Трапеция ауданы

Қайырбай Еламан Сәлімжан
Қайырбай Еламан Сәлімжан
Ақтөбе обылысы
Қалмақтықырған
Кенестуская ОШ
Геометрия
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Фигураның ауданы
Тақырып:

Трапеция ауданы

14.02.2020
533
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 8.1.3.13 трапеция ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
Сабақтың мақсаты: • Трапецияның ауданының формулаларын білу; • Трапеция ауданының формулаларын қорытып шығару; • Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдану.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: - трапеция ауданының формулаларын ауызша және жазбаша сипаттайды; трапеция ауданының формулаларын есеп шығару барысында қолдануды түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика және терминология: Трапеция, трапецияның биіктігі, трапецияның табандары, трапецияның диагональдері, трапецияның ауданы, трапецияның орта сызығы, трапецияның бүйір қабырғасы, тікбұрышты трапеция, тең бүйірлі трапеция. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу үшін... Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу үшін... Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу үшін... Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу үшін...
Күтілетін нәтиже:
• Трапецияның ауданының формулаларын біледі

; •Трапеция ауданының формулаларын қорытып шығарады;

•Трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері: Оқушы  трапецияның ауданының формулаларын біледі;  трапеция ауданының формулаларын қорытып шығарады;  трапеция ауданының формулаларын есептер шығаруда қолданады.
Құндылықтарды дарыту: Бұл сабақ академиялық адалдық, бірлік және командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Слайд Билим ланд
Пәнаралық байланыс: Архитектурамен байланыс, ғимарат моделін жасау барысында трапеция моделі қолданылады.
Бастапқы білім: Оқушылар төртбұрыштар түрлерімен және олардың кейбірінің аудандарын есептейтін формулалармен таныс. Оқушылар төртбұрыштардың аудандарын есептей алады. Трапецияның түрлері.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(13)

I. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.

II. Өткен материалды қайталау. Мұғалім оқушылармен жаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті ұғымдарды қайталайды. Мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды ұсынады: Сәйкес формулаларды жаз: Сұрақтарға жауап бер:

1) Трапеция дегеніміз не?

2) Трапецияның табаны дегеніміз не?

III. Сабақ мақсатын қою. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Презентация Слайд 1-7

Сабақтың ортасы

(20)

Жаңа тақырыпты меңгеру. Мұғалім оқушыларға келесі формулаларды көрсетеді: Трапецияның ауданын оның табандары мен биіктігі арқылы табу; Трапецияның ауданын оның биіктігі мен орта сызығы арқылы табу; Трапецияның ауданын оның диагональдері және олардың арасындағы бұрышы арқылы табу; Трапецияның ауданын оның төрт қабырғасы арқылы табу. Содан соң оқушылармен бірлесіп алғашқы екі формуланы дәлелдейді. 1) , мұндағы AD және BC трапецияның табандары, ал BH - биіктігі. Дәлелдеуі: BD диагоналін жүргізіп, ABD және CDB үшбұрыштардың аудандарын анықтаймыз: , мұндағы DP – сыртқы биіктігі. Бұл теңдікті және BH және DP биіктіктері тең екенін ескере отырып: жақша сыртына шығарайық. Дәлелденді.   Презентация Слайд 8-9

Сабақтың соңы

(5)

Мұғалім сабақ мақсатына қайта оралып, олардың жетістік деңгейін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау мақсатында төмендегі сөйлемдер толықтырылады:
Презентация Слайд 10-11  Стикерлер

Рефлексия

(2)

Рефлексия

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен түсіндім …

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Презентация Слайд 12 Стикерлер

Пікірлер(0)