Дыбыстың шағылуы деген не?

Аюпова Гүлнара Едресовна
Аюпова Гүлнара Едресовна
СҚО
Петропавл
Бостандыкская СШ
Жаратылыстану
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Табиғат физикасы
Тақырып:

Дыбыстың шағылуы деген не?

14.02.2020
37
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

4.5.2.2 жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну  

Сабақтың мақсаты:

белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы

-мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру

-зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау

-себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу  

Тілдік мақсаттар:

Тілдік дағдылар: -жаңғырық -дыбыстың шағылуы

Терминология: дыбыстың шағылуы,жаңғырық

Сөз тіркестері: Талқылау сұрақтары: Дыбыс деген не? Дыбыс қалай таралады?    

Күтілетін нәтиже:

белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы

-мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру

-зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау  

Бағалау критерийлері:

-дыбыстар қандай болатынын біледі;

- қатты және бәсең дыбыстар қай жерде қажет екенін білетін болады  

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интернет-ресурстар, дерек қордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану

Бастапқы білім:

Көлеңке және оның өзгеруі 

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Біз бақытты баламыз Ойнап күліп аламыз Жетілсін деп санамыз Оқып білім аламыз Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Зымыран сұрақтар»

-Көлеңке қалай пайда болады?

-Оның өлшемі қалай өзгереді?

-Көлеңкенің өлшемі неге тәуелді?

ҚБ: тамаша, жарайсың! Оқу мақсатын таныстыру

4.5.2.2 жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну  

Сабақтың ортасы

Оқушылар дыбыстың шағылуы деген не деп ойлайсыңдар? Топтық жұмыс:

 Суретпен жұмыс -Негеш пен Эврика қайда жүр?

-Негеш не істеп тұр деп ойлайсың?

-Суреттегі сызықтар нені білдіреді?

-Балалар қандай дыбыстарды естулері мүмкін? (МК)Суретпен жұмыс Оқушыларға музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, атауын сұрау. -Балалар, мына аспап қалай аталады?

-Кім домбырада ойнай алады?

-Мынау қай аспап?

-Оны қай жерде көрдіңдер?

-Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Шертпелі аспаптар, үрмелі аспаптар, ішекті аспаптар және ...... /оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Дескрипторы: -Негеш пен Эвриканың қайда жүргенін анықтай алады;

-дыбыстың шығуын түсіндіре алады;

Оқылым Дыбыстың шағылуынан пайда болған құбылыс жаңғырық деп аталады.Дыбыс толқыны да жарық сәулесі сияқты шағылады.Дыбыс алдында тұрған кедергіден шағылып,кері қайтады. Жұптық жұмыс Зертте Қажетті құрал-жабдықтар: ұялы телефон,шұңғыл ыдыс,сағат,шелек Дескриптор -суреттегі құбылыстарды анықтайды; -Шағылған дыбысты естиді;

ҚБ: «үш шапалақ» Дәптермен жұмыс Түсіндір. Шәйнектердің қайсысының дыбысы қайнағанда қатты шығады.Су толтырған шәйнектің бе,суы орта шәйнектің бе?Неліктен ?Ойыңды түсіндір. Дескриптор -суреттерге қарап,дыбыстың шығуын анықтайды; Ойлан. Орманда адасып кеткен адамның тұрған орнын дауысына қарап анықтау қиын.Неліктен? Әр түрлі жауап күтіледі. Сен білесің бе? Кемелерде судың тереңдігін өлшейтін арнайы құрылғы-эхолот қолданылады.Құрылғы су түбіне дыбыс жіберіп,оның шағылып қайтқан уақытын есептеу арқылы тереңдікті анықтайды  

Сабақтың соңы

«От шашу» кері байланыс.

Үйге тапсырмасы.12 -13- бет оқу,әңгімелеу  

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкілуақытішіндеүлгердімбе?

Мен өзжоспарымақандайтүзетулеренгіздімжәненеліктен?  

Пікірлер(0)