Мұхиттардың тіршілік дүниесі.

УТАРБАЕВ САМАТ МИНДАГАЛИЕВИЧ
УТАРБАЕВ САМАТ МИНДАГАЛИЕВИЧ
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
География
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Биосфера
Тақырып:

Мұхиттардың тіршілік дүниесі.

13.02.2020
103
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.3. 4.4 Мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1. Мұхиттағы тіршілік дүниесінің тереңдік топтары мен белдеулер бойынша таралуын біледі

2. Мұхиттағы тіршілік дүниесінің қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсінеді

3.Мұхитта тіршіліктің таралуына әсер ететін факторлардың маңызын нақты тұжырымдап дәлелдейді  

Тілдік мақсаттар:

Айтылым: оқушылар тақырып бойынша мәтінді талдайды, өз тұжырымдарын ұсынады. Тыңдалым:мұхиттағы тіршілік туралы бейнеролик көрсетіледі. Жазылым: терминдер мен ұғымдарды жазады. Оқылым: берілген мәтін мен тапсырмаларды оқу арқылы дағдылары дамиды. Түйінді сөздер мен сөз тіркестер: планктон, нектон, бентос, фитопланктон, зоопланктон Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер, ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер:(тиісті сөздерді орналастыру) 1. Өсімдіктер планктоны - .......... негізгі қорек көзі. 2. ............. неғұрлым ірі жануарлар 3. ............. мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. 4. Мұхиттағы тіршіліктің таралуына әсер ететін басты факторлар .......  

Бағалау критерийлері:

- мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын сипаттап береді;

- мұхиттағы тіршілік дүниесінің қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіреді;

- мұхитта тіршіліктің таралуына әсер ететін факторлардың маңызын нақты тұжырымдайды  

Құндылықтарды дарыту:

Мұхит суы мен тіршіліктерін қорғау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу Өз елінің қоршаған ортасын қорғау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастық ортасын қалыптастыру.  

АКТ-ны қолдану дағдылары:
Пәнаралық байланыс:

Биология /мұхиттағы тіршіліктің планктон, нектон, бентос, фитопланктон , зоопланктон таралуы, орналасуы терминдері байланысты/

Бастапқы білім:

 Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері тақырыбында алған білімдерін пайдаланады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(8 мин)

1. Сыныппен амандасу. Мұғалімнің кіріспе сөзі. /Сабаққа психологиялық көңіл-күй тренингі «Жүректен жүрекке»/ Топқа бөлу: «Мұхит жануарлары» суреттері арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды балық, теңіз жүлдызы, дельфин 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.  

5e4440a9e3583.png   5e4440b3c3257.png   5e4440c79fbe2.png

«Миға шабуыл» (Формасы: ұжымдық, Әдісі: жеке, Тәсілі: сұрақ-жауап) - Жер бетінде неше мұхит бар? - Ең мұзды мұхит? - Ең үлкен мұхит? - Жануарлар белдеулер арқылы қалай орналасқан? Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау.Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын. «Жарайсын, өте жақсы, қайталау керек» Тыңдалым Интербелсенді тақтадан «Мұхиттағы тіршілік» тақырыбында шағын бейнеролик көрсетіледі. -Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?  

Оқушылар жаңа тақырыпты ашуда өз ойларын айтады. Бейнеролик «Мұхиттағы тіршілік» https:// www.yotube.com/watch?v=tZNrjVwZxrU  

Сабақтың ортасы

(25 мин)

Жаңа сабақ. Оқушылардың әр түрлі деңгейлерін ескеру мақсатында саралап оқыту жүзеге асады. №1 тапсырма. Жеке жұмыс «Инсерт» әдісі бойынша мәтінді оқып шығыңыз. Оқылым Мәтін: «Мұхит тіршілік ортасы ретінде. Дүние жүзілік мұхит суында тіршіліктің туындауына, дамуына және өмір сүруге арналған барлық қажетті жағдайлар бар. Су - мұхиттағы осімдіктер мен жануарлар үшін мінсіз өмір сүру оратасы. Ол жарыкты өткізеді, құрамында оттегі және көптеген қажетті химиялық заттар мен қосылыстар бар. Мұндағы барлық тіршілік иесінің суда тіршілік ету жағдайы құрлықта тіршілік ететіндерге қарағанда әлдеқайда қолайлы: мүнда температураның күрт ауытқуы болмайды, мұхит суының жоғары тығыздығы кеністікте организмнің денесін жақсы көтеріп тұрады және оған құрлықта тіршілік ететіндер тәрізді күтпеген ауа апатының әсеріне қарсы тұра алатындай мықты қаңқа немесе тамыр керек емес. Сондықтан мұнда Жердегі ең ірі жануарлар мекен етуге қабілетті. Осыған орай мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлардың түр құрамы айтарлықтай көп. Мұхитта тіршілік ететін тірі организмдер төмендегідей түрлерге бөлінеді Планктон – тірі еркін жүзетін кішігірім организмдер, олар судың ағысына қарсы түруға қабілетсіз. Планктондарға фитопланктон мен зоопланктон жатады,әдетте олар кішкентай шаяндар мен балдырлар. Нектон – белсенді жүзетін организмдер. Нектондарға тірі организмдердің ең көп тобы жатады. Олар шын мәнінде балықтардың сүтқоректілердің және басқа да тіршілік иелерінің барлық түрлері; Бентос – мұхиттың терең түбінде тіршілік ететін тірі организмдердің жиынтығы.»  

