2.1 Географиялық карталар

Мырзагалиева Бакытнур
Мырзагалиева Бакытнур
Ақтөбе
Таскопа
Теректинская школа-сад
География
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Географиялық деректер базасы
Тақырып:

2.1 Географиялық карталар

11.02.2020
41
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: тақырыптық карталардың мазмұнын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырыптық карталардың мазмұнын біледі, шартты белгілерді түсінеді.

Кейбір оқушылар: географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды.

Тілдік мақсаттар:

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар: ауызша және жазбаша сөйлеу нормаларын сақтай отырып, өз ойларын жинақы және логикалық сабақтастықта жеткізе алуға үйрету.

Оқылым: Мәтінді оқи отырып тақырыптық карта туралы зерделейді.

Тыңдалым: Сабақ барысында қолданылған карталарды талқылайды, тапсырмаларға жан-жақты толық жауаптар табады, шағын топтарда бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: тақырыптық картаның шартты белгілерінің аттарының дұрыс жазылуын, картаны оқудың тәсілдерін білетін болады. 

               

Күтілетін нәтиже:

Географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқи алады.  

Бағалау критерийлері:

 Егер төмендегі жетістік критерйлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді. - Тақырыптық карталардың атауын, мазмұнын, шыққан жылы мен орны, баспасы, масштабын оқиды, түсінеді және қолданады;

- Элементтер бойынша карта мазмұнының бейнеленуін сипаттайды;

- Карта көркемделуінің шрифт ерекшелігін (түсі, сипаты, мөлшері) ажырата алады.   

Құндылықтарды дарыту:

 «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және «өмір бойы оқып-үйрену».

АКТ-ны қолдану дағдылары:

 интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс:

 математика, информатика,тарих

Бастапқы білім:

 7.2.1.2. географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)

Психологиялық тренинг

Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Берілген әріптермен басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

С-сыпайылық, сүйіспеншілік, сенімділік, сабырлылық

Ә-әрекетшілдік, әсемділік, әдептілік

Т-тапқырлық, танымдық, төзімділік

Т-тәртіптілік, тәрбиелік, тазалық

І- ізеттілік, ілгерілік

Л-лайықты, лебізді

І- ілтипаттылық

К-көркемділік, кішіпейілділік

«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу.

«График», «Түсіндіргіш мәтін», «Фотосуреттің» суреттерін құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. Бұл атаулардың тақырыпқа қатысы бар, жоғы анықталады.

  - Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу.

Табыс критерийлері:

• нақытылық;

• белсенділік;

• бірлескен жұмыс;

• уақытты үнемдеу.   

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушыларға тиімді сұрақтар қойылады. Оқушылар, алдыңғы білімнің мазмұнын еске түсіріңіздер, географиялық нысандарды картадан қалай анықтайтын едіңіздер?  Bilimland.kz порталынан тақырыпқа қатысты материалдар көрсетіледі. 

«Ой қозғау» . Жұмбақтың шешуін табыңдар. «Жер бар, – қазуға болмайды. Жолдар бар, –жүруге болмайды. Өзендер бар, – жүзуге болмайды». (Географиялық карта)  

Сіздер жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңыздар, ендеше біздің сабақтың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар?

-Ия, дұрыс айтасыздар. Сабақтың тақырыбы «Географиялық карталар» тақырыбындағы географиялық шартты белгілерді, қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқу     

қима қағаздар

Сабақтың ортасы

(25 мин)

 1-тапсырма. «Түртіп алу» стратегиясы. Атласты және мәтінді пайдалана отырып, «тақырыптық карта» терминінің анықтамасын жазып шығарыңыздар. Барынша қолдау көрсету: тақырыптық карталарды ашып, картада қандай шартты белгілер сипатталғанын анықтаңыз.

Орташа қолдау көрсету: тақырыптық карталарды топқа бөліңіз.

Қолдау көрсету аз: карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, «тақырыптық карта» терминінің анықтамасын құрастырып,жазыңыз.  

2-тапсырма. Топтық жұмыс.

Тақырыптық карталарды оқи білу және талдау жасаудың негізгі жолдарын меңгеру үшін тақырыптық карталар бөлініп беріледі.

1-топ. Дүниежүзінің саяси картасы

2-топ. Пайдалы қазбалардың кен орындары картасы

3-топ. Қазақстанның топырақ картасы  

3-тапсырма. Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» интербелсенді тәсіл.

А)Тақырыптық карталардың бірін жұптарыңызбен таңдай отырып, оқулықтағы суреттердің көмегін пайдаланып, қосымша сипаттағы элементтермен толықтырыңыздар.

Ә) Берілген архитектуралық ескерткіштердің суреттерін Қазақстанның саяси картасын пайдалана отырып, табылған аймақтарына қарай орналастырыңыздар.  

 Интербелсенді тақта. Авторлары: С.Әбілмәжінова., К.Каймулдинова. География. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2018-36 б. Атлас карта. 8-сынып. Қазақстан Республикасының географиялық атласы. 1-бөлім Таратпа атлас Суреттер https://www.youtube.com/watch?v=pMGTqk2Ft3Q  

Сабақтың соңы

(3 мин)

 Кері байланыс. 

«Тамаша идеялар» әдісі. Әр оқушы «Карта мен үшін қажет. Себебі...» деп ойларын стикерге жазады.


 Стикерлер

Рефлексия

(2 мин)

 Бүгінгі сабақта болған көңіл күйді бет-әлпеті салынған суреттер арқылы таңдап, өзін-өзі бағалау.

Түсінбедім.  Сұрағым бар.  Түсіндім.   

 Бағалау смайликтері 

Пікірлер(0)