Зат есім
Зат есім
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар жасай алады: Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады. Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
| Тілдік мақсаттар: | Зат есім, сөз таптары, жалқы есім, жалпы есім |
| Күтілетін нәтиже: | Зат есім ережесін біледі, жалқы есім мен жалпы есімді ажыратады |
| Бағалау критерийлері: | • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
| Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, қазақ тілі. |
| Бастапқы білім: | 5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (3 минут) |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. (Ұ) Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлерімен амандасады. Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім, Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер, Қайырлы күн, барша тіршілік иесі. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақыт жалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) (Ө; Ж) «Ойлан–жұптас–талқыла» стратегиясы. «ББҮ» кестесімен жұмыс. Ә. Қастеев туралы не білетіндерін, не білгісі келетіндерін жазады. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|
Сабақтың ортасы (30 минут) |
Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) 3.2.6.1 (Ө; Т; Қ) Мәтіндерді оқып, өзара салыстыру. 9-жаттығу. «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін оқып, өзара салыстырады. Мәтінде кімдер туралы айтылғанын анықтайды. Мәтіндерді көркем шығарма түрлеріне ажыратып, топта талқылайды. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, топта дәлелдейді. (Ө; Ұ; Қ) Зат есімдерді тауып, жалқы және жалпы зат есімдерді ажырату. «Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді тауып, қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін ажыратып, анықтайды. Дәлелдеулер жасатылады. 3.4.2.3 (Ө; Ж; Қ) Мәтінді көшіріп жазу. Зат есімдерді табу. 10-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазады. Зат есімдерді тауып, олардың үстіне үлгі бойынша белгілеп жазады. Жұппен жұмыс жасайды. Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізеді. Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады. 3.4.2.3 (МК; Ұ; Ө; Қ) Сызба бойынша ой қорыту жасау. 11-жаттығу. Сызбаға қарап, жалқы және жалпы есім туралы ой қорытындылары тұжырымдалады. Оқулықта берілген әр сөздің қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын анықтап, өз ойымен бөліседі. (МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Экспонат сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады. Дескриптор: Жаңа білімді меңгереді. Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
|
Сабақтың соңы (4 минут) |
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|
Рефлексия (3 минут) |
|


Пікірлер(0)