Санды өрнектерді салыстыру

CАТАЕВА ГУЛЬНАРА ЕСЕНТАЕВНА
CАТАЕВА ГУЛЬНАРА ЕСЕНТАЕВНА
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Жансен Кереев атындағы орта мектеп
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Тақырып:

Санды өрнектерді салыстыру

14.02.2020
416
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):  1.2.1.4 қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін əріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a, a-0=a 1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін/ цифрларды /белгісіз санның символын қолдану    
Сабақтың мақсаты:  Барлық оқушылар жасай алады: Әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады. Көптеген оқушылар:Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды біледі. Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана алады.  
Тілдік мақсаттар:  Барлық оқушылар жасай алады: Әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады. Көптеген оқушылар:Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды біледі. Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана алады.  
Күтілетін нәтиже: Санды өрнекті салыстыра білу керек. Нәтижесін табу
Бағалау критерийлері:  Әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады.Санға 0-ді қосу және азайту жағдайларын әріпті өрнек түрінде көрсетеді
Құндылықтарды дарыту:  Жауапкершілікке, жан-жануарға қамқор болу.
АКТ-ны қолдану дағдылары:  Бейнежазба
Пәнаралық байланыс:  Дүниетану,көркем еңбек
Бастапқы білім:  Салыстыруды біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

 Шаттық шеңбері Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Ширату: 1 таңбалы сандардан 2 таңбалы сан құрау. Сол 2 таңбалы сандарды салыстыру. 2 таңбалы сандардан санды теңсіздіктер құрау. Алғашқы болған 5 оқушыға от шашу жасау.  

Сабақтың ортасы

 Санды өрнектерді салыстырғанда олардың мәндерін салыстырамыз. Санды өрнектердің мәндері бірдей болса ,олар өзара тең болады. 10+5=20-5 15=15 Ал өрнек мәндері тең болмаса не артық, не кем болады 8+3 < 10+2 11<12 .Топпен жұмыс: «Хайуанаттар дүкенінде». Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар,¬ аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.( «Жұлдыз» дүкені) Оқулықпен жұмыс:Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыру. Жауабы: 1-топ:3 + 4 = 2 + 5; 2-топ:6 + 6 > 8 + 3; 3-топ:4 + 4 < 2 + 8. Топ бірін –бірі бағалайды.Жұптық жұмыс:Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Жауабы: 1)18 + 1 < 13+7; 2)7 + 10> 10 + 2; 3)50 + 40 = 40 + 50; 5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10; 2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10. Оқушыларды өзім смайликпен мадақтаймын. Жеке жұмыс:Кім тапқыр?. Оқушылармен құпия цифрлар туралы әңгімелесу. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай цифрленетінін айтыңыз. Бірдей суреттерде¬ бірдей сандар цифрленгенін ескертіңіз. Оқушыларға¬ құпия цифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыныңыз. Жауабы: а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4; Дескриптор: • сандар, шамалар мен санды өрнектер арасындағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді.  

Сабақтың соңы

 «Серпілген сауал» әдісі — Әріпті өрнектегі әріптің мәні қалай аталады? — а + 0 = а өрнегіндегі әріп қандай мәнге ие болады? Ал а – 0 = а өрнегінде ше? Неліктен? — 7 + b өрнегінде b әрпі қандай мағына береді? — 7 – b өрнегінде ше? — 7 – b әріпті өрнегінің сан мәнін қалай табуға болады? 

Рефлексия

 Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» бойынша өзін- өзі бағалайды.    

Файлдар:

Файлды ару Санды өрнектерді салыстыру

Пікірлер(0)