Үлес бөлшек туралы түсінік
Үлес бөлшек туралы түсінік
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты | 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру 3.1.1.6 жай бөлшектерді оқып, жазу; көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық білім алушылар: Жай бөлшектерді оқу және жазу Білім алушылардың басым бөлігі: Көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру Кейбір білім алушылар: Көрнекіліктерді пайдалана отырып, мәні бірдей бөлшектерді салыстыру. |
| Бағалау критерийлері (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) | Балалар бағалау критерийлерін талқылайды. Мен: – суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін; – үлестерді оқимын; – үлестерді жазамын; – үлестерді салыстырамын |
| Тілдік мақсаттар | Тілдік дағдылар: үлестердің тұрмыстық атауы Терминология: Бөлшек, алымы, бөлімі Талқылау: - Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді? - Бөлшектің алымы нені көрсетеді? - Қай бөлшек үлкен: 1/6 немесе 2/6? - өсу тәртібі бойынша орналастырыңдар. Жазылым: Бөлшектерді өсу (кему) тәртібі бойынша жазыңдар. |
| Құндылықтарды дарыту | Отбасы мүшелерін құрметтеу, сыйлау. |
| Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану. |
| Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | 2 санынан бастап 9 санына дейінгі көбейту кестесі. шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса». |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Жоспарлан ған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|
Басталуы: (5мин.) |
Ынталандыру. Көбі математика ілімі тек сабақта ғана қажет деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Біз математика ілімінің күнделікті өмірде қалай іске асатынын білетін боламыз. |
|
|
Ортасы: (30мин.) |
Өзектендіру. Видеоролик көру (2мин.34сек.) Мұғалім оқушылармен бірге алдыңғы сабақта өткен мәліметтерді еске түсіреді. Тақтада немесе жинақ полотносында сурет берілген.
– Бірінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? –1/2 бөлігін қалай шығардың? Екінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? 1/4 бөлігін көрсетіңдер. Қалай жазасыңдар? 1/4 бөлігін қалай шығардыңдар? Бүтін шеңберде неше ширек бөлік бар Жаңаны ашу. №1 тапсырмаға арналған суретті қараңыз. Алдыңызда тұрған күнтізбе. Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге). Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір). – Бір ай бір жылдың нешеден бір бөлігі? 1/12. – Көктем айлары қандай бөлікті құрайды? Математикада бұны былай жазуға болады:3/12. жазбаны торкөзде көрсетеді. Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді. 1 (ә) суретін қараңыздар. Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды? 2 күн ше? 1/7, 2/7. Әрі қарай мұғалім аптаның күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен атауды және жазуларын сұрайды. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/bolshekter?mid=f8afbe75-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Өзіндік жұмыс: |
|
|
Аяқталуы: (5мин.) |
Жаңаны қолдану. № 5 тапсырманы балалар өз беттерімен орындап, тексереді. Содан кейін мұғалім дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды тапсырады. Мен: – суреттен бөлшекті көрсете аламын; – бөлшектерді жазамын; – бөлшектерді салыстырамын. Өткенмен жұмыс. №6 тапсырма немесе дәптердегі тапсырманы орындау. Өзіндік жұмыс. |
|




Пікірлер(0)