Көбейтудің үлестірімділік қасиеті Тақырыбы: Бау-бақ құрылысы
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті Тақырыбы: Бау-бақ құрылысы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.1.2.12 нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту/бөлу тәсілін қолдану |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін:Қосындыны санға көбейту ережесін білу. Бірқатар оқушылар үшін:Қосындыны санға көбейту ережесін ауызша есептеуде қолдану. Кейбір оқушылар үшін: Қосындыны санға көбейту ережесін тиімді есептеу үшін қолдану. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Ауызша көбейту орындауда қосындыны санға көбейту ережесін түсіндіру Пәндік лексика және терминология: Өрнек, қосындыны санға көбейту Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Қосындыны санға қалай көбейтуге болады? Бұл қасиеттерді тиімді есептеу үшін қалай қолдануға болады? Жазу: Өрнектерді жазу. |
| Күтілетін нәтиже: | Сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана алады. |
| Бағалау критерийлері: | Қосындыны санға көбейту ережесін біледі. Қосындыны санға көбейту ережесін ауызша есептеуде қолданады. Қосындыны санға көбейту ережесін тиімді есептеу үшін қолданады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Еңбек сүйгіштікке баулу |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта |
| Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, жаратылыстану |
| Бастапқы білім: | көбейту кестесін біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ынталандыру. Біз келдік мұнда оқуға Жалқаулықты артқа тастап, Еңбектеніп оқуға. Тырысып, жұмыс жасаймыз Назар қойып тыңдаймыз! |
|
|
Сабақтың ортасы |
Өзектендіру. «Үндемес», «Математикалық волейбол», «Қай қатар жылдам?», Жаңаны ашу. Қиындықтан шығу жобасын құру. Өзіндік жұмыс |
|
|
Сабақтың соңы |
Мен: Қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, әртүрлі тәсілдермен есептеймін; Қосындыны санға көбейту ережесіне негіздеп, сандардың көбейту алгоритмін біртаңбалы санға қолданамын. |
|
|
Рефлексия |
Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …; «Мен … өзімді мақтан етемін»; «Әсіресе маған ұнағаны …»; «Бүгін … менің қолымнан келді» |
Пікірлер(0)