Бағдарламау жүйелері және тілдері

Ибраев Сагдат Жексембайевич
Ибраев Сагдат Жексембайевич
Ақмола
Көкшетау
№12 орта мектебі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Жобалық жұмыс
Тақырып:

Бағдарламау жүйелері және тілдері

05.02.2020
122
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

7.1.2.1 «бағдарламау тілі» және «бағдарламау жүйелері» түсініктерін ажырата білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар білетін болады: Бағдарламау тілдерініңі жүйеленуін, бағдарламау тілдерінің айырмашылық ерекшеліктерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін; жоба бойынша қалай есеп жазу керектігін Оқушылар істей алады: Әртүрлі бағдарламау тілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды; бағдарламау тілінде кодтар жазады  

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар біледі: Жоба бойынша қалай есеп жазу керектігін; бағдарламау жүйелері мен тілдерін классификациялай алады және оларды жобаны жазу үшін қолданады.

Оқушылар істей алады: Бағдарламау тілінен бағдарламау жүйесін айыра алады; әртүрлі бағдарламау тілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алады; жоба бойынша есеп жаза алады.  

Құндылықтарды дарыту:

 Өмірбойы оқу;

 Құрметтеу;

 Ынтымақтастық.  

АКТ-ны қолдану дағдылары:

ДК – да жұмыс істеу дағдысы.

Пәнаралық байланыс:

Тарих

Бастапқы білім:

Бағдарламау тілдері туралы алдында алған білімдер

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(0 -7 мин)

Ұйымдастырушылық сәт: Журнал бойынша сабаққа қатысушыларды тексеру. Сыныптағы тәртіп ережесімен танысу. «Анаграмма» әдісі бойынша сабақ тақырыбы тақтаға әріптерінің орны ауыстырылып жазылады. Оқушылар жасырылған тақырыпты тауып өз ойларымен бөлісуі керек. МРГАУАПМОЛРА ДІЛРТІЕ – Оқушыларға сабақтың мақсаттары мен критерийлерін таныстыру. Бағдарламау тілдері не үшін қажет? Бағдарламау тілдерінің көмегімен қандай мәселелерді шешуге болады? Сіздерге таныс бағдарламау тілдерін атаңыздар? Сыныпты топтарға бөлу: сандар жазылған қағазшалар тарату арқылы 4 топқа бөлу. Топтар бір-бірін бағалау үшін бағалау парақтары таратылады.   

Бағалау парақтары

Сабақтың ортасы

(8 - 28 мин)

  Оқушыларға BilimLand сайтында берілген тақырып бойынша қысқаша түсінік беру. Топтық жұмыс Топтарға тапсырмалар таратылады: 1 топ: 1. Программалау тілі дегеніміз не? 2. Төмен және жоғары деңгейдегі программалау тілдері дегеніміз не және ерекшеліктерімен тарихы? 2 топ: 1. Транслятор не үшін қажет және қандай түрлері бар? Транслятордың түрлерінің қызметі? 2. Программалау тілдерінің бөлінуін сипатта. 3 топ: 1. Программаны жасау кезеңдері. 2. Программалау жүйесі дегеніміз не?  



https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/programmalau-tili-turaly-tusinik



Кітап  




Сабақтың соңы

(29 - 38 мин)

Оқушылар өздеріңнің жұмыстарын бір-біріне түсіндіреді және қорғайды.

Жекке жұмыс

Оқушылар Bilimland сайтындағы тапсырмалар мен тестлерді орындайды      

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/programmalau-tili-turaly-tusinik


Рефлексия

(39 - 40 мин)

Жаңа материалды қорытындылаймыз. Рефлексия жүргіземіз. Оқушылар бүгінгі сабақты бағалау үшін, стикерлерге екі жұлдызды және біртілекті қолдануын сұраңыз. 

Стикерлер 

Пікірлер(0)