Жай бөлшектің негізгі қасиеті.Бөлшектерді қысқарту

Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Ақтөбе
Темір
С.Бәйішев атындағы орта мектеп
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Жай бөлшектің негізгі қасиеті.Бөлшектерді қысқарту

05.02.2020
136
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): <p>5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;</p><p> 5.1.2.15 жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.&nbsp;&nbsp;</p>
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жай бөлшектерді қысқартып, жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады.
Бағалау критерийлері: Оқушылар, егер: • бөлшекті дұрыс қысқартса; • бөлшекті дұрыс ортақ бөлімге келтіре алса, мақсатына жетеді. • бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде және керісінше жазуды түсіндіре алады; • жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады&nbsp;&nbsp;
АКТ қолдану дағдылары &nbsp;презентациямен жұмыс жасау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды.&nbsp;

Сабақтың ортасы

Ауызша есептеу. Слайд № 3,4. Жай бөлшектерді қайталау Слайд № 5. Логикалық есеп.Суретте қанша шаршы көріп тұрсыңдар? (27 шаршы) -Ең кіші шаршы үлкен шаршының қандай бөлігі? - Ортадағы шаршыны қарастырайық, ол тоғыз кіші шаршыдан тұрады. Ол үлкен шаршының қандай бөлігі? Тексеру диктанты. Жұппен жұмыс. Дескриптор: Білім алушы -боялған бөлігін жай бөлшек түрінде жаза алады; -бөлшекті оқып, жаза алады; - метрдің және килограммның бөлігін бөлшек түрінде жаза алады. Жаңа материалды түсіндіру Жаңа материалды қайталау тапсырмаларынан бастаған дұрыс. Слайды № 6Оқушылар жеке тапсырмаларды орындап, презентациямен тексереді. Келесіде мұғалім оқушыларды жай бөлшектердің негізгі қасиетін өздері тұжырымдауға бағыттайды. Слайд № 7. Сабақты бекіту. Слайд № 8 Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, оқушылар бөлшектердің теңдігін түсіндіреді.&nbsp; &nbsp;&nbsp; Қосымша-1 http://www.cleverstudents.ru/numbers/basic_property_of_fraction.html Презентация&nbsp;&nbsp;

Сабақтың соңы

&nbsp;Слайд №9. бөлшегін оқушылар ортақ бөлімдерге 12 және 16-ға келтіреді. Қалай орындағандары жайында оқушылар өз жауаптарын түсіндіреді. Дайын жауаптар бойынша өзара тексеріп, бағалайды.. Дескриптор: Білім алушы -бөлшектің қасиетін қолдана алады; -бөлшекті оқып, жаза алады; - бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады. Үй жұмысы х -тің орыны қандай сан қойғанда дұрыс теңдік болады

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды: - кім біледі, нені үйрендік - не түсініксіз болды - әлі немен жұмыс жасау керек&nbsp;&nbsp;

Пікірлер(0)