Жер сфералары дегеніміз не?

Утеубаева Гульжат Майлыбаевна
Утеубаева Гульжат Майлыбаевна
Ақтөбе
Кеңесту
Кенестуская ОШ
Жаратылыстану
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Жер және Ғарыш. Жер. Ғарыш Кеңістік және уақыт
Тақырып:

Жер сфералары дегеніміз не?

14.02.2020
32
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді. Көптеген оқушылар: жердің қандай қабықтары болатынын білесің. Кейбір оқушылар: жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.  
Тілдік мақсаттар: Пәнге тән лексика мен терминология: Сфералар, биосфера, литосфера, гидросфера, атмосфера. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жер сфералары неден құрылған?  
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: жер сфераларын  және графиктік кескіндейді. Жердің қандай қабықтары болатынын біледі. Жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.  
Бағалау критерийлері: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді. жердің қандай қабықтары болатынын білесің. жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды.  
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Пәнаралық байланыс: Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.
Бастапқы білім: Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды. Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен қазақпын!» биі (Ұ) «Сиқырлы қапшық» Қапшыққа салынған саны бірдей қызыл,сары,жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын. Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін: 1-топ: «Мергендер» (қызыл түсті) 2-топ: « Ептілер » (сары түсті) 3-топ: « Жүйріктер» (жасыл түсті) Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Еркін талқылау» Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін.  Адамдар егін шаруашылығымен не үшін айналысады?  Қазіргі егін шаруашылығын бұрынғы егін шаруашылығымен салыстырады. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау  

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. «Жеміс себеті» Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Оқушылар берілген ресурс бойынша түсінгендерін айтып шығады. Жер сфералары неден құрылған? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Дескриптор: жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеуді үйренеді. жердің қандай қабықтары болатынын білесің. жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды. ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау Зертте. Жұмысты топта ұйымдастырыңыз. Ол үшін әр топқа пазл жиынтығын бөліп беріңіз. Зерттеу жұмыстарын бастамас бұрын оқушыларға Жер қабаттарының атаулары грек сөздерінен шыққанын айтып беріңіз. Зерттеу жұмысын орындау үшін оқушыларға әр қабатта орналасқан нысандар мен пазлдарда жа- зылған сөздер арасындағы ортақ белгілерді табу керек. Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай отырып, оқушылар олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындай алады. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық: • Пазлдарды қабаттардың грекше атаулары олардың орысша аудармасымен сәйкес болатындай етіп жинау. • Әр топтың жұмыс нәтижелерін салыстыру, талқылау, мұғалім ұсынған нәтижемен салыстыру. • Қабаттардың грекше атаулары, «сфера» сөзі жазылған пазлдар мен бос пазлды қосу. Бос (таза) пазлда пиктограмма суретін салу. • Тақтаға пиктограммаларды орналастырып, олардың әрқайсысы неге солай салынғанын түсіндіру. Зерттеуді орындай отырып, оқушылар қабаттардың аттары әр қабаттың нысандарына тән ортақ белгілер- ден шыққанын түсінеді. Пиктограммаларды құру әр қабатта не орналасқанын есте сақтауға мүмкіндік береді  

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. «Плюс, минус, қызықты» Плюс Минус Қызықты Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері Ұнамады, түсініксіз болып қалды Барлық деректер мен әдістер қызықты (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.  

Рефлексия

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Білім ағашы» Білім ағашына жапырақтар ілу Түсіндім –жасыл жапырақ, сұрағым бар- көк жапырақ, түсінбедім – қызыл жапырақ.  

Пікірлер(0)