Электр тогының жұмысы мен қуаты
Электр тогының жұмысы мен қуаты
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 8.4.2.12.-жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: • Электр тогының жұмысы мен қуатына түсінік бере отырып, формулаларын қорытып шығарады Басым бөлігі үшін: • Жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолданады Кейбір оқушылар үшін: • Тәжірибе арқылы тұрмыстық құрылғылардың шығынын есептейді. |
Тілдік мақсаттар: | Физикалық шамаға ауызша және жазбаша сипаттама бере алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Жұмыс, қуат,1Вт, 1Дж; Диалог үшін пайдалы сөзтіркестері Электр тогының жұмысын сипаттау үшін ... Қуатты табу үшін ... |
Күтілетін нәтиже: | Электр тогының жұмыс мен қуатын практикада қолдана алады |
Бағалау критерийлері: | -Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын біледі; -Формуласын есептер шығаруда қолдана алады; -Тәжірибе арқылы тұрмыстық құрылғыларды электр шығынын есептеп , салыстырады. |
Құндылықтарды дарыту: | Еңбек өнімділігін арттыруда, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында. Энергетикада қуатты құрылғыларды қолдану арқылы жұмыстан ұтыс алуға үйрету. Тұрмыстық техника сатып алуда алған білімдерін қолдануға баулу. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интерактивті тақта |
Пәнаралық байланыс: | Математика-есептер шығаруда амалдар қолдану. Информатика-ақпарат алу. Биология-адам организміндегі бұлшық ет жұмыстары. Дене шынықтыру-буын, бұлшық ет жұмыстары. |
Бастапқы білім: | Ток күші,кернеу,кедергі,өткізгіштерді жалғау тәсілдері ұғымын біледі,мағынасын түсінеді. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (10 мин) | «Ой қозғау»әдісі Тұрмыста қандай құрылғыларды қолданамыз? (оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, шаңсорғыш, кір машинасы, үтік т.с.с) Топқа бөлу: «Тұрмыстық құрылғылар» арқылы топқа бөлінеді. Суретте шаңсорғыш, үтік, кір машинасы бейнеленген Ширату жаттығуы:«Сәйкестендіру» кестесі Физикалық шамалар Атауы Формуласы Өлшем бірлігі Ом заңы I=q/t Вт Ток күші U=A/q А Қуат I=U/R В Кернеу P=A/t А «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды | |
Сабақтың ортасы (25 мин) | Тапсырма-1. «Кластер» әдіс бойынша ассоциация береді Тапсырма-2.«Айналмалы бекет» әдісі арқылы есептер беріледі. 1-есеп:Қуаты 25 Вт токтың 10 минут ішінде жасайтын жұмысын табыңдар? 2-есеп:Электрлік құралда 5 А ток күші 45 минут уақыт ішінде 162 кДж жұмыс жасайды.Осы құралдың кедергісін табыңдар? 3-есеп:Жүк шығырын айналдыратын электрқоз-ғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады. 4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромо- тордың қуатын табыңдар? Тапсырма-3 .« Физикалық эстафата» 3.1. 1-шамның кедергісі мен қуатын,2-шамдағы ток күші мен қуатты және 3-шамдағы ток күші мен кедергіні есептеңдер. 3.2.Кейбір электр аспаптарының қуаты бойынша 30 минут ішінде істейтін жұмысын табыңдар. Бағалау критерийі Дескриптор -қысымның формуласына есептер шығарады; -есептің шартын жазады; -формуланы түрлендіріп қолдана алады; -есептеулер жүргізе алады. Кері байланыс: «Рефлекция» («Білімағашы» ) Бағалау парағы A.Т.Ә Мaғынaны тaну Тoптық жұмыc Жұптық жұмыc Aшық cұpaқтap Жaлпы ұпaйы 1 oқушы 2 oқушы 3 oқушы 4 oқушы | |
Сабақтың соңы (3 мин) | Қорытындылау. Үйге тапсырма: - Жаттығу № 20 ▲ (177 бет) - Есте сақтаңдар! (Жаттау) - Эксперименттік тапсырма (177 бет) | |
Рефлексия (2 мин) | Кері байланыс: «Рефлекция» («Білім ағашы» ) Бағалау парағы A.Т.Ә Мaғынaны тaну Тoптық жұмыc Жұптық жұмыc Aшық cұpaқтap Жaлпы ұпaйы 1 oқушы 2 oқушы 3 oқушы 4 oқушы |
Пікірлер(0)