Электр тогы. Электр ток көздері
Электр тогы. Электр ток көздері
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.4.2.1. Электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Электр тогы, электр тогының пайда болу шарттары ұғымын түсінеді. Көптеген оқушылар істей алады: ок көздері, электр қозғаушы күші, ток күшінің формуласын түрлендіріп біледі. Кейбір оқушылар істей алады: Эксперименттік жұмыс нәтиже арқылы есеп шарттарын құрастырып, шығарады.. |
| Тілдік мақсаттар: | Электр тогы, Электр тогы көздеріне келтірілген мысалдарды ауызша және жазбаша түрде сипаттай және жүйелей алады. Жаңатерминдержәне лексикология: Электр тогы, ток көздері, электр өрісі Қазақ тілінде Орыс тілінде Электр тогы Электрический ток Тогы көздері Источник тока Электр өрісі Электрическое поле Зарядталған бөлшектерді қозғалысқа келтіретін... Электр өрісін калай... Денелерді қалай электрлеуге..... |
| Күтілетін нәтиже: | Барлық оқушылар: Электр тогының анықтамасын , ток көздері туралы біледі, токтың жүру шарттарын біледі . Оқушылардың көпшілігі: Электр тогының әрекетін түсінеді, ажыратады, электр қозғаушы күш шамасының физикалық шамасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Электр тогын түсіндіре алады, деректерді жинап, талдап, іріктей алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады. |
| Бағалау критерийлері: | 1.Электр тогы, электр тогының пайда болу шарттары ұғымын түсіндіреді. 2.Ток көздері, электр қозғаушы күші, ток күші ұғымын біледі 3. Эксперименттік жұмыс нәтиже арқылы есеп шарттарын құрастырып, шығарады.. |
| Құндылықтарды дарыту: | Индустрияландыру және инновация (жаңа тақырып) |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интерактивті тақта |
| Пәнаралық байланыс: | Математика (есеп шығару) Технология (станоктарды колдану) |
| Бастапқы білім: | Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (20 мин) |
I. Ұйымдастыру.(Амандасу, түгендеу) «Доп лақтыру» тренинг(Шеңберге тұрып бір бірімізбен доп лақтыру арқылы тілек тілейді. II(G). «Көліктердің логотиптерімен» әдісі арқылы 3топқа бөлу. Әр бір топтан сұраққа жауап берген оқушы көшбасшы болып дайындалады және бағалау парақшасы беріледі. (I). Ой қозғау: Конденсатор деп нені атайды? Конденсатор қай жерде қолданылады? Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не? Табиғаттағы электрлік құбылыстар дегеніміз? Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа- аздап білсе - сенімсіз болса - Қ.Б: Бас бармақ жоғары/ төмен (W) «Анаграмма» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты анықтайды. Эреклт огыт, лэекрт тыго кезөрід (G): Тапқырыптың мақсатын айқындау: - Қалай ойлайсыңдар: біздің бүгінгі мақсатымыз не? Электр тогы туралы не білесіңіздер, нені білгілерің келеді? Мұғалімнің көмегімен мақсатты айқындайды. «G» «Ойлан, жұптас, бөліс»әдісі бойынша Постер қорғау: 1-топ(Дереккөздер тәсілі:Интернеттің көмегімен окушылар орындайды) Тақырыбы:Электр тогы 2-топ(Дереккөздер тәсілі: анықтамалық кітаптар көмегімен окушылар орындайды) Тақырыбы :Электр қозғаушы күші 3-топ( Дереккөздер тәсілі: (энциклопедия кітаптар арқылы) Тақырыбы : электр тогы көздері Дескриптор: -Оқушылар электр тогы ұғымын біледі; -Электр қозғаушы күшінің маңызын біледі; -Электр тогын алғаш кім енгізгенін біледі. ҚБ: «стикер» әдісі |
1.Hundai 2.Toyota Camry |
|
Сабақтың ортасы (10 мин) |
Оқушылар тақырыппен танысады және «білдім» деген ұяшықты толтырады. Кейбір білгім келеді деген ұяшықтағы сұрақтың жауабына интернет арқылы тауып алады. БББ кестесі Білемін Білгім келеді Білдім Оқушылар «Білемін » деген ұяшықты толтырады; Оқушылар «білгім келеді » деген ұяшықты толтырады; (G)Деңгейлік тапсырмалар( Тапсырма тәсілі: мұгалімнің көмегі арқылы орындалады) 1 топ: 1-тапсырма Жаңа тақырыпқа байланысты электр тогы,пайда болу шарттары, ток әсерлерінің түрлерін, электр тізбегінің құрамды бөліктерін, бөгде күштер, ЭҚК -і туралы нақты мәліметтерді айтады. 2 топ: 2-тапсырма. Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады. 3 топ: 3-тапсырма. Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады. Дескриптор: - Электр тогының пайда болу шарттарын біледі; - ЭҚК туралы нақты мәліметтерді айтады; - Тоқ көздері туралы сипаттай алады; ҚБ:Бағдаршам Бағалау бағдаршам арқылы жүргізіледі: Қызыл-мен ештеңе түсінбедім. Сары-маған әлі де түсініксіздеу. Жасыл- маған бәрі түсінікті. Оқушылар «білдім » деген ұяшықты толтырады; |
|
|
Сабақтың соңы (10 мин) |
(I)«Бір минут» әдісі Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді. Үй тапсырмасы: §37 |
|
|
Рефлексия |
Бір минут әдісі бойынша |
Пікірлер(0)