Музыка – табиғи өнер
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Тақырып:
Музыка – табиғи өнер
13.02.2020
35
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 7.4.3.1. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоцияналды мәнін, көркемдік ерекшелігін салыстыра талдау, түсініп қолдану. |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар • Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды;

Көптеген оқушылар • Фразеологизм, мақал-мәтелдердің, синонимдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;

Кейбір оқушылар • Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

Тілдік мақсаттар: | Пән лексикасы және терминология: домбыра, өнер, күй, құдірет, күйші, әуен, музыкалық аспаптар |
Күтілетін нәтиже: |
Барлық оқушылар • Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды;

Көптеген оқушылар • Фразеологизм, мақал-мәтелдердің, синонимдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;

Кейбір оқушылар • Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

Бағалау критерийлері: |
• Мәтіндегі интонация мен кідірісті анықтайды.

•Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

Құндылықтарды дарыту: | Тыныс белгілер, эмоционалды сөздер, кідіріс, еліктеуіш сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері |
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық

Ынтымақтастық Жауапты азаматтық ұстаным

Пәнаралық байланыс: | Музыка, тарих, әдебиет |
Бастапқы білім: | Тыныс белгілер, эмоционалды сөздер, кідіріс, еліктеуіш сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |

Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - сабақ мақсатымен таныстыру.

Сергіту сәті: Көтеріңкі көңіл-күй орнату және ынтымақтастық атмосфераны орнату үшін: «Көңілді балалар» жаттығуын өткізу

Топқа бөлу: Оқушыларды домбыра (сувинер) арқылы топқа бөлу

Сабақтың ортасы |
С. Тыңдалым тапсырма. Оқушыларға сабақтың тақырыбын болжатуға бірнеше суреттер ұсынылады. Үнтаспа тыңдату: Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйі. Адай күйі Ой шақырту сұрақтарын қояды: Балалар, сендер қандай күй тыңдадыңдар? Сазгердің домбырада ойнаған күйі сендерге қалай әсер етті? Араларыңда домбыра ойнайтын оқушылар бар ма? Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақ тақырыбын болжайды. Музыка өнері сөзжұмбақ Оқушылар пікірлері тыңдалады. Білу. Түсіну. А) Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. Ә) Тыңдалым. Диалог құру Музыка нені бейнелейді? Музыканы адам не үшін тыңдайды? Музыка сөзіне синонимдер жазу Талдау және қолдану. Топтар қағаз қиындыларындағы тұрақты тіркестерді суырады. Өз топтарында негізгі білдіретін мағынасын талдайды, сұрақтарға жауап береді. Сұрақ: 1. Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? 2. Тұрақты сөз тіркестерін қолданудың маңызы неде? Тұрақы сөз тіркестері: 1-топқа көзді ашып-жұмғанша — лезде қас пен көздің арасында – шапшаң қабырғаңмен кеңес — ойлан Он саусағынан өнер тамған - өнерлі Алақанның аясындай – тар жер Бес аспап – өнерлі 2-топқа Бес саусақтай білу – жетік білу Еңсесі құру – сағыну Қанды балақ – озбыр Қара жаяу емес – құр алақан емес Қас қарайғанда – кешқұрым Құрығы ұзын – билігі күшті Дәптермен жұмыс Топтар тұрақты тіркестерді жазып алады, өзі қалаған 3 тұрақты тіркеске сөйлем құрайды. Кері байланыс Топ ішінде бір-бірінің жұмысын тексеріп, тұрақты тіркестің көркемдік ерекшелігі мен орынды қолданылуына назар аударады. 2-тапсырма 1-топ Музыкалық туындылар орындалатын ұжым – оркестр. «Оркестр» деп бір музыкалық туындыны түрлі аспаптарда қатар ойнайтын музыканттар тобын айтамыз. Оркестрдің өте үлкен түрі «Симфониялық оркестр» деп аталады. Симфониялық оркестрдің құрамында ішекті, үрмелі, соқпалы музыкалық аспаптар болады. Ол классикадан бастап, поп музыкаға дейінгі барлық әуендерді орындайды. Ішекті аспаптардың барлығы оркестрдің алдына орналастырылады. Бас, соқпалы және үрмелі аспаптар артқы қатарда тұрады. Мөлшері жағынан ішекті аспаптар үлкен болады. Концерттерде күйсандық (фортепиано), скрипка немесе виоленчель сияқты дара аспаптар оркестрмен сүйемелденеді. 2-топ «Гамелан» деп аталатын Индонезия оркестрінде 75-ке жуық аспап қамтылған. Симфониялық оркестрде көбінесе батыс классикалық музыкасы немесе опера орындалады. Симфония – 3 немесе 4 түрлі бөліктен тұратын музыкалық жанр. Опера музыка жанрына жатады. Оркестр ойнап тұрған музыкаға қосылып ән шырқауды «опера дейміз». Музыканың бұл жанры 1600 жылдар шамасында Италияда дүниеге келген. Операны орындайтын басты кейіпкерлер белгілі бір драмалық шығармадағы кейіпкерлердің рөліне еніп, көрерменге солардың сезімін, көңіл күйін жеткізеді. Операда би өнері де жиі қолданылады. Әсіресе Францияда операда ән мен би қатар жүреді. Операның кей түрлерінде ауызекі сөйлесу түрі – диалог те қолданылады. Сергіту сәті. Қима қағаздар. Берген қима қағаздарды қолданып, оқушылар суретті тауып шығады? | |
Сабақтың соңы |

Ризамын-

Ойланамын-

Түзетемін -

Рефлексия |

Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Пікірлер(0)