20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту. Бекіту сабағы
20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту. Бекіту сабағы
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 1.1.2.5 ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды 20 көлеміндегі сандарды, ондықтарды ауызша, жазбаша қосу және азайтуды орындау. 1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуды пайдалану |
| Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар білуге тиісті: тақырыпты қайталайды Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды (ондықтарды) ауызша қосу және азайтуды орындайды Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Алдыңғы білімдер | 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады; 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын “+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады. 100-ге дейін тура және кері, санай алуы; ондықтармен санау |
| Жетістік критерийлері | Оқушылар ондық санау ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдаланады. Есептерді қатесіз шешеді Тапсырманы дұрыс орындайды |
| Тілдік мақсаттар | ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін түсіндіру |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Тілдік құзыреттілік | санау |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (3 мин + 4 мин) |
1.(ҰЖ) «Санап көр» ойыны: • 1-ден 9-ға дейін сандарды ағылшынша сана • 10-нан 20-ға дейін сандарды орысша сана • Дөңгелек сандарды қазақша сана Осы сандар бойынша қорытынды жасап көр 2.Сабақтың тәртіп ережесімен таныстырылады 3. Тірек білімді еске түсіру арқылы тапсырмаларды орындау |
Үш тілде санайды |
|
Сабақтың ортасы (9 мин) |
1.Сабақтың тақырыбын «Адасқан әріптер» әдісі арқылы анықтау 2. Оқу мақсаты таныстырылады 3. Оқушының мақсаты таныстырылады 4. «Көркем жазу» минуты 15 саны 5. ЖЖ “Кім тапқыр?” • Д: өз бетінше жұмыс істей алады және өрнектердің мәнін таба алады. |
Таныстырылым, Бұл сан туралы не айта аласың? https://bilimland.kz/kk/courses/bastapqy-matematika/1-synyp/6-0-men-20-sandar-aralyhynda-kosu-zhane-azajtu/lesson/6-03-2-zhup-zhane-taq-sandar-zhattyhular |
|
ҰЖ жұмыс (9 мин) |
6. ҰЖ Есепті шығар • Асханаға 13 банка алма шырыны және 6 банка өрік шырыны әкелінді. Асханаға барлығы неше банка шырын әкелінді? 7. ТЖ. Ойланып, шығар • Сәкен анасына арнап гүл шоғын сатып алды. Гүл шоғы 25 теңге тұрады. Сәкен бұл соманы қандай монеталармен төлей алады? Екі нұсқасын жазып көрсетіңіз. Бірдей монеталарды бірнеше рет қолдануға болады. |
|
|
Өзіндік жұмыс (7 мин) |
8. Өзіндік жұмыс. Ереже арқылы дәлелдейді |
https://bilimland.kz/kk/courses/bastapqy-matematika/1-synyp/6-0-men-20-sandar-aralyhynda-kosu-zhane-azajtu/lesson/6-07-2-ozindik-zhumys-zhattyhular |
|
Қорытынды бөлім (8 мин) |
1. қосымша тапсырмалар арқылы бекіту 2.Сабақтың мақсатына жеткенін анықтау 3. Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс жасау
|
|



Пікірлер(0)