Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 10.3.2.4 -халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау; • 10.3.2.5 -тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта – ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау |
| Сабақтың мақсаты: | Ұлы қоныс аударудың себептерін және оның әлем тарихын дамытуға әсерін талдайды |
| Тілдік мақсаттар: | Мәселе және оны шешу туралы өз пікірін білдіреді |
| Бағалау критерийлері: | Халықтардың ұлы қоныс аударуының себептерін атайды және талдайды Халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларына дәлелдер келтіреді; |
| Құндылықтарды дарыту: | Еркіндік, теңдік, ұлттық сана, патриотизм, ізгілік, жаһандану, төзімділік. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу |
| Пәнаралық байланыс: | Географиямен пәнаралық байланыс болуы мүмкін |
| Бастапқы білім: | Оқушылар сондай-ақ қазіргі әлемдегі проблемалар мен олардың ұзақ мерзімді себептері арасында байланыс жасай алады. Олар мұны 6-7-сыныптағы Қазақстан тарихынан халықтардың ұлы қоныс аударуы туралы білімдермен байланыстырады. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (2-5 мин) |
(БЫМ) мұғалім ғұндар бейнеленген слайдты және оған қойылатын сұрақтарды көрсетеді: Ортағасырлық дәуірдің басы қандай оқиғаларға байланысты? (жауап: халықтардың ұлы қоныс аударуымен) Бұл оқиғаның басталуына қандай халық түрткі болды? (жауап: Ғұндар ) |
|
|
Сабақтың ортасы (25 мин) |
(М/С) (ф) мұғалім сыныпқа сұрақ қояды: Неге ежелгі адамдар көшіп-қонып жүрген? және олардың гипотезалар ұсынуын өтінеді. \Тақтаға олардың жорамалдарын (3-4-тен кем емес) жазады. Оқушылар шамамен мынандай гипотезалар ұсынуы мүмкін: • Халықтардың орын ауыстыруы азық-түлік іздеуге, малға арналған жаңа жайылымдарды іздеуге байланысты болды. • Жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында Азия кеңістігіне көшкен тайпалардың белсенділігі күшейе түсуде. • Бұл белсенділік табиғи құбылыстармен түсіндіріледі. • Жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында мал шаруашылығының құлдырауына алып келген себеп бұл құрғақшылық салдарынан даланың құрғап кетуі болды. Жұптық жұмыс: " Халықтардың ұлы қоныс аударуын тудырған себептер» мәтінін оқыңыз (ресурс 1)– сіздің гипотезаны растайтын фактілерді табыңыз. Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, мұғалім слайдтағы фактілерді көрсетеді: • Біздің дәуіріміздің 4 ғасырында күн күрт суытты, бұрын континенттік климаты бар аумақтарда тұрып жатқан этностар өмір сүруге қолайлы аудандарды игеруге мәжбүр болды. • Қазіргі Италия, Франция және Англия жерінде боран және су тасқындары болып тұрды. • Орталық биліктің әлсіреуі және армияның іс-әрекетке қабілетсіздігі салдарынан Рим империясының құлдырауы басталды,шекаралық аудандарға көршілес халықтар қоныстана бастады. • Скифия мен Сарматиядағы демографиялық жағдай жақсарды, себебі,Солтүстік Қара теңізімен және Жерорта теңізімен сауда байланыстарын дамытудың арқасында бұл жерлер өмір сүруге неғұрлым қолайлы болды, бұл халықтың өсуіне әкелді.. • Мемлекеттіліктің пайда болуы, жаулап алуға ұмтылу тайпалардың одақтарға бірігуінен туындады. • Орта Азиядан ғұндардың басып кіруі. Топтық жұмыс: зерттеу "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" ресурсын зерттеңіз: ЭТНИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК, САЯСИ САЛДАРЛАР". • Бағалау критерийлері: PEST (STEP) талдау жасаңыз • Карталарды салыстырыңыз( ресурс 3), Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз |
|
|
Сабақтың соңы (5 мин) |
Рефлексия:Қорытынды жаса және сөйлемді аяқта: Халықтардың ұлы қоныс аударуының салдары мынандай…» Сұрақтарға жауап бер: Қай кезеңді халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды? Халықтардың ұлы қоныс аударуына қандай тайпалар қатысты? Халықтардың ұлы қоныс аударуының оң және теріс салдарын атаңыз? |
Пікірлер(0)