«Зар заман» толғауы – дәуір шындығы
Қазақ әдебиеті
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Тақырып:
«Зар заман» толғауы – дәуір шындығы
15.02.2020
39
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау (7.А/И2) |
Сабақтың мақсаты: | Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын тыңдалым/айтылым материалдарына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, еркін жеткізе алады. |
Күтілетін нәтиже: | Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Бағалау критерийлері: | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Құндылықтарды дарыту: | Жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет; Топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық

АКТ-ны қолдану дағдылары: | АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (Экранпроектор) |
Пәнаралық байланыс: | Музыка, қазақ тілі |
Бастапқы білім: | «Мына заман, қай заман?» |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (5 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
| http://bilimland.kz/kk |
Сабақтың ортасы (15 минут) |
Білу және түсіну.Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Жариялау» әдісі.(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Қолдану .Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.Зар Заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе «Зар Заман ақындары» деп атайды. Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған. Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. «Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады. Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды. Мынау ақыр заманда Алуан, алуан Жан шықты Арам, араз хан шықты Қайыры жоқ бай шықты Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады. Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады Мұның өзі зар заман Зарлығының белгісі Ұл сыйламас атасын…. Қазы, болыс, хан қойды Некесіз туған шатасын… Сол заманның кезінде Қыз сыйламас шешесін Ер жеттім деп шаштасып… Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді. Заман қайтіп оңалсын… Байлар ұрлық қылады Көзіне малы көрінбей Билер жейді Параны Сақтап қойған сүрідей Сол себепті: Заманның түрі бұзылды Текеметтің түріндей Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді. Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
| http://bilimland.kz/kk |
Сабақтың соңы (15 минут) |
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі . Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.1. Оқушының аты-жөні 2.«Жариялау» әдісі 3.«Салыстыру кестесі» 4.«Ыстық орындық» орындық әдісі 5. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі 6.Балл. «Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
| http://bilimland.kz/kk |
Рефлексия (5 минут) |
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды? Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?Сабақта қандай қиындықтар туындады?Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? Оқушы тыңдалым материалын АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып көреді.Оқушы қоршаған ортаның бір бөлігі екенін сезіне отыра, оған деген өз жауапкершілігін сезінеді.
| http://bilimland.kz/kk |
Пікірлер(0)