Қайталанатын үлгілер

МАКАНОВА НУРИЛА АБАЕВНА
МАКАНОВА НУРИЛА АБАЕВНА
Шымкент
СШ №83
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Компьютер және программалар (ортақ тақырып: «Жанды табиғат»)
Тақырып:

Қайталанатын үлгілер

10.02.2020
45
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану; 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;  

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Қарапайым графикалық редактордың құралдарының жұмыс істеу батырмаларымен, мәзір командаларымен танысады. Көпшілік оқушылар: нысанның сыртқы түрін өзгерту (мысалы, қию, бұру, өлшемін өзгерту және т.б) командаларын, қайталанатын суреттар салуға дағдыланады. Кейбір оқушылар: қарапайым графикалық редактор құралдарын қолданады. Практика барысында нысанның сыртқы түрін өзгерту (қию, бұру, өлшемін өзгерту және тағы басқа) қайталанатын суреттер салуға дағдыланады  

Тілдік мақсаттар:

Лексика мен терминалогия: көшіру – копировать – copy т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер.

Графикалық редакторға қатысты тіркестер мен сөздермен танысу.  

Күтілетін нәтиже:

Окушыларды  ЖАНА САабақпен таныстыру

Бағалау критерийлері:

1. Қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;

2. Түстер палитрасы мүмкіндіктерін қолдану

3.  Практика барысында нысанның сыртқы түрін өзгерту (қию, бұру, өлшемін өзгерту және тағы басқа) қайталанатын суреттер сала алады  

Құндылықтарды дарыту:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Ақпарат іздеу

Пәнаралық байланыс:

Математика, бейнелеу өнері, еңбек, ағылшын

Бастапқы білім:

Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру.

Графикалық редакторде қандай фигураларды пайдаланамыз?

Фигураның стилін қалай өзгертеміз?  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

.Психологиялық ахуал: Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін тұрғызып, «Бес саусақ» әдісін қолданамыз. «Бас бармақ» - Бүгінгі «Балаң үйрек» - сабақта «Ортан терек» - көтеріңкі «Шылдыр шүмек» - көңіл күй «Кішкентай бөбек» - тілеймін! «Мозайка әдісі арқылы топтастыру» І топ – Сурет, ІІ топ – Графика Топ атаулары мен бағалау критерийлері таныстырылып өтеді. Өзара топ мүшелеріне бағалау парағы таратылады. Топтар бірін – бірі өзара бағалайды. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтар талқыланып, жауап тыңдалады /жұптық жұмыс/ 1. Фигуралар салу үшін қандай топты таңдаймыз? 2. Қандай фигуралар бар? 3. Симметрия деген не? Смайлик арқылы бірін – бірі бағалайды  

  Оқулық (63 – 66 суреттер)  

Сабақтың ортасы

(5 мин)

«Графикалық органайзер» әдісі арқылы сызба сызу арқылы түсіндіру /топтық жұмыс/ 1. Неліктен сурет бөлігін көшіріп аламыз? 2. Не үшін суретті ерекшелейміз? 3. Неліктен суретті қайталап салмай, көшірмесін қоя беруге болады? Топтар бірін – бірі «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды. Оқушылар дискідегі тапсырманы орындайды /жеке жұмыс/. Оқушылар өздерін «Желкенді кеме» арқылы бағалайды. Дескриптор: 1. Қарапайым графикалық редактор құрады; 2. Түстер палитрасы мүмкіндіктерін қолданады; 3. Практика барысында нысанның сыртқы түрін өзгерту (қию, бұру, өлшемін өзгерту және тағы басқа) қайталанатын суреттер салады 4. Суретті ерекшелейді; 5. Суреттің бөліктерін көшіреді;  

Диск. 28 – слайд  

Сабақтың соңы

(3 мин)

«Ойымды жалғастыр» әдісі арқылы сұрақты талдап, ойларымен бөлісу. Табиғатта симметриялы заттар көп пе? Мысал келтір. «Мадақтау» арқылы қорытынды жасалады. 2.Кері байланыс: «Не үйрендім? Не білдім? Не білгім келеді?» әдісі арқылы әр оқушы өзінің алған біліміне талдау жасайды. Үйге тапсырма: оқулық (63 – 66 суреттер). §17 қайталанатын үлгілер. Оқулықтағы «Үйде орындайық» тапсырмасын орындау.  

Рефлексия

(2 мин)


«Бес бармақ» әдісі «Графикалық органайзер» әдісі «Ойымды жалғастыр» әдісі «БББ» әдісі      

Файлдар:

Файлды ару Қайталанатын үлгілер

Пікірлер(0)