Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Тлеубергенова Кенжегуль Жалиевна
Тлеубергенова Кенжегуль Жалиевна
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Средняя школа №49
Қазақстан тарихы
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан
Тақырып:

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

09.12.2019
680
PDF жүктеу WORD жүктеу
Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақ мақсаттары

(Бағалау критерийлері Бағалау критерийлері)

Найман, керейіт, жалайырлардың қалыптасу тарихының даму ерекшеліктерін біледі, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды Найман, керейіт, жалайырлардың орналасқан жерін картадан көрсете алады. Найман, керейіт, жалайырлардың шаруашылығындағы даму ерекшеліктерін талдайды 

Найман, керейіт, жалайырлардың қалыптасу тарихының даму ерекшеліктерін біледі, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Найман, керейіт, жалайырлардың орналасқан жерін картадан көрсете алады. Найман, керейіт, жалайырлардың шаруашылығындағы даму ерекшеліктерін талдайды 

Тілдік мақсаттары

(Құндылықтарды дарыту)

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді. Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы... Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды… Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені… Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... 

Ашықтық, жауапкершілік - өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну - патриотизм - өз елі үшін мақтаныш - ұлттық сана-сезім - тәуелсіздік  

Пәнаралық байланыстар

(АКТ қолдану дағдылары)

Дүниежүзі тарихы 


Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі

Бастапқы білім

(Сабақ барысы)

Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы түрік қағанаттарының және дамыған орта ғасырлардағы Қарахан мемлекетінің даму ерекшеліктерін түсінеді. 

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал «Мен елімді сүйемін». Алдыңғы тақырыптар бойынша сұрақтар қоя отырып, жаңа тақырыпқа шығу: - Дамыған орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттерді атаңыз. - Қазақ халқының құрамы қандай жүздерден тұрады? - Үш жүздің құрамындағы қандай руларды білесіңдер? Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Топқа бөлу: 1-топ: Найман 2-топ: Керейіт 3-топ: Жалайыр 

https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/najmandar-kerejitter-zhane-zhalajyrlar?mid=56:expressions

Сабақтың ортасы

(5-20 мин)


Ұжымдық жұмыс 1-тапсырма. Найман, керейіт, жалайыр мемлекеттерінің құрылу тарихына қатысты әр мемлекет бойынша негізгі үш фактіні келтіріп, түсіндіріңіз.

1-топ. Наймандар 2-топ. Керейіттер 3-топ. Жалайырлар. Оқушылар әр мемлекеттің құрылу тарихын әр топта қарастырып, өз нәтижелерімен бөліседі (ауызша). 

Тапсырма соңында кестені толтырады: Наймандар, Керейіттер,  Жалайырлар Хронологиясы,   аумағы, ұлы тұлғалары.

Бағалау критерийі: Найман, керейіт, жалайырлардың қалыптасу тарихының ерекшеліктерін анықтайды. Дескрипторлар: - Найман, керейіт, жалайырлардың хронологиясын біледі; - Найман, керейіт, жалайырлардың қоныстанған аумағын саяси картадан көрсетеді; - Найман, керейіт, жалайырлардың негізін қалаушыларды атайды; Кері байланыс 

Қорытынды бөлім

(6 мин)

2- тапсырма. Жұптық жұмыс. І. Берілген деректерге сүйене отырып тайпаларды анықта. ІІ. Ол кім? Бұл не? Берілген мәтінді суреттермен сәйкестендіру. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

 3-тапсырма. Топтық жұмыс. Найман, керейіт, жалайырлардың тарихын келесі бағыттар бойынша талдап, постер қорғайды:

1-топ. Найман, керейіт, жалайырлардың тарихындағы белгілі тұлғалар (мысалы, Инанч Білге, Бұйрық (наймандар), Тоғырыл немесе Ван хан (керейіттер), Мұқалы (жалайырлар). - Үш тұлғаның қызметін салыстыру, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау.

2-топ. Мемлекеттердің күшейген кезеңі - Найман, керейіт, жалайырлардың ең күшейген кезі қай кезең? Мемлекеттердің күшею кезеңіндегі басты оқиғалар қандай? Олар қандай өзгерістер алып келді?

3-топ. Мемлекеттің әлсіреуі, ыдырау себептері. Әр мемлекеттің ыдырау себептері қандай? Себептерді негізгі, қосалқы және ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді себептерге топтастырып, пікіріңізді негіздеңіз.

Бағалау критерийі: Найман, керейіт, жалайырлардың саяси даму ерекшеліктерін талдайды.

Дескрипторлар: - Найман, керейіт, жалайырлардың тарихындағы тұлғалардың қызметін салыстыру арқылы мемлекеттердің саяси ерекшеліктерін түсіндіреді, бір ұқсастықтары мен бір ерекшеліктерін атайды; - Найман, керейіт, жалайырлардың ең күшейген кезеңін атайды; - Негізгі оқиғаларды атап, маңызын түіндіреді; - Найман, керейіт, жалайырлардың ыдырау себептерін анықтап, екі негізгі, екі қосалқы себептерін топтастырады. Бағалау: Бір жұлдыз, бір ұсыныс (тілек) «Бағдаршам» әдісі 

Сабақтың соңы

(5 мин)

Мұғалімнің бағалау критерийлері бойынша кері байланысы.

Рефлексия. Тапсырмаларды орындау маған жеңіл болды, себебі... Тапсырмаларды орындау маған онша жеңіл болған жоқ, өйткені ... Тапсырмаларды орындауда қиындыққа тап болдым, себебі ... 

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру