Ас қорыту жүйесі
Жаратылыстану
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Тірі табиғат Адам
Тақырып:
Ас қорыту жүйесі
05.12.2019
228
9
Жаратылыстану | Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Жаратылыстану (20.11.19) |
Асқорыту жүйесі |
Қосымша ақпарат
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3А-сынып Бөлім: Жанды табиғат. Адам. Мұғалім: Алманова Жансая Күні: 20.11.19жыл Тақырыбы: Асқорыту жүйесі Оқу мақсаты: 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; 3.2.3.2 ас қорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау; Сабақтың мақсаты: Адам ішкі ағза мүшелерін біледі, орналасуын көрсетеді; Бағалау критерийі Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды; Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту жолы Асқорыту жүйесінің маңызын түсіне отырып, асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды. Құндылықтар Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Асқорыту жүйесі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика. АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс Алдыңғы меңгерілген білім Адамның ішкі ағзаларының орналасуын асқорыту жолдарын біледі Сабақ барысы Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 1 минут 2 мин Психологиялық ахуал орнату «Ақ тілек. Әсем күлкі». - Көңіл – күйлеріңіз қалай? - Керемет! (Қолдарын көтереді) - Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? - Керемет! ( Алақандарын шапалақтайды) - Ынтаңыз ше? - Керемет! (Қолдарын көтереді). - Ендеше бастайық! «Мюнстенберг» әдісі арқылы топ атын табу 1топ апролауыз қуысыдждлорпа 2 топ йцукеннасқазанолджэх 3топ ячсмитьішекхзщшшгнек Психология лық ахуал орнату 4 минут «Бинго» ойыны арқылы өткен сабаққа бекіту жаттығулары Оқушыларға сандар беріледі. Қорапшадан сандар алынады, кімнің номері сәйкес келеді сол оқушы жауап береді. Сұрақтар: 1. Ас өңеш арқылы қайда түседі? (Асқазанға түседі) 2. Адамның күш-қуатының азайғандығын қайдан білуге болады? Тез шаршау, қоректік заттардың жеткілікті болмауы, ашуланшақтық, әлсіздік, аурушаңдық. 3.Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек) 4.Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді) 5.Асқорыту мүшелері қалай аталады? Асқазан, ауыз қуысы, өңеш, бауыр. ҚБ Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Өткен сабаққа байланысты берілген сұрақтарға жауап береді «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жаңа сабақ 3 минут 5 минут Жаңа сабақ. Мақсаты: 3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау; 3.2.3.2 ас қорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау; Бейнеролик көрсету Балалар тағамның саяхаты неден басталатынын бақылап көрелік. Ұжымдық жұмыс. -Печеньенің бір тілімін алып, ауыздарыңа салыңдар. -Тамақ қайда кетті, не болды? 1. Аузымызда не бар? (тіс) - Тіс не істейді?(Тістеріміз диірмен сияқты жұмыс істейді: олар ұсақтайды және тағамды шайнады. Бұл өте маңызды жұмыс) 2. . - Тамақты сілекеймен не ылғалдандырады? (тіл) - Тіл не істейді? (тамақты араластырады және жұтқыншаққа жылжытады) - Тамақ жұтқыншақтан соң неге өтеді? (Жұтқыншақтан өңешке өтеді) - Өңеш арқылы тамақ қайда келеді? (асқазанға түседі) - Асқазан не бөліп шығарады? (Асқазаннан сөл бөлініп, тағамға араласады) - Содан кейін не болады? (өте тығыз орналасқан ішектің ұзын жолы басталады. Ол мөлшері 8 метрге дейін созылады. Асқорытуда бауыр қандай рөл атқарады? (Бауыр асқорыту үшін ішекке майды ерітетін арнайы сұйықтық бөледі) - Асқорыту қанша сағатқа созылады деп ойлайсың? (Осылай 7-8 сағат бойы біздің ағзамыз тағамдардан қоректік заттарды өзіне сіңіреді. Ал қорытылмаған тамақ ағзадан шығарылады). ҚБ «Отшашу» әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалайды. Дескрипторы: Білім алушыға - Ас сілекеймен араласып, майдаланатын қуысын анықтай алады; - Ас қоймалжың ботқаға айналып қорытылатын қуысты анықтайды; - Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүшені біледі; - Қорытылған астың қанға сіңіп, ағзаға тарауына көмектесетін мүшені анықтайды. - Оқулықпен жұмыс Бейнеролик 8 минут 2мин Практикалық жұмыс Ұйымдастыру: топпен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту 1) Целлофан дорбаға 4 крекер және 2 ас қасық ас содасын салу. 2) Крекермен соданы саусақпен мыжып араластыру. Бұл үдерісті «шайнау» деуге болады. 