Жомарттық пен кеңпейілділік
Жомарттық пен кеңпейілділік
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Білімділік: оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділік ұғымдарын қамқорлық қасиеті арқылы түсіндіру; Дамытушылық: оқушылардың айналасындағы адамдарға қайырымды іс жасау қасиетін дамыту; Тәрбиелік:оқушыларды қайырымдылыққа , қамқорлыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу. |
| Сабақтың мақсаты: | оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
| Тілдік мақсаттар: | адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасауға , жағымды сөйлеуге үйрету |
| Күтілетін нәтиже: | айналасындағы адамдарға кеңпейілділік танытып , жомарттық көрсетеді |
| Бағалау критерийлері: | адамдарға деген жанашырлығы , қайырымдылығы , қамқорлығы артады |
| Құндылықтарды дарыту: | жанашырлық , қайырымдылық , қамқорлық қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығын жарыққа шығару |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Жағымды күйге келу кезінде "Путь сердца" релаксациясы және "Біз өмірдің гүліміз" әнінің музыкасы компъютер арқылы қосылады. |
| Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка |
| Бастапқы білім: | адамдармен жағымды қарым-қатынас дағдылары |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. |
"Путь сердца" релаксациясы |
|
Сабақтың ортасы |
Үй тапсырмасын тексеру:Ы.Алтынсариннің «Жомарт» әңгімесін талдау:-Атымтай жомарттықты қалайша түсіндірді? -жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады? -жомарт адам болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар? -сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады? -өзіңнің қамқорлық көрсеткен кезің болды ма? -қандай қайырымды іс жасадыңдар? -қандай жағдайда жанашырлық таныттың? Дәйексөз «Адамның қадірлісі-жомарт кісі» Ж.Баласағұни 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу. Әңгімелеу М.Сүндетов «Қайырымдылық» -Мұқтар қайдан келе жатыр еді? -жолда ол не көрді? -Мұқтардың қандай қасеттерін байқадыңдар? -өздерің осындай жағдайды кездестірдіңдер ме?Не істедіңдер? -сен қандай жанашырлық таныттың? -біреудің қайырымды ісі туралы баяндап бере аласың ба? Шығармашылық жұмыс: оқулықтағы 2-тапсырманы орындау. Топпен ән айту: Ә.Дүйсенбиев пен Б.Ғизатовтың Біз өмірдің гүліміз әнін бәрге орындау. |
Өзін-өзі тану оқулығы 99 бет |
|
Сабақтың соңы |
№22 сабаққа Е.Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін оқып және мазмұндап келу |
Өзін-өзі тану оқулығы 101-102 бб |
|
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
. |
Пікірлер(0)