Рационал сандарды салыстыру

БАЗАРБАЕВА АҚЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
БАЗАРБАЕВА АҚЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
Жамбыл облысы
Тараз қ.
46 орта мектеп
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Рационал сандар және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Рационал сандарды салыстыру

05.02.2020
135
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.8 рационал сандарды салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылар берілген координаталық түзуде рационал сандарды салыстырып үйренеді және дағдыланады     

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді.             Пәнге қатысты лексика мен терминология:
  •  рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;      оң бағыт; теріс бағыт.
Күтілетін нәтиже:

Сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндеді

Бағалау критерийлері:

- бүтін сандарды салыстыра алады;

- рационал сандарды салыстыра алады  

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың бір-біріне деген кұрмет, басқаның пікірін тыңдау, өз пікірін еркін білдіру дағдыларының қалыптасуы бірлескен жұмыс арқылы іске асады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

http://www.bilimland.kz/, интернет-ресурстарды пайдалану 

Бастапқы білім:

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар, санның модулі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5)

Ұйымдастыру кезеңі:

 Оқушылармен сәлемдесу

 Психологиялық тренинг: «Сәлеметсің бе!» әдісі Ал енді, балалар, барлығымыз жұппен тұрып, бір-бірімізбен «Сәлеметсің бе?!» әдісі арқылы амандасайық. Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді.

Бас бармақтан бастайды: 

  Мен саған (бас бармақ);

 Барлығында (балан үйрек);

 Табыс (ортан терек);

 Сәттілік (шылдыр шүмек);

 Тілеймін (кішкентай бөбек);

 Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

 Үй тапсырмасын тексеру  

Үй тапсырмасын топ басшылар топ мүшелерінің үй тапсырмаларын тексеріп шығады. /жауабын интербелсенді тақтада көрсетемін/.

Үй тапсырмасын дұрыс, бұрыстығын тексеріп, оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерін бағалайды.  



5e3ad38169ffb.png

Сабақтың ортасы

(10)

Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру «Бор беру стратегиясы» әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.  

Сандарды салыстырыңдар:

1) 11 және -3

2)-2 және |-6|

3)|-33| және -47

4)18 және -26

5)79 және |-12|

6)-16 және 46

7)-49 және 0

8)-7 және -7,1

9)11 және -11

10)5 және -4

Дұрыс, бұрыстығын тексеріп, оқушылар бір – бірін бағалайды.  

Топтық жұмыс. «Қоржын» әдісі арқылы әр топ өз тапсырмаларын таңдап алады.

 1-қоржын. №360 есеп тақтамен жұмыс Берілген теңсіздікті тура теңдікке айналдыратын барлық бүтін теріс сандарды жазыңдар:

1)-8,2≤х≤4                 2)-3<х≤7

3)-7≤х<1,2                4)-5<х≤3

Дескриптор: Білім алушы:

Берілген теңсіздікті тура теңдікке айналдыратын барлық бүтін теріс сандарды жазады. Оқушыларды смайликтер арқылы бағалаймын.  

2-қоржын. Координаталық түзуге ең үлкен және ең кіші рационал сандарды белгіле:-5; -4; -3; -2; -1; 0;

Дескриптор: Білім алушы:

 Координаталық түзу сызады;

 Берілген санды координаталық түзуге белгілейді;

 Ең үлкен және ең кіші рационал санды табады.  

3-қоржын. Bilim land-тен тест тапсырмасы.

Дескриптор: Білім алушы:

 Bilim land-тен тест тапсырмаларын топпен бірлесе, ақылдаса орындау.

«Басбармақ» әдісі арқылы өз – өздерін бағалайды   

5e3ad4cbb7243.jpg



https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/raczional-sandardy-salystyru?mid=0070a2f7-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051



Сабақтың соңы

(10)

«Bilimland» арқылы тапсырмалар орындау. Тапсырмаларды жұппен орындайды.

Тапсырмаларды орындап болған соң өз-өздерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/raczional-sandardy-salystyru?mid=0070a2f3-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

Рефлексия

(5)

«Қызық,Қиын,Құнды» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.

Пікірлер(0)

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз
Кіру