Графикалық редактордың құрал жабдықтары
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Компьютерлік суреттер (ортақ тақырып: «Сәулет»)
Тақырып:
Графикалық редактордың құрал жабдықтары
14.02.2020
45
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру; 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану; 3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау |
Сабақтың мақсаты: | • компьютерлік программамен жұмыс істеу дағдыларын және білімдерін жаңарту; • графикалық редактордың құрал жабдықтарымен таңыстыру; • компьютер құрылғыларымен жұмыс жасаған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. |
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар... • компьютерлік сурет салатын программаның қажеттілігін түсіндіріп бере алады; • бейне құрастыратын іс әрекеттің тізбегін сипаттап бере алады; • әртүрлі мамандықтардың өкілдері компьютерлік сурет жасау программалардың қолданысын талқылайды

Пәндік лексика және терминалогия: Графикалық редактор, құю, болдырмау, бөлуп алу, жылжыту, бояу түстері, фигуралар, құрал жабдықтар, өшіргіш, мәтін, мөлдірлік, масштаб, қылқалам стилі, баптау. Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер: • Суретті компьютер арқылы салған дұрыс, себебі … • Суреттер … тұрады. • Сурет түгелімен боялып кетті себебі... • Суреттке мәтінді ... керек • Қылқаламның стилін өзгерту үшін

Күтілетін нәтиже: | Оқушылар геометриялық фигуралардан ғимараттың аппликациясын орындайды. |
Бағалау критерийлері: | Материалды меңгеру деңгейін бағалау мұғалімнің түсініктемесі арқылы, материалдарды бекіту кезінде жүзеге асырылады. Постерді көрсете отырып, оқушылар алынған ақпаратты талқылап, өнімділікті өзара бағалау арқылы бағалау мүмкіндігіне ие. |
Құндылықтарды дарыту: | Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
Пәнаралық байланыс: | Пәнаралық байланыс «Дүниетану» пәнімен байланысады. «Сәулетші» түсінігімен сурет арқылы танысады. |
Бастапқы білім: |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру кезені Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру. 2. Білімді жүйелеу Мұғалім ғимараттың 2 бейнесі көрсетеді, оның біреуі компьютерде жасалып, принтерде басылған (мысалы, үйдін жоспары), екіншісі бояулар арқылы салынған (мысалы, үйдін сыртқы келбеті). Мәселе тудыратын сұрақ қою Суреттердің айрмашылығы қандай? Оқушылар екі суретті салыстыра бастайды. Талқылай отырып суреттердің айырмашылығын табады. Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдай отырып айырмашылықтарды тақтаға жазып отырады. 3. Мақсатты тұжырымдау - Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтын тақырыбы қандай? - Сабақтын мақсаты қандай? Мұғалім сабақтың тақырыбын тұжырымдауға көмек көрсетеді. Сабақ мақсаты мен сабақ тақырыбын табу қиындық тудырса, сүйемелі сұрақтар қояды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдап болған соң, мұғалім оқу мақсатымен таныстырып бағалау критерийлерін тұжырымдауға ұсыныс білдіреді. | |
Сабақтың ортасы |
4. Білімді жүйелеу 1 тапсырма Программаның атқаратын қізметімен сәйкестендір. Мәтінді өңдеп, пішімдеуге арналған Дыбысты жазып өңдеуге арналған Дыбысты ойнатуға арналған 5. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру. Жаңа тақырыптағы алғашқы меңгеруге бейне қоданып көрсетеді. Оқушылар он-лайн ресурсымен жұмыс жасайды: https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-redaktorda-zhumys-isteu-tasilderi Материалды түсіндіргеннен кейін мұғалім графикалық сызбалармен жұмыс істеу үшін енгізу және шығару құрылғыларын еске түсіруді ұсынады. Тапсырма: Суреттерді көре алатын және сурет салатын шығару құрылғылары (монитор, принтер) мен енгізу құрылғыларын (тінтуір, стилус) атаңыз. Жұптасып жұмыс жасау Оқушылар геометриялық фигуралардан ғимараттың аппликациясын орындайды. Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM «Көңілді күн» Топтық жұмыс Оқушылардаң геометриалық фигураларды қолданып ғимараттын апликациясын салуын ұсыныңыз. Алдын ала түрлі түсті қағаздан жасалған фигуралар топтамасын, желім және А3 парақшасын дайындап қойыңыз. Фигуралар графикалық редактордың құрал жабдықтар жолағындағы фигуралар секілді болуы тиіс. Жұмыс арнап құралды қалай таңдап алу қажет екенің көрсетіңіз. Фигураларды жылжытуға болатыныңы назар аударыңыз. 5. Практикалық жұмыс 1 Тапсырма: Компьютер алдында жұмыс жасаған кезде орындалатын 2 қауіпсіздік ережесін тұжырымдаңыз. 2 Тапсырма:графикалық редактордың құрал жабдықтарымен танысып олардың қолданысын сипаттап беріңіз. Құрал жабдық атауы қолданысы 2* Тапсырма: келесі суретті салу үшін қандай құрал жабдықтар қолданылғаның анықтаңыз. | |
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау Сабақтың мақсаты қандай болды? Біз мақсатымызға жеттік пе? | |
Рефлексия |

Рефлексия «Қолмен сигналдар» техникасы «Табыс баспалдағы» әдісін қолданып табысқа жетелейтін әр қадамды бағалап беріңіз

Файлдар:
Файлды ару
Графикалық редактордың құрал жабдықтары
Пікірлер(0)