Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Ақтөбе
Темір
С.Бәйішев атындағы орта мектеп
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерді оқу және жазу.

05.02.2020
194
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
5.1.1.13ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.3.5ондық бөлшектерді оқу және жазу;

Сабақтың мақсаты:
 Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;

 Белсенділіктерін жәнеоқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

Бағалау критерийлері: ондық санау жүйесінің көптеген математикалық санау жүйелерінің бір баламасы екенін түсінеді -үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер ұғымын біледі. жай бөлшектерді оқу және жазу алгоритмін түсіндіре алады;
Бастапқы білім: Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

«Сақина ойыны» Мақсаты: бөлімдері 10,100,100 болатын бөлшектерді ажырату Мұғалім қызметі:оқушыларға бөлімдері 10,100,1000 болатын жай бөлшектер мен аралас сандар жазылған кестелер таратады. Мысалы: 3/10,1 7/100,1 9/10, 27/100, 23/1000, 2 47/1000 т.с.с Бөлімі он /жүз,мың/ болатын бөлшектер ортаға шық!-деп сақина ойынын жүргізеді. Бағалау: мұғалім оқушылардың бөлімдері 10,100,1000 болатын сандарды ажыратуын қадағалайды. Қате жауаптар талданып, түзетіледі.  «Сақина ойыны» Мақсаты: бөлімдері 10,100,100 болатын бөлшектерді ажырату Мұғалім қызметі:оқушыларға бөлімдері 10,100,1000 болатын жай бөлшектер мен аралас сандар жазылған кестелер таратады. Мысалы: 3/10,1 7/100,1 9/10, 27/100, 23/1000, 2 47/1000 т.с.с Бөлімі он /жүз,мың/ болатын бөлшектер ортаға шық!-деп сақина ойынын жүргізеді. Бағалау: мұғалім оқушылардың бөлімдері 10,100,1000 болатын сандарды ажыратуын қадағалайды. Қате жауаптар талданып, түзетіледі.   топша

Сабақтың ортасы

«Проблемалық ахуал тудыру» Мақсаты:Оқушылардың ондық бөлшек ұғымын өз беттерімен фронтальды жұмыс арқылы қалыптастыруларына проблемалық жағдай туғызу арқылы жағдай туғызу Сипаттама: Разрядтар кестесін қарастырып, бірнеше сұрақтарға жауап берейік:

Сұрақтар: 1. Әрбір жолдағы бірліктердің орны келесіге қарағанда қалай өзгерген? 2. Бірліктердің орнының өзгеруіне қарай олардың мәндері қалай өзгерген? 3. Бұл өзгеріске қандай арифметикалық амал сәйкес келеді? Қорытынды: бірлікті бір разрядқа оңға жылжыта отырып біз әр жолдағы сәйкес санды 10 есе кеміттік және біз осы амалды соңғы бірліктер разрядына жеткенге дейін жүргіздік. Сұрақ: Ал бірді 10 есе кемітуге бола ма? Жауап : Әрине! Проблема: Бірақ біздің разрядтар кестесінде ол сан үшін әзірге орын жоқ. Ойланыңдар: санын жазу үшін разрядтар кестесін қалай өзгертуге болады? Иә,бірлікті тағы бір орынға оңға жылжытуға болады. Дәл солай,келесі жолда да орындаймыз: т.с.с Енді разрядтарға атаулар енгізейік: ондық, жүздік, мыңдық үлестер, т.с.с., бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі. Мұғалім қызметі: сұрақтар қою арқылы оқушылардың алдына проблема қойып, оны шешуге бағыттау. Оқушы қызметі: сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру Бағалау: мұғалім белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтайды, қате жауаптарды өзге оқушылардан сұрау арқылы түзейді.

«Еліміздегі ең ...?» тапсырмасы. Сипаттама: Оқушыларға әртүрлі сандар топшалары таратылады: 9 7 5 0 1 2 6 0 4 а н х ә і т р ң і Төмендегі шарттарды қанағаттандыратындай санды құрастырып, сол атау арқылы мына сөйлемді аяқтаңыз. Еліміздегі ең ... 1. Жүздікжәне мыңдықүлесінде 0 саны. 2. Ондық және миллиондар үлесінде жұп сан 3. Бүтін бөлігінің бірлік разрядында және он мыңдық үлесінде тақ сан. 4. Бүтін бөлігіндегі ондықтар разрядында және бөлшек бөлігіндегі жүзмыңдық үлесінде 3 ке еселі сан. 5. Жүздіктер разрядында 15 тен 3 есе кем сан. Дұрыс жауабы:597,200164 Мақсаты:Ондық бөлшектердің разрядтар атауын білу дағдыларын тексеру және пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы оқушының қоршаған ортаны танып білу дағдысын дамыту. Мұғалім қызметі:Топтық жұмысқа нұсқау беру, бағалау. Оқушы қызметі: Шартқа сәйкес ондық бөлшекті құрастырып, сөйлемді аяқтау. Бағалау критерийі: « Еліміздегі ең үлкен тау-Хан Тәңірі» сөйлемін құрастырады.

Сабақтың соңы

«Жаз және оқы» 3/10; 17/100; 425/1000; 4 1/10; 14 19/100; 265 53/1000 Сипаттама : Жұпта берілген сандарды жазып, оқу ұсынылады. Мақсаты: Ондық бөлшектерді оқып,жаза білу дағдысын тексеру. Мұғалім қызметі: Жұптық жұмысқа нұсқау беру, бағалау. Оқушы қызметі: Ондық бөлшектерді оқып,жаза білу Бағалау критерийі: 6 тапсырманың 5-ін дұрыс жазады

Рефлексия

Рефлексия(оқушылар тақырып бойынша кері байланыс парағын толтырады) Білемін Білдім Білгім келеді?

Пікірлер(0)