефлексия Стикер таратылады, оқушылар өз ойларын жазады. 1. Не үйрендім? 2. Нені білгім келеді? 3. Нені түсінбедім? | слайд |
Пікірлер(0)