теңдеу
теңдеу
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы бiлугe тиiстi: Таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді іріктейді, шешеді. Көптeгeн оқушы бiлугe тиiстi: қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдеу құру үшін әріпті өрнектерді қолданады. Кeйбiр оқушы бiлугe тиiстi: қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады, дәлелдейді. |
| Тілдік мақсаттар: | Теңдеуді шешу, теңдеудің түбірі Пәнге тән лексика мен терминология: теңдеу, бөлік, бүтін, белгісіз қосылғыш, белгісіз азайғыш. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркесі:Таразының сол жақ, оң жақ табақшасындағы заттың массасын қалай білуге болады? |
| Күтілетін нәтиже: | |
| Бағалау критерийлері: | - таңдап алу тәсілі көмегімен теңдеуді шешеді. - қосу мен азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешімін табады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Ашықтық- дүкенде сауда жасаған кезде Еңбек пен шығармашылық- текшені пайдаланған кезде |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, видеотүсіндіру. |
| Пәнаралық байланыс: | Сауат ашу- термин сөздерді дұрыс пайдалану |
| Бастапқы білім: | Теңдік, теңсіздік, тура және тура емес теңсіздік, әріпті өрнек, санды өрнек. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (0-3минут) |
Зейінің шоғырландыру. «Дүкенде»ойыны М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О: еттартқыш аламын (оң қолымен ет тартқандағы қимылды көрсету) М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О:Доп (сол қолымен допты секіртудегі қимылды көрсету) М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О: велосипед (аяқтарымен велосипед тебудегі қимылды көрсетеді) М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О: не сатып аларымды білмей отырмын? (Басын оңға, солға қимылдату) М: біз не сатып алдық? О: Еттартқыш, доп, велосипед, белгісіз. М: 4+ х=5 бұл не деп ойлайсыздар, неліктен теңдеу ? Оқу мақсатынхабарлау .Теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізіндешешуді үйренеміз. Бағалау - Теңдеуді таңдап алу тәсілін қолданып, шығарған оқушыға х беріледі. - Теңдеуді қосу мен азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешкен оқушыларға у беріледі |
|
|
Сабақтың ортасы (3-35 мин) |
Теңдеу туралы видеотүсіндірмені қосу (Мт) Бүгінгі сабағымыздыбелгісіз қосылғыш, азайғыш пен азайтқышы бар теңдеу туралы білетін боламыз. Белгісізі бар теңдікті теңдеу деп атайды. Теңдеудегі белгісізді латын әріптерімен (х, у, а,в,с ) белгілейді. Мысалы: 5+х =8 Теңдеуді шешу дегеніміз- осы теңдіктегі белгісіздің мәнін табу. Белгісіз бөлікті табу үшін белгілі бөлікті бүтінге дейін толықтырып, қанша сан қосқаныңды санау керек болады. Үстел үстіне санды өрнек , әріпті өрнек, теңдеу жазылған карточкалар жатады . Содан оқушыларға теңдеуі бар карточкаларды алуын сұраймын. Х+3 =7, у- 6= 10, 9-с=5 оқушылар осы карточкаларды алып шыққан оқушылар х,у, сдеп топқа бөлемін. (Т) «Тізбектен не түсіп қалды» әдісімен жүргізіледі. Х тобына берілетін тапсырма:Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнің тап. 7+х=9, 20+у=50 Жауабы: х =2, х= 30 У тобына берілетін тапсырма:Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш 3кг+ х =8 кг Жауабы: 5 кг С тобына берілетін тапсырма: Теңдеу құр, мәнін тап. Аулада 10 балапан жүр еді. 6балапан қалған . Нешеуі жоқ? Жауабы: 10- х =6 х= 4 Дескриптор: - белгісіз бөлікті қояды. - мәнін табады - тексереді (Ұ):«Орындап көр»тапсырмасы 1. Бірінші ойыншы текшені лақтырады. 2. Ол текшеде түскен санды теңдіктегі бос торкөздің орнына қояды. + х = 10 3. Екінші ойыншы алынған теңдеуді шешеді. 1+х=10 4. Егер теңдеу дұрыс шешілсе, ойыншылар рөлдермен алмасады. Кері байланыс : «Кім көп жинады?» әдісімен жүргізіледі. (Ө) 1) Х-неге тең? Теңдік дұрыс болу үшін х- тің орнында қандай фигуралар тұруы тиіс? Олардың суреттерін сал. Жауабы: 1. 1 түймедағы және 1 қызғалдақ 2. 1 көңілді бейне, 1 көңілсіз бейне 3. 2 жұлдыз 4. 2 шаршы және 1 дөңгелек 5. 2 үшбұрыш Дескриптор: - суреттер мен оның санын сәйкестендіреді. -графикалық моделін ұсынады. -белгісіз х- тің мәнін таңдайды. -белгісіздің мәнін анықтап,суретін салады. 2) Теңдеуді шеш, х-тің мәні неге тең? Жауабы: а ) 3 кітап ә ) 5 алма б ) 2 гүл в ) 2 суықторғай Дескриптор: - х- тің мәнін табады. - Қосылған заттарды бояды. (Т) Диалог және қолдау саралауы «Мен сатушымын» көрініс көрсету Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:Таразымен өлшеп алатын азық- түліктерді ата. Дүкеннен тәтті сатып алуға келеді. Қанша тәтті алатынын айтады Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар: Қолдарындағы ақшаға тәтті сатып алады.100 тг,50тг. Аз қолдауды қажет ететін оқушылар: Сатушы болып таразыға керекті тәттіні өлшеп береді. Қалған ақшаны қайтарып береді. Дескриптор: - Азық -түлік түрлерін атап айтады. - Ақшаны дұрыс қолданады. - Дұрыс есептейді, қалған ақшаны қайтарады. Кері байланыс : «Кім көп жинады?» әдісімен жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау. Өздік жұмыс 1 -тапсырма:Теңдік, теңсіздік, теңдеулерді тауып сәйкестендір: Бағалау критерийі Дескриптор Теңдік сәйкестендіріледі Теңдікті табады, сәйкестендіреді Теңсіздік сәйкестендіріледі Теңсіздікті табады, сәйкестендіреді Теңдеулер сәйкестендіріледі Теңдеуді табады, сәйкестендіреді 2- тапсырма: Балдырғанға теңдікті, теңсіздікті тауып жазуға көмектесіңдер. Бағалау критерийі Дескриптор Тура теңдікті жазады Тура теңдіктерді анықтайды және тиісті бағанға жазады Тура емес теңдікті жазады Тура емес теңдіктерді ажыратады, тиісті бағанға жазады |
«Білім ландтан» видеотүсіндірме
Карточка текше таймер 39- жұмыс парағы. 41- бет 40- жұмыс парағы. 42- бет Таразы Тәттілер 100 теңге 50 теңге 1 кг кір ҚБ нұсқаулығы |
|
Сабақтың соңы (35-37мин) |
Рефлексияпирамидасы 4-3-2-1 Есімде сақтап қалатын бір нәрсе Есімде қалатын екі нәрсе Бүгінгі сабақтан үйренгенім үш нәрсе Мен бұрыннан білетін төрт нәрсе |
|
|
Рефлексия (37-40) |
Кері байланыс : «Кім көп жинады?» әдісімен жүргізіледі. - Теңдеуді таңдап алу тәсілін қолданып, шығарған оқушыға ( х)беріледі. - Теңдеуді қосу мен азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешкен оқушыларға ( у) беріледі. |
Пікірлер(0)