ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

Қайырбай Еламан Сәлімжан
Қайырбай Еламан Сәлімжан
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30;

11.02.2020
226
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.1.1.14 ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, мысалы, 1,3 және 1,30; 5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.  
Сабақтың мақсаты: Білім,іскерлік, дағдылар жиынын өз бетімен қолдана алу дағдыларын меңгеру, оларды жаңа жағдайларға тасымалдануын жүзеге асыру. Мәселелік тапсырма бойынша өз бетімен және топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекті жай бөлшекке ауыстыруды үйренеді, бөліміндегі разрядтық бірліктері 10, 100, 1000- нан және т.с.с өзгеше болатын жай бөлшектерді ондық бөлшектерге ауыстыру дағдыларын бекітеді, жазбасының соңында нөлдері бар ондық бөлшектердің қасиеттерін шығарады, қай бөлшектерді шектеулі ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ал қайсысын ауыстыруға болмайтынын түсіндіру шеберлігі арқылы айтылым дағдысын қалыптастырады    
Тілдік мақсаттар: Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді Пәнге тән лексика мен терминология: Ондық бөлшек – decimal fraction, үтір - decimal point. Ондық бөлшектің разрядтары, жай бөлшек, разрядтық бірліктер, бөлшектің алымы, бөлімі. ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; разрядтары бойынша сандарды жіктеу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Күтілетін нәтиже: Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады. Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …) Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін.... қажет 
Бағалау критерийлері: Оқушылар: - ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады; - алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді; - ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады   
Құндылықтарды дарыту: Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.   
АКТ-ны қолдану дағдылары: Микрокалькуляторлар, интерактивті тақта немесе диапроектор, дербес маркерлік тақталар немесе рефлексияға арналған кітапшалар
Пәнаралық байланыс: Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралқ байланыс жүзеге асады. Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.   
Бастапқы білім: Жай бөлшектер, дұрыс\бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, , бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(15)

Ұйымдастыру кезеңі. Өздік жұмыс формасында үй тапсырмасын тексеру. Тірек білімдерді және олардың дәлелдерін өзекті ету. Жеке жұмыс және жұмыс нәтижесі бойынша бірін-бірі тексереді. 1. 65,931 санын разрядтар бойынша жіктеу. 2. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: ; ; ; ; ; ; ; ; ; ; ; 3. Мына бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады: . 4. Сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Ондық бөлшектің жазбасында қай разрядтардың арасына үтір қойылады? 2) Үтір алдында жазылған сан нені білдіреді? 3) Үтірден кейінгі жазылған сан нені білдіреді? 4) Үтірден кейін қанша сан болатынын қалай анықтауға болады? 5) Бөлімі 1000 болса, үтінден кейін қанша сан болады? 5. Бос орындарды толтырыңыз:  

Сабақтың ортасы

(18)

Бөлшектердің түрлері (ондық, дұрыс, бұрыс, аралас) бойынша топтарға біріктіру. Оқушылар саны бар карточканы алады, бөлшектің түрііне сәйкес орынға отырады. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. Қатені табыңыз. Оқушылар жұмысты өз бетімсен орындайды, жауаптарын тексереді және баяу орындап жатқан оқушыларға қолдау көрсетеді. 1. 1,043 санының жай бөлшек түрінде жазылуы: . 2. «нөл бүтін он мыңнан отыз жеті» ондық бөлшегінің санмен жазылуы 0,00037. 3. 5 цифрасы 6, 4325 санының мыңдық разрядында жазылған. 4. 19 м, километрмен жазылуы: 0, 00019 км. 5. 0, 008 т, килограммен жазсақ 800 кг. 6. С нүктесінің координатасы 0, 14.   Презентация, Слайд 1

Сабақтың соңы

(5)

Тест «Бөлшек сандардың ондық жазылуы». Үлгі бойынша өзін-өзі тексеру Сабақты қорытындылау. - "Ондық бөлшек" дегеніміз не? - Ондық бөлшек қайда қолданылады? - Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады? - Қандай жағдайда жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды? - Үтір алдында жазылған санды қалай атайды? - Үтірден кейін азлған санды қалай атайды? - Үтірден кейін қанша таңба боатынын қалай анықтауға болады? - Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады?    Презентация, Слайд 2-3

Рефлексия

(2)

  1. Сабақта мен .... жұмыс жасадым 2. Сабақтағы жұмысыма .... 3. Сабақ мен үшін .... болып көрінді 4. Сабақта мен ..... 5. Менің көңіл-күйім ....    Презентация, Слайд 

Пікірлер(0)