Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендеріне жалпы сипаттама
Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендеріне жалпы сипаттама
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 9.3.3.1. Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды, сипаттайды; өзендер мен көлдер, мұздықтармен мәңгі тоң, жер асты сулары |
| Сабақтың мақсаты: | Қазақстанның ішкі сулары туралы білімдерін дамыту. Қазақстанның өзендері мен өзен жүйелері. Су шығыны мен жылдық қатты ағын, өзеннің қоректенуі мен режімі ерекшеліктерімен танысу. |
| Тілдік мақсаттар: | Гидросфера, өзен жүйесі, өзен торларының жиілігі, су шығыны, жылдық ағын, су режімі. |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылар Қазақстанның ішкі сулары туралы мәтінді өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады, бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасай алады; - Өзен жүйелері мен өзен алаптарын картадан көрсете алады. - Өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректену ерекшеліктерін ажыратып, талдай алады, тақырып бойынша өз ойын білдіре алады; - Басқалардың пікіріне төзімділікпен қарап, қабылдап үйренеді. |
| Бағалау критерийлері: | Оқушылар Қазақстанның ішкі сулары туралы мәтінді өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады, бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасай алады; - Өзен жүйелері мен өзен алаптарын картадан көрсете алады. - Өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректену ерекшеліктерін ажыратып, талдай алады, тақырып бойынша өз ойын білдіре алады; - Басқалардың пікіріне төзімділікпен қарап, қабылдап үйренеді. |
| Құндылықтарды дарыту: | Су-тіршілік көзі |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | презентация - слайд, ғаламтор |
| Пәнаралық байланыс: | әдебиет, химия |
| Бастапқы білім: | Су- тіршілік көзі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру, топқа бөлу, «Сандарды сөйлетейік» алдыңғы білімді еске түсіру |
Интербелсенді тақта, бейнеролик. |
|
Сабақтың ортасы |
«Сәйкестікті анықта», ІІІ-топқа «Семантикалық карта», топтық жұмыс постер қорғау |
Оқулық , Қазақстанның физикалық картасы, атлас, сызбалар, интербелсенді тақта. |
|
Сабақтың соңы |
І топ, «Полиглот. Жеті жұрттың тілін біл», ІІ-топқа «Сәйкестендіру тесті», ІІІ-топқа «Синквейн», ІV-топқа «Өзендердің бағытын сәйкестендір» |
презентация |
|
Рефлексия |
«Білім ағашы» Жасыл – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды. Сары-бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды. Қызыл-бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар,оқуым керек. |
Сурет |
Пікірлер(0)