Мемлекеттік тіл – менің тілім

Байнакова Салтанат Абусеитовна
Байнакова Салтанат Абусеитовна
Актобе
Актобе
СШ №2
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді білу – үлкен өнер.
Тақырып:

Мемлекеттік тіл – менің тілім

14.02.2020
60
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау, презентация түрінде ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша мәліметтер жинақтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жинақталған мәліметтерді жүйелеп, презентация жасай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Презентацияны қорғай алады.   
Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Төте жазу, руна жазуы, әліпби  
Күтілетін нәтиже: Мәтінде көтерілген мәселені талдап, негізгі ойды анықтайды.
Бағалау критерийлері: 1. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды. 2. Мәліметтерді жүйелеп, презентация жасайды.  
Құндылықтарды дарыту: Мәңгілік ел идеясыныңқұндылықтарының бірі - тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Сұрақ-жауап, постер қорғау, графикалық органайзер, РАПТ 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Бастапқы білім: «Қазақ тілі – қандай тіл?» тақырыбына сұрақтар беріледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

1. Оқушылармен амандасу. 2. Психологиялық ахуал тудыру. («Мен сізге тілеймін...» оқушылар шеңбер құрып, рет бойынша бір-біріне жақсы тілектерін айтады) 3. Топқа бөлу (қазақ тілінің төл дыбыстарымен «ә,ө,і» деп 3 топқа бөлемін) 4. Үй тапсырмасын «Қазақ тілі – қандай тіл?» тақырыбына ашық/жабық сұрақтар қою арқылы сұраймын. • Біз қай тілде сөйлейміз? • Біздің елімізде қай тілдер кеңінен таралған? • Қазақ тілі – қандай тіл? • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы- ұлтқа қарамастан қазақ тілін үйрену Осыдан кейін өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстырамын. «БББ» кестесі (білемін, білгім келеді, білдім,) кестесін таратып беремін.  

Сабақтың ортасы

Мемлекеттік тіл – менің тілім Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Қазақ әліпбиі 4 рет ауысты. Олар: Көне түркілік руна жазуы, араб графикасы, төте жазу, латын әліпбиі. Қазіргі қазақ әліпбиі 1940 жылы енгізілді. Ол- кириллица. Қазақ әліпбиінде 42 әріп, 9 қазақ тілінің төл дыбыстары бар. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай, сөздік қоры мол тіл. Қазақ тілінің сөздігі 166 000 сөзден тұрады. 1-тапсырма. Мәтін алды. Мәтінді түсініп оқып, мәліметтерді жүйелеңдер (мәтін таратып беремін)лексикалы0 Мәтін кезі Жинақталған мәліметтерді кестеге салып жазыңдар(«Торлы диаграмма» кестесін толтырады.) «Торлы диаграмма» Мәтін соңы Презентация дайындап, қорғаңдар (презентация қорғап, сұрақтарға жауап береді). Дескриптор. 1.1.Мәтінді түсініп оқи алады. 1.2.Мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды. 2.1. Жинақталған мәліметтерді жүйелейді. 2.2 Презентация жасай алады. 2.3. Презентацияны қорғай алады.  

Сабақтың соңы

Қорытындылау. Бүгін біз нені үйрендік? Не ұнады? Не сәтті болды? Не сәтсіз болды? Кері байланыс

Рефлексия

рефлексия. Чемодан, қоқыс жәшігі, мясуровка

Пікірлер(0)