Баға. Сан. Құн. Ұлттық кәдесыйлар дүкенінде

Ишниязова Айжан Издашевна
Ишниязова Айжан Издашевна
Ақтобе
Шубаркудык
СШ им. Ж.Кереева
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Көбейту және бөлу. Есептер
Тақырып:

Баға. Сан. Құн. Ұлттық кәдесыйлар дүкенінде

13.02.2020
269
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):  2.5.1.2.есептерді шығару барысында «баға», «мөлшер», «құн» өзара тәуелділігін пайдалану;
Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың барлығы орындай алады: есептер шығару барысында амалдармен жұмыс жасай алады, баға, сан, құн туралы түсінеді. Оқушылардың көбісі орындай алады: баға, сан, құн арасындағы тәуелділіктерді пайдалана алады. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Өз ойларын жеткізе алады, түпкі ойды дәлелдемелер келтіре отырып айтып береді.  
Тілдік мақсаттар:  Монета, купюр, банкнот.
Күтілетін нәтиже: Заттардың бағасына, санына қарап құнын анықтай аламын;  Көрсетілген соманы ұсақтауды және жинақтауды білемін  Монеталарды ажырата алады, баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті пайдалана отырып, яғни әртүрлі амалдар арқылы есептер шығара алады.    
Бағалау критерийлері:  Монеталарды ажырата алады, баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті пайдалана отырып, яғни әртүрлі амалдар арқылы есептер шығара алады. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады
Құндылықтарды дарыту: қазақ халқының салт-дәстүрлнрін,өз тарихын білуге деген құштарлықтарын ояту
АКТ-ны қолдану дағдылары: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, музыка
Бастапқы білім: Теңге.Монета және қағаз ақша

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

 Ынтымақтастық атмосферасын орнату Қонақтарды әрдайым Ізетпен қарсы аламыз. Маңыз беріп оқимыз Математика сабағын Күшімізді саламыз Терең білім аламыз! -Жарайсыңдар! Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Анауу бұрышта «Кәдесыйлар» дүкені ашылыпты. Кәдесый-қандай да бір маңызды оқиғадан немесе басқа елдерде болғанда естелік үшін тарту етілетін немесе әкелінетін сәндік зат Сол дүкенге «Керемет жүргізуші» ойыны арқылы жетіп алайық. Ал балалар, дүкеннен қалаған кәдесыйларыңды алсаңдар болады. Топтастыру Кәдесыйдың бағасы бойынша топтасып отырамыз. Жаңа сабаққа бастама жасау. «Миға шабуыл» Біз дүкенге бардық, кәдесый алдық, енді нені ұмыттық? -Дұрыс айтасыңдар ақшасын төлемедік. -Топен қанша зат сатып алдық? -Ақшаны төлеу үшін не істеуіміз керек? -Бағасын білуіміз керек -Әр заттың бағасы қанша теңгеден? -Дүкеншіге қанша теңге төлейміз? -Дұрыс айтасыңдар, яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Баға. Сан. Құн» деп аталады. Ендеше бүгінгі сабағымызда қандай мақсатқа жетеміз деп ойлайсыңдар? Мақсаты:  Заттардың бағасына, санына қарап құнын анықтай аламын;  Көрсетілген соманы ұсақтауды және жинақтауды білемін  Монеталарды ажырата алады, баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті пайдалана отырып, яғни әртүрлі амалдар арқылы есептер шығара алады. Жаңа сабақ (видео-слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін)    https://www.youtube.com/watch?v=oyJgzC44aKA&t=6s

Сабақтың ортасы

&nbsp; Топтық жұмыс «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі Дискриптор: 1.Тауартың санын анықтайды-1; 2.Тауардың бағасын анықтайды-1; 3.Тауардың құнын анықтайды-1; ҚБ:(Т) «Монета» әдісі Топтық жұмысты бағалау критерийлері: 1.Тауартың санын таба алды; 2.Тауардың бағасын таба алды; 3.Тауардың құнын таба алды; 4.Уақытты тиімді пайдаланды; 5.Топпен бірлесе жұмыс жасады. 5 балл – 1000 тг, 4 балл – 500 тг, 3 балл – 200 тг Топтар бір-бірін бағалайды. Дәптермен жұмыс Есепті шығар, шешуін тап Айдананың 50 теңгесі болды. Ол 10 теңгеге сағыз сатып алды. Қанша теңгесі қалды? Болғаны-50 тг Сағыз-10 тг Қалды-? Шешуі: 50-10=40 Жауабы:40 теңге қалды. Карточкамен жұмыс Сергіту сәті «Теңге» Біресе алға, біресе кейін Айналады, айналады біздің ақша Қолмен шапалақтаймыз Аяқпен тоқылдаймыз Иықты қозғаймыз Ал енді секіреміз Комбинаторлық тапсырмалар Бірінші топ 1000 теңгені ұсақтап, мүмкін нұсқаларын жаз Екінші топ 500 теңгені ұсақтап, мүмкін нұсқаларын жаз Үшінші топ 200 теңгені ұсақтап, мүмкін нұсқаларын жаз Шығармашылық тапсырма Әр топқа заттардың санын, бағасын,құнын табуға арналған есептер шығару&nbsp;&nbsp; <p>&nbsp;https://www.youtube.com/watch?v=S0cqNXx6kUY&amp;list=PLF4rDASdJg1</p><p>us9yqvhr_7KQOhU0426orl&amp;index=4</p>

Сабақтың соңы

&nbsp; Кері байланыс -Балалар, үйде ақшаны кім табады? -Дұрыс айтасыңдар, сондықтан ақшаны үнемдеп жұмсап, артылған ақшаны жинай білуіміз керек. Қаржылай сауатты болуымыз қажет. Ендеше, бүгінгі жинақтаған білімімізді «Үй кассасы» әдісі арқылы қорытындылаймыз. Ол үшін сабақ басында қойылған бағалау критерийі арқылы кері байланыс жасаймыз.&nbsp;&nbsp;

Рефлексия

&nbsp;Білдім, түсіндім менің сұрағым бар көмек қаже

Файлдар:

Файлды ару Баға. Сан. Құн. Ұлттық кәдесыйлар дүкенінде
Файлды ару Баға. Сан. Құн. Ұлттық кәдесыйлар дүкенінде

Пікірлер(0)