Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Т/А4.Негізгі ойды анықтау. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар • шығарманың негізгі ойын анықтайды; Көптеген оқушылар • шығарманың негізгі ойын ашатын мысалдарды келтіреді(ол үшін шығарма мазмұнына детальді үңілуі тиіс); Кейбір оқушылар • сабақ барысында талданған ақпараттарды мысал ретінде қолдана отырып, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері мен шығарманың негізгі ойын байланыстыра алады; |
| Тілдік мақсаттар: | Пән лексикасы және терминология: Қашаған - мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: «Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда» «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» |
| Бағалау критерийлері: | • шығарманың негізгі ойын анықтайды, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері мен негізгі ойын байланыстырады; • әдеби көркемдегіш тәсілдерді ажырата алады |
| Құндылықтарды дарыту: | Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды. |
| Пәнаралық байланыс: | Тарих, этнопедагогика |
| Бастапқы білім: | Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (10 мин) |
Ұйымдастыру бөлімі. Тыңдалымалды тапсырма. Сыныпқа М.Әуелбекованың орындауындағы «Домбыра туралы баллада» әні тыңдауға ұсынылады. Оқушылар тыңдай отырып, ән мазмұны бойынша нақты ақпараттық сөйлемдер жазып алуы тиіс (Мысалы: «Қазақтың қанында да күй ойнайды», «Домбыра-бабаларымыздың мұңы», «Домбыра-даланың үні», «Домбыра қуанышта да, қайғыда да үнсіз қалып көрмеген/Ата-бабаларымыз қуанышын да, қайғысын да домбырамен бөліскен» т.б.). Жекелеген оқушылар қандай сөйлемдер жазып алғандары туралы сыныппен бөліседі. Мұғалім сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау мақсатында сөйлем мазмұнына қатысты жетелеуші/ой қозғау сұрақтарын қояды. Сабақ тақырыбын болжауға әкеледі. (Әннің мәтінін ұсына отырып, бірге орындауға болады) Жетелеуші сұрақтар қойылады: - Өзің ол туралы не ойлайсың? - Сен оны ... қалай түсінесің? - ... қатысты не айтар едің? - Сабақтағы әңгімеміздің тақырыбы не туралы болуы мүмкін? - Тақырыпқа қатысты не айтар едің? т.б. |
|
|
Сабақтың ортасы (20 мин) |
Тыңдалым тапсырмасы. Т Мұғалім сыныпты 4 адамнан тұратын топтарға бөледі. І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің аудионұсқасы ұсынылады. Аудиомәтін бойынша топтарға төрт түрлі тапсырма беріледі. Оқушылар келісе отырып, тапсырмаларды орындайды және қорытынды жауаптарын сыныпқа таныстырады. 1-тапсырма: Өлең оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына көңіл бөле отырып, өлең оқушының дауыс ырғағы мен мәтіннің негізгі ойын байланыстырып көріңіз. 2-тапсырма: Ақын домбыраның үні қаншалықты сан алуан, күшті екенін қалай бере алған? Ақын бейнелеуінен мысалдар келтіріңіз. 3-тапсырма: «Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда» және «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» деген өлең жолдарының мағынасын ашыңыз. 4-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдай отырып,шығармадан тілдік қолданысқа жаңа сөздер мен сөз тіркестерін ұсыныңыз Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Ж Оқушылар мұғалім ұсынған тапсырманы алып, тыңдалым мәтіні бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтарға өз беттерімен жауап береді. 1-тапсырма. Қажетті сөзді жазыңыз. «Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта » Қажеттісөздер: сарқыра, аруана, домбыра |
|
|
Сабақтың соңы (7 мин) |
Бағалау критерийі Бағалау дескрипторы: Шығарманың негізгі ойын анықтайды негізгі ойын байланыстырады Шығарманың негізгі идеясын ажыратады; Шығармадағы детальды ақпараттарды талдайды; Шығармадағы детальды ақпараттарға мысал келтіреді. Шығарманың негізгі идеясын ажыратады; |
|
|
Рефлексия (2 мин) |
Жетелеуші сұрақтар: - Неге дәл осындай мағыналық құрылымдарға бөлдіңіз? - Сіздің сыныптастарыңыз қандай мәліметті сәтті қолданды немесе нені назардан тыс қалдырды деп ойлайсыз? - Шығарма оқырманға қалай әсер етеді? Оқырман қандай шешімге келуі тиіс деп ойлайсыз? т.б. |
Пікірлер(0)