Жай бөлшектерді қосу және азайту.

Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Баймуратова Шолпан Жумабаевна
Ақтөбе
Темір
С.Бәйішев атындағы орта мектеп
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Жай бөлшектерді қосу және азайту.

07.02.2020
146
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты: Оқушылар жай бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындай алу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жай бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындай алады.
Бағалау критерийлері:
Білу және түсіну бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерге қосу және азайту амалдарын орындай алады.

Білімін қолдану қолданбалы есептерді шешуде бөлшектерді қосу және азайту ережесін қолдана алады

Құндылықтарды дарыту: Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау, академияық шыншылдық, сыни тұрғыдан ойлау.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Мультимедиялық тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: Информатика
Бастапқы білім: Сандардың ең кіші ортақ еселігін білу, жай бөлшекті, дұрыс және бұрыс бөлшектерді білу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.Сабақ тақырыбымен, жоспарымен және оқу мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

II. Жаңа сабақ. Оқушыларға жұптасып, 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салу және оны бірдей сегіз бөлікке бөлу ұсынылады. бөлігін көк түске , ал бөлігін қызыл түске боятқызып, келесі сұрақтар қойылады. Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялған? Орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады? Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтуды қалай орындау керектігін түсіну үшін жұппен практикалық жұмыс орындайды: Қағаздан ұзындығы 8 см, ені 1 cм болатын жолақ кесіп алып, оны бірдей сегіз бөлікке бөлу керек. Жолақтың 5/8бөлігін кесіп алу керек. Сұрақ: oсы жолақтың көмегімен 5/8-3/8азайту амалын қалай көрсетуге болады? Қандай нәтиже алынады? Мәтін есептерді шығару: Оқушылар бірінші күні берілген учаскенің -нің, екінші күні одан -ге артық бөлігінің арам шөбін отады. Екі күнде оқушылар учаскенің қанша бөлігінің арам шөбін отады? Катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығы км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар. Бірінші күні учаскенің га-ның өнімі, екінші күні га-ның өнімі жиналды. 2 күнде қанша гектардың өнімі жиналды? Теңдеулерді шешіңіз:(Мұғалім тақтаға бір теңдеудің шығарып көрсетеді. Қалғандарын оқушылар өздері шығарады.)

Сабақтың соңы

III. Бекіту. Келесі диалогқа/жазылымға қажетті тіркестерді пайдаланып сөйлемді аяқтаулары қажет: - бөлімдері бірдей екі бөлшекті қосу (азайту) үшін ,... керек; - бөлімдері әртүрлі екі бөлшекті қосу (азайту) үшін,... керек; - толықтауыш көбейткішті табу үшін ,... керек; - бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші ... болады;

Үй тапсырмасы: Жай бөлшектерді қосу және азайту амалы қолданылатын 5 теңдеу құрастырып, оны шешіп келу.

Рефлексия

Рефлексия.БЕСТІК: Оқушыларға қағазға қолының суретін салу тапсырылады. Әр саусақ –адамның өз пікірін білдіреді. Басбармақ-мен үшін маңызды және қызық; Cұқ саусақ –маған қиын болды (ұнамады); Ортаңғы саусақ –маған жеткіліксіз болды; Аты жоқ саусақ –менің көңіл күйім; Шынашақ –менің ұсынысым.

Пікірлер(0)