Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.Адалдық адамның маңызды қасиеті екенін түсіндіру. 2.Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын екенін ажырата білу. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлығы:Жаңа білімді түсінеді. Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. |
| Құндылықтарды дарыту: | Ақиқат |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Видео ролик слайд көрсету |
| Пәнаралық байланыс: | қазақ әдебиеті,математика,қазақ тілі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 мин) |
1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы) Бірінші күн- дүйсенбі Екінші күн – сейсенбі Үшінші күн – сәрсенбі Төртінші күн — бейсенбі Бесінші күн — жұма Алтыншы күн- сенбі Жетінші күн- жексенбі. Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
Сызба парақшалары. |
|
Сабақтың ортасы (20) |
Жаңа сабақты түсіндіру Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! Елеместің адамгершілігі. Түсіндіру. Сұраққа жауап беріңдер: 1.Қарт Елемеске қандай кеңес берді? 2.Елеместің өмірі қалай жалғасты? 3.Елемес қандай адам? 4.Оның адалдығын қандай істен көруге болады? 5.Адал болу үшін не қажет?(Барлығы мәтін бойынша сұраққа жауап береді) Ар ұждан, адалдық туралы даналық сөздер Өлімнен ұят күшті. Ерді - намыс өлтірер, қоянды - қамыс өлтірер. Жарлы болма, арлы бол. 3-тапсырма. Көп нүктенің орына қажетті сөздерді қойып айтыңдар.(көпшілігі) Қажетті сөздер: ақиқат, адалдық, әділдік,шындық,батылдық. 1.Аюға бал керек,ал саған ше? Маған ... керек. 2.Ақ тиынға жаңғақ керек, ал саған ше? Маған ... керек. 3.Балыққа жем керек,ал саған ше? Маған... керек. 4.Қоянға сәбіз керек Маған ... керек 5.Құмысқаға дән керек Маған ... керек. СЕРГІТУ СӘТІ. Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. Жұмбақ шешіп, демалайық! Ызақор бұғып жатыр , Сақалы шығып жатыр. (жуа) Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады. (жуа) Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ) Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (қызылша) (Жұмбақты кейбіреуі шеше алады) |
Сергіту сәті Сұрақ парақшалары. Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы (7 мин) |
Бүгінгі сабақта болғ ан көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Смайликтер |
|
Рефлексия (3 мин) |
"Ыстық орындық" әдісі, "Бес бармақ" әдісі |

Пікірлер(0)