Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру;

Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Ақтөбе
Темір
С.Бәйішев атындағы орта мектеп
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру;

07.02.2020
263
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

- ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстырады

- жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады;

- ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады;

- ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;  

Бағалау критерийлері:

Білу: Ондық бөлшекткерді салыстыру тәсілдерін біледі; Түсіну: Өзара тең ондық бөлшектерді анықтай алады және разрядтары бойынша санды жіктеуді түсінеді; Қолдану:Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координалық сәуледе салыстыра алады; Талдау: Есептің шартын талдай отырып, теңсіздікті қанағаттандыратын-дай қажетті цифрларды анықтайды.   

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, физика

Бастапқы білім:

Жай бөлшекті ондық бөлшектерге айналдыра алады; ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Топқа бөлу Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. Жұмыстың мақсаты:Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыра білу және жай бөлшектерді салыстыру бойынша білімдерін жинақтау, жүйелеу. Жаңа сабақты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыру. Оқушының әрекеті: топшаларды кездейсоқ таңдайды, топшадағы жай бөлшектерді салыстырады, өсу ретімен қатарға тұрады және оларды ондық бөлшекке айналдырады. Қатардағы оқушылар бірінші, екінші, үшінші деп санап үш топқа бөлінеді. Мүғалімнің әрекеті: жай бөлшектерді салыстыруда оны ондық бөлшектерге айналдыруда оқушылардың жұмысын мақтау, мадақтау арқылы бағалау. 3. Проблемалық жағдай туғызу. - Ондық бөлшектерді қалай салыстыруға болады? - Координаталық сәуледе үлкен сан мен кіші сан бір-біріне қатысты қалай орналасады? - Сонымен, сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?  

Сабақтың ортасы

4. Сабақтың мақсатын анықтау Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау. 5. Жаңа сабақты меңгеру Презентация көмегімен жаңа сабақты меңгерту. 6. Топтық жұмыс. Жұмыстың мақсаты:Ондық бөлшектерді салыстыру дағдысын қалыптастыру. Кездесетін қателіктерді жойып, күрделі есптер шығаруға ынталандыру. Бір-бірін бағалау арқылы өз ойларын батыл жеткізу. Қателесе отырып қате жою. Оқушының әрекеті: Бірігіп жұмыстануға қолайлы жағдай туғыза отырып, тапсырмаларды бірге талдап, бір-бірлеріне көмектесіп оқулықтағы есептерді шығару. Тапсырмалар: І топ № ІІ топ № ІІІ топ № Бағалау: Әр топ жұмыстарын келесі топқа беріп бір-бірін бағалайды. Бағалауда келіспеушілік болса, сыныппен оқушылары барлығы бірігіп талдайды, бір шешімге келеді. Бағалау критерийі: № есебі бойынша - Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады; - Берілген цифрлардан ондық бөлшек құра алады; - Ондық бөлшекті оқи алады; - Ондық бөлшектерді салыстыра алады; - Салыстыру нәтижесі бойынша өсу/кему ретімен жаза алады; - Салыстыру нәтижесі бойынша ең үлкен/ең кіші ондық бөлшекті анықтай алады. № есебі бойынша - Қос теңсіздік ұғымын түсінеді; - Ондық бөлшектерді салыстыруды түсініп, талдау жасау арқылы қажетті цифрды таба алады; - Өз жауабын негіздей алады. № есебі бойынша - Ондық бөлшекті оқи алады; - Ондық бөлшектерді разрядтық қосылғыштар түрінде жазуды біледі; - Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салытыра алады; - Жауаптарын негіздей алады. 

Презентация Алдамуратова Т.А. Матемтика -5класс, Дидактикалық материал  

Сабақтың соңы

7. Деңгейлік тапсырмалар.Формативтік бағалау І деңгей №№1,6,8 ІІ деңгей №№2,7,9 ІІІ деңгей №№3,4,5,10  

8. Үйге тапсырма. 1. № Алдамуратова -5 кл 2. Перзентацияны үйде қайтадан қарау.  

Рефлексия

9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі. - Бүгінгі сабақта кімнің жауабы саған жаңа сабақты жақсы түсінуге әсер етті? - Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды? - Сабақ мақсатына жеттім деп ойлайсың ба? Жетпесең неліктен?  

Пікірлер(0)