Кестені толтырыңыз: V-Бұрыннан білемін +- Мен үшін жаңалық - Келіспеймін ?- Сұрақ пайда болды? Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау  

№2.тапсырма. Постер құру. Ротация. Қорғау. Жалпыға арналған тапсырма: Оқушылар жаңа білімге сай мәтінді қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді. 1-топ: планктон жануарларына сипаттама беру 2-топ: нектон жануарларына сипаттама беру 3-топ: бентос жануарларына сипаттама беру  

Калыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ»                 5e4441da85761.png

№ 3.тапсырма. Бүкіл сынып. «Артығы қайсы?» әдісі Сурет бойынша мұхитта тіршілік ететін ағзалардың топтарын анықтап артығын реттік нөмірі арқылы көрсетіңіз

1                                         2                                     3  

5e444214ad2d9.png 5e44422c370ab.png    5e44423ea5b45.png

Бағалау критерийі - мұхиттағы тіршілік дүниесінің ортақ белгілерін сипаттайды.





Дескриптор - Теңіз ағзаларының 1- ші тобының (А) атауын анықтап ондағы артық ағзаның реттік нөмірін көрсетеді. - Теңіз ағзаларының 2- ші тобының (Б) атауын анықтап ондағы артық ағзаның реттік нөмірін көрсетеді. - Теңіз ағзаларының 3- ші тобының (С) атауын анықтап ондағы артық ағзанының реттік нөмірін көрсетеді. Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» арқылы бірін бірі бағалайды  

      5e4442a81648e.png             5e4442b5c1044.png         5e4442c1d4f80.png

      Барлығы Жартылай Түсініксіз түсінікті түсінікті

№ 4 тапсырма. Жұппен жұмыс. 1, 2 тақырыптық суреттерді және Дүниежүзілік мұхиттың тұздылығы картасын пайдалана отырып, Дүниежүзілік мұхитта тіршіліктің таралуына әсер ететін факторлардың маңызын түсіндір  

5e444302db603.png                                              5e44431153456.png

1 – сурет. Дүниежүзілік мұхит суы қабаттарының жарықтану зонасы

2 – сурет. Дүниежүзілік мұхит суының тереңдікке байланысты температурасының өзгеру

Бағалау критерийі - мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуына әсер ететін факторды сипаттайды Дескриптор - Тіршілік үшін қажетті факторларды анықтайды - Тіршілік үшін қажетті факторлардың маңызын дәлелдейді Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»  

5e444140abba0.pngРесурстар


Сабақтың соңы

(7 мин)

 Қорытындылау . «Жалғасын тауып жаз» әдісі арқылы Оқушыларға сөйлемнің басы жазылған парақшалар таратылады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. - Планктон беткі ағыстармен бірге қозғалатын алуан түрлі ... - Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының ........ - Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін ........... - Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін ........ - Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы ....... - Дүниежүзілік мұхит суларындағы түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай ... Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ»    

5e4443d9a92c1.png         5e4443e486c25.png          5e4443f08a8df.png

Үйге тапсырма: «Дүниежүзілік мұхиттың тіршілік дүниесі» тақырыбында интернет ресурстардан мұхитағы ең ірі жануарлар туралы қызықты презентация дайындап келу «Білім қоржыны» кері байланыс  

5e44441ba5a11.png

Сөйлемнің басы жазылған парақшалар   


Кері байланыс парағы. Интербелсенді тақта  

Рефлексия

• Оқушылардың ойлау деңгейлері ескерілді;

• Тапсырмалар сараланды;

• Уақыт тиімді пайдаланылды;

• Өзара және мұғалім тарапынан қолдау болды;

• Оқу мақсаттары орындалды  

Пікірлер(0)