Ат-ер қанаты

Досанова Алтынай Азимжановна
Досанова Алтынай Азимжановна
СҚО
Петропавл
Бостандыкская СШ
Әдебиеттік оқу
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Өнер
Тақырып:

Ат-ер қанаты

13.02.2020
49
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

Көпшілік оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды

Кейбір оқушылар: шығарма кейіпкеріне хат жазады

Тілдік мақсаттар: Атқа міну, ұлттық ойын
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

Көпшілік оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды

Кейбір оқушылар: шығарма кейіпкеріне хат жазады

Бағалау критерийлері:
• Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды

• Шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды

• Шығарманың кейіпкеріне хат жазады

Құндылықтарды дарыту: Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта,үнтаспа
Пәнаралық байланыс:  Өз ойын білдіруде сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыру арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.
Бастапқы білім: Кейіпкерге баға бере алады, көркем сөздерді қолданады,сұраққа жауап береді

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Топқа бөлу: 1.Ат-ердің қанаты. 2.Жылқы-малдың патшасы. 3.Жылқының сүті-шекер, еті-бал. 4.Жүйрік атқа жел қамшы. Ширату тапсырмасы: Үнтаспадан «Тұлпарым»әнін тыңдау Бірге шырқау

Сабақтың ортасы

Автормен танысу Қастек Баянбай 1936 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Талдыбұлақ ауылында туған. «Балаларға базарлық», «Тәтті сабақ», «Асар» және т.б өлең жинақтарының авторы. 1-тапсырма (Ж,Т) Түсіну Қастек Баянбай «Атқа міндім» өлеңі «Стоп кадр» әдісі Оқушыларға өлең таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы өлеңді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады. Өлеңді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады. Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады. Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. ҚБ «Бір- бірін бағалау» Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды 2-тапсырма Қолдану (Т) «Оқиғалар желісі» әдісі. Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады.Оқушылар оқиға желісін ретімен орналастырады. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. ҚБ «Смайликтер» 3-тапсырма (Ө,Т) Талдау «Дөңгелек үстел» әдісі Алғаш атқа мінген балаға хат жаз. Сөйлем саны топ мүшелерінің санына қарай шектеулі, мысалы, топта 5 оқушы болса хат тек 5 сөйлемнен құралуы керек. Топ мүшелерінің біріншісі хаттың алғашқы сөйлемін жазып, жанындағы оқушыға береді, ол оқушы хаттың екінші сөйлемін жазып келесі оқушыға береді, ол оқушы да үшінші сөйлемін жазып келесіне береді. Осылайша топ мүшелері бірінің жазғанын бірі толықтырып ортақ 1 хат жазып шығады Саралау: Кейіпкерге хат жазу бағалау арқылы саралау жүргізіледі. Барлығына бірдей кейіпкерге хат жазу деген тапсырма беріледі ҚБ «Қол шапалақтау» Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау 4-тапсырма (Т) Жинақтау Жырдың мазмұны бойынша қандай сурет салауға болатыныны оқушылардан сұралады. Оқушылар топта бірлесіп сурет салады. «Галереяға шарлау» әдісі бойынша топтардың жұмысын аралап қарайды, салған сурет бойынша сұрақтарын стикерге жазады. Сұрақтар: -Баланың алғаш атқа мінгенін өлеңнің қай шумақтарынан аңғардың? -Алғаш атқа мінген бала қандай сезімде болады? -Бала аттан қорыққанын неге сездіргісі келмеді? Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.Барлық оқушылар бағаланады ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны Бір тілек-Жақсартуға болады

Сабақтың соңы

«Үш көмекші» әдісі 1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады. 2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады). 3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады). 4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

Рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Пікірлер(0)