3) Пайда болған қоспаға су құйып араластыру. Су «сілекейдің» рөлін атқарады. 4) Осыдан кейін сірке суы қосылады, яғни «асқазан қышқылы». Алдын-ала дайындау: 1/8 кесе суды және 1/5 кесе сірке суын араластырып, тағамдық бояғыштың 2-3 тамшысын қосу. Бұл қышқыл содамен реакцияға түседі және балалар асқазандағы химиялық реакция үдерісіндегідей көпіршіктерді бақылайды. 5) Қоспадан сусорғыш спонж көмегімен сұйықтықты және крекердің ұсақ ұнтақтарын сорып құрғатады. Балаларға бұл әрекет арқылы ішек қоректік заттар мен суды сіңіретіні түсіндіріледі. 6) Содан кейін целлофан дорбадан ауаны шығарады да, қоспаны түтікше сияқты бұрайды. Дорбаның түбін шетінен кесіп, қоспаны стақанға қысып шығарады. Бұл ағзаға сіңбеген заттардың сыртқа шығуын білдіреді. Жұмыстың әр кезеңін талқылап, оқушылар бақылау парағына жазып отырады. Бақылау парағын толтыру. реті Асқорытуға қатысатын мүше қызметі 1 ауыз қуысы 2 асқазан 3 ішек ҚБ ауызша Дескриптор: Білім алушы Ауыз қуысын ажыратады. Асқазан қызметін анықтайды. Ішек жолдарының қызметін біледі. Білім алушылар алған білімдерін қорытып айтады. Стикерлер, А3, маркерлер 1 минут Сергіту сәті. 5 минут «Ойлан, жұптас, талқыла Ітоп: Асқорытуға қандай ағзалар қатысады пирамида құрастыру ІІтоп: Судың адам ағзасына қандай әсері бар? ІІІтоп: Семантикалық карта ҚБ « Жарайсың!», «Тамаша!» Дескриптор :Білім алушы 1 Асқорыту ағзаларын ажыратады . 2.. Судың пайдасын анықтайды 3. Картамен жұмыс жүргізеді ҚБ мұғалім смайликтер арқылы бағалайды Бірін-бірі бағалайды 5 минут ҚБ Өздерін тексереді «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Қорытынды: Тұжырым дұрыс па?ойыны Сұрақтар реті жазылған кестеге «+», «-» таңбаларын қою. 1. Әртүрлі тағамдарды жеуге тырысу керек... 2. Тәттілер мен майлы тағамдарды азырақ жеген дұрыс. 3. Қуырылған, қақталған, тұзды, ащы тағамдарды көп жемеу керек. 4 Бір уақытта тамақтануды әдетке айналдыру керек. 5. Таңертең мектепке барарда міндетті түрде тамақтану қажет. 6. Ұйықтар алдында тойып тамақ ішіп алу керек. 7. Жеген тамақ 1 сағатта қорытылады. 1 2 3 4 5 6 7 Жұпта тексереді.. Смайликтер салу арқылы бағаланады. Өте жақсы ЖақсыӨзін-өзі бағалап, сабаққа рефлексия жасайды Қортынды 1 минут Еліміздің, қазақ ұлтының болашағы - жас ұрпақ! Қазақ халқының қаны таза, дені сау, сымбатты, білімді болуы үшін салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс тамақтануды естеріңде сақтаңдар! ҚБ «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау Үйге тапсырма 1 минут Тамақтануға байланысты тыйым сөздер жинақтау Сабақтың соңы 1минут Рефлексия: Бүгінгі сабақта не үйрендік? Қандай оқушы болдыңдар? Қай тапсырма ерекше есте қалды? 2 минут Бағалау Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар бойынша өздерін -өзі бағалау «Бинго» ойыны «Бейнеролик» «Ұжымдық жұмыс» «Тәжірибе жасау» «Тұжырым дұрыспа?» Суреттерге стикер жапсыру Қосымша ақпарат Саралау-қиналған қабілеті жоғары оқушыларға жетекші сұрақтар қоямын Бағалау критерийі Дескриптор Тамақтануға байланысты тыйым сөздер жинақтау Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды Асқорыту ағзаларын ажыратады . Ауыз қуысын ажыратады. Асқазан қызметін біледі. Ішек жолдарының қызметін біледі
Файлдар:
Файлды ару
Жаратылыстану
Пікірлер(0)