Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.3.1.9 Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеу әдістерін ұсыну. |
| Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар үшін: Атмосфералық қысымның құрылымын, биіктікке және тереңдікке байланысты өзгеретіндігін біледі. Оқушылардың басым бөлігі үшін: Торричелли тәжірибесі арқылы атмосфералық қысымды анықтайды. Кейбір оқушылар үшін: Атмосфералық қысымның формуласын қолданып, есептер шығарады. |
| Бағалау критерийі | Атмосфералық қысымның құрылымын, биіктікке және тереңдікке байланысты өзгеретінін білді. Торричелли тәжірибесі арқылы атмосфералық қысымды анықтай алады. Атмосфералық қысымның формуласын қолданып, есептер шығара алады. |
| Тілдік мақсат | Пәнді оқыту мақсаты: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін айтуда физикалық терминдерді пайдаланып, ойын жинақтайды. Пәндік лексика және терминология: Тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера - ауа қабаттары. |
| Құндылықтарға баулу | Ауа райын болжаудағы метеорология саласын және әуе қатынасын дамытуға үлес қосады. |
| Пәнаралық байланыс | География: Оқушылар ауа қабаттарының маңызын біледі. Математика: Математикалық амалдарды пайдаланып, есептер шығару. Информатика: Интернет материалдарымен жұмыс |
| Алдыңғы білім | Гидравликалық машиналар |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы. (5 минут) |
«Көңілді күн» тренингі Топқа бөлу. (Шарлар арқылы) 1 топ «Тропосфера», көк шар 2 топ «Стратосфера», сары шар |
Түрлі түсті шарлар |
|
Сабақ ортасы (32 минут) |
«Сұрақты ұстап ал!» әдісі сұрақтар қойылады. 1. Атмосфералық қысым дегеніміз не ? 2. Адам неліктен атмосфералық қысымға төзіп шыдай алады ? 3. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне не алынады? 4. Барометр не үшін қолданылады ? 5. Барометр - анероид грекше қандай мағына береді? 6. Барометрмен тағы нені бақылауға болады? 7. Э.Торричелли тәжірибесінің мәні неде? 8. Э.Торричелли қай жылдары өмір сүрген? «Бағдаршам» арқылы бағалаймыз . «Миға шабуыл » әдісі: Атмосфералық қысым таулы жерлерде жазықтағыдан гөрі неге төмен болады? Тапсырма - 1 Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы тақырыпты ашу 1-топ. Атмосферадан – ауа қысымының биіктікке тәуелділігі айтады. 2-топ. Атмосфералық қысымнан-Паскаль тәжірибесін дәлелдігін айтады. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймыз «Миға шабуыл » әдісі: Атмосфералық қысым таулы жерлерде жазықтағыдан гөрі неге төмен болады? Тапсырма - 1 Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы тақырыпты ашу 1-топ. Атмосферадан – ауа қысымының биіктікке тәуелділігі айтады. 2-топ. Атмосфералық қысымнан-Паскаль тәжірибесін дәлелдігін айтады. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймыз Тапсырма- 2. «Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі Суретте атмосфералық қысымды зерттеу үшін Б.Паскаль шәкіртінің жасаған тәжірибесінің сұлбасы берілген. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңіз. Бағалау критерийі Дескриптор Атмосфералық қысымды анықтауға арналған тәжірибені сипаттап, биіктікті өлшей алады - тәжірибе мақсатын анықтау; - тәжірибе сұлбасын сызу -тәжірибе нәтижесін сипаттау
Тапсырма 3. «Эстафета» әдісі арқылы есептер шығарады. 1-топ. Адамның денесіне ауа қысым түсіреді. Ауаның салмағы жүк тиеген КАМАЗ-дың салмағына тең. Оның массасы 10 тонна. Неліктен адам атмосфералық қысымды сезбейді? Барметр- анериойдты пайдаланып, мектеп үйінің бірінші және ең жоғарғы қабатындағы өлшеңдер. Өлшеу нәтижелеріне қарап, сол қабаттардың арақашықтығын табыңдар. 2- топ. Останкино теле мұнарасының биіктігі 540м. Етегіндегі атмосфералық қысым қалыпты болғандағы оның шыңындағы барометрдің көрсеткіші қандай болады? (Жауабы: 711 мм. сын. бағ.) Қалыпты жағдайдағы Берлин мұнарасының шыңындағы барометрдің көрсеткіші 727мм. сын. бағ.- на тең болса, онда оның биіктігі қандай? (Жауабы: ~363м «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісі арқылы бағалаймыз.
|
Плакат, маркерлер |
|
Сабақтың соңы (3 минут) |
Кері байланыс «Кезбе тілші» Өзіңіз үйренген үш нәрсе туралы; Не нәрсе оңай болды? Не нәрсе қиын болды? Не білгіңіз келеді? |
Кері байланыс «Кезбе тілші» |




Пікірлер(0)