П дыбысы мен әрпі.

Шуренова Гаухар Сагидуллаевна
Шуренова Гаухар Сагидуллаевна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
№3 Шұбарқұдық орта мектебі
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Саяхат
Тақырып:

П дыбысы мен әрпі.

10.02.2020
60
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді. Көптеген оқушылар:

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.Дыбыстық талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар:

оқу

Күтілетін нәтиже:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

  Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады

Бағалау критерийлері:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. 

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интер белсенді тақта , таныстырылым

Пәнаралық байланыс:

Өнер, ана тілі сабағы

Бастапқы білім:

 Психологиялық дайындық Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Топқа бөлу Геометриялық фигураларды пайдаланып топтарға бөлу

 Қызығушылықты ояту

Жұмбақ Қорықпайды күшті аңнан Қорқады тек тышқаннан (Піл)

Сабақтың ортасы

: Оқулықпен жұмыс Қарамен жазылған сөздерді буындап оқу Апа,апан,пана,сап,қап,тап,арпа,атпа,теппе,ақпан,қақпан,кептер,әріп,Әлима,әдеп Кірпі мен қоян сахналық көрініс

Оқушылар сахналық көрініс қояды «Әдемі» сөзіне мағынасы жуық сөздер тапқызу 

Көрікті,келбетті,сулу,сымбатты,көркем

Дәптермен жұмыс «П» дыбысының үлгісін дәптерге жазады

: Сергіту сәті  Тербеледі ағаштар  Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар  Үп-үлкен боп өседі  6-әрекет: Топпен жұмыс Топқа бөліп тапсырма беру. 1-топ «П дыбысы» бар сөздерді тап Кептер,қалам,қолғап,кітап,апа,кеме,үтік,апан,парта,ауа,ата. Дискриптор Сөздерді оқиды «П» дыбысы бар сөздерді табады

2-топ «Апан» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар Дискриптор Сөзді оқиды Дыбыстық талдау жасайды 3-топ «Шашылған әріптер» ойыны Оқушыларға кеспе әріптер беріледі,сол әріптерден сөздер құрастыру Дискриптор Әріптерді таниды Әріптерден сөздер құрайды

4-топ «Пана» сөзіне дыбыстық талдау жаса Дискриптор Сөзді оқиды Дыбыстық талдау жасайды

5-топ Өлеңнен «П» дыбысы бар сөздерді белгіле Пайдалы деп пияз жеп Парлады жас көзімнен Піссінші біраз деп Пысылдадым төзіммен

Дискриптор Өлеңді оқиды «П» дыбысы бар сөздерді табады

Жұптық жұмыс: «Жоғалған әріптер» ойыны .

Оқушылар түсіп қалған әріптерді жұпта табады Ке...тер,а...ан,....ана, қақ....ан,...арта,а...а

Сабақтың соңы

 Рефлексия «Тілек ағашы» оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге смайлик арқылы суретін салып жабыстырады



Рефлексия

Оқушылардың деңгейін тексеру

Пікірлер(